«Coca‑Cola Белестерi» жобасының жеңімпазы Жанар Жаксыбергенова жеке брендін жасап, тәжірибемен алмасу мақсатында АҚШ-қа барып қайтты

Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған «Coca‑Cola Белестерi» жобасына қатысуының арқасында, Жанар Жаксыбергенова  АҚШ-қа бару мүмкіндігіне ие болды. Жанар Қазақстандық әйел кәсіпкерлері делегациясының құрамында Вашингтон, Нью-Йорк, Детройт, Линкольн және Лас-Вегасқа барды.

29/08/2023

«Coca‑Cola Белестерi» жобасының басты мақсаты – түрлі себептермен тұрақты табыссыз қалған әйелдер арасында жұмыспен қамтуды арттыру және кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқыту арқылы жұмыс орындарын ашу, әрі Қазақстанның ауылдары мен қалаларындағы әйелдердің ең керемет бастамаларын жеке бизнес ашуға грант бөлу арқылы ынталандыру болып табылады. Жыл сайынғы бизнес-идеялар байқауының жеңімпаздарына тегін қаржыландыру беріледі. Байқауға өз ісін ашуды немесе дамытуды жоспарлаған Қазақстанның әрбір кәмелетке толған қыз-келіншектері  қатыса алады. Қатысу шарты https://ccb.kz/ сайтындағы жоба аясында оқуды сәтті аяқтау болып табылады. 

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасының бастамашылары - Coca‑Cola компаниясы, The Coca‑Cola Foundation халықаралық қайырымдылық қоры, «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры және  «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ. Ағымдағы жылда олар Қазақстандағы USAID-пен ынтымақтастық орнатуға келісті, оның көмегімен, республикамыздың төрт аймағында  «Coca‑Cola Belesteri» жобасының аясында кәсіпкерлік және ұжымдық бизнесті ұйымдастыру бойынша тренингтер өткізілді. 

Жанар Жаксыбергенова жобаға қатысу және берілген қаржыландырудың арқасында «Asau» спорттық киімі жеке брендін дамыта алғандардың бірі болды.  «Coca‑Cola Белестерi» байқауында Жанарға жетістікке жетуіне 1) бейіндік білімі (ол – тігу өндірісінің конструктор-технологы), 2) мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі және 3) өзінің ісін дамытуға шексіз ұмтылысы көмектесті. Ісін бастап келе жатқан іскер әйел бағдарламаға қатыспас бұрын, отбасылық жиған қаржысына тігін машинкасын, маталарды сатып алып, пәтеріндегі бір бөлмені жабдықтап, жұмысқа кіріскен. 

«Ата-бабаларымыздың тарихы ұлттық нақыштағы спорттық стилде замануи, ыңғайлы әрі әдемі демалыс киім топтамаларын тігуге шабыттандырады. Дизайнды өңдеу барысында, Жетісудың жартастық өнерінің бірегей көне ескерткіші болып табылатын Таңбалы жерінің петроглифтерінен шабыт аламын. Бизнесті бір жыл жүргізгеннен кейін оны кеңейту туралы ой келіп, мүмкіндіктерді іздей бастадым. Осылайша, «Coca‑Cola Белестерi» жобасы туралы білдім. Бизнес негіздері бойынша оқуды аяқтап, байқауға қатысуға өтінім бердім. Өкінішке орай, бірінші ретте жеңбедім. «Asau» брендінің спорттық стилдегі киімдер өндірісі» атты бизнес-жобамды түбегейлі дайындап, 2022 жылы бағымды тағы да сынап көрейін деп шештім, осы рет – қолымнан келді!»,- дейді Жанар Жаксыбергенова. 

Өзінің шағын бизнесін дамытудағы жетістіктері үшін Жанар «International Visitors Leadership Program» кәсіби тәжірибемен алмасу бағдарламасы аясында АҚШ-қа үш апталық сапармен шақырылды, ол жерде американдық әйел кәсіпкерлерімен кездесіп, өзінің бизнес-тәжірибесін байытты. «Coca‑Cola Белестері» жобасы оған бизнес армандарын іске асыру үшін білім мен мүмкіндіктер беріп қана қоймай, сонымен қатар, өзіне деген сенімін нығайтты.