Coca‑Cola тұтынушыларының құпиялық саясатына қош келдіңіз

Coca‑Cola компаниясы мен оның еншілес тұлғалары (бәрі бірге — «Coca‑Cola» немесе «біз») сіздің құпиялық бойынша құқығыңызға байыппен қарайды. Біз сіздің өз жеке ақпаратыңызды бізге сеніп тапсырғаныңызды жоғары бағалаймыз, сіздің құпиялығыңызды құрметтеу сізбен арамыздағы қарым-қатынастың негізі болып табылады.

Coca‑Cola компаниясы жеке ақпаратты мына принциптер негізінде өңдейді:

  • Мөлдірлік
  • Құрмет
  • Сенім
  • Әділдік

Күшіне ену күні: 01/07/2024 жыл

Coca‑Cola тұтынушыларының құпиялық саясаты («Құпиялық саясаты») Coca‑Cola компаниясы басқаратын веб-сайттардың, мобильді қолданбалардың («Қолданбалар»), виджеттер мен басқа да онлайн және офлайн қызметтердің (бәрі бірге — «Қызметтер») пайдаланушыларынан не олар туралы жинайтын жеке ақпаратты және сол жеке ақпаратты қалай пайдаланатынымызды және қорғайтынымызды сипаттайды. Сондай-ақ бұл Құпиялық саясатында пайдаланушылардың өз жеке ақпаратына қатысты қалай таңдау жасай алатыны түсіндіріледі.

Бұл Құпиялық саясатындағы «жеке ақпарат» (кейде кейбір заңдар бойынша «жеке деректер» деп аталады) дегеніміз — жеке адамды анықтайтын немесе анықтау үшін пайдалануға болатын ақпарат. Яғни, жеке ақпарат тікелей идентификаторларды (мысалы, аты-жөні) және жанама идентификаторларды (компьютер немесе мобильді құрылғы идентификаторы және IP мекенжайы сияқты) қамтиды. «Сіз» немесе «пайдаланушы» сөздері Қызметтердің қандай да бірін пайдаланатын адамды білдіреді. «Контроллер» сөзі сізден немесе сіз туралы қандай жеке ақпарат жиналатынын және бұл жеке ақпараттың қалай пайдаланылып, қорғалатынын анықтайтын тұлғаны немесе ұйымды білдіреді.

Сіздің жеке ақпаратыңызды қалай жинайтынымыз, пайдаланатынымыз және қорғайтынымыз біз жұмыс істейтін жерлердегі заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл әртүрлі жерлерде әртүрлі тәжірибелеріміз болуы мүмкін дегенді білдіреді. Толығырақ ақпарат алу үшін, Құпиялық құқықтары мен таңдаулары бөлімін қараңыз, онда кейбір негізгі юрисдикциялардағы сіздің құқықтарыңыз бен біздің міндеттеріміздің толығырақ сипаттамалары мен кімге хабарласу керектігі көрсетілген.

COCA-COLA КОМПАНИЯСЫНЫҢ СІЗДІҢ ЖЕКЕ АҚПАРАТЫҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ӨҢДЕЙТІНІ ТУРАЛЫ СҰРАҚТАРЫҢЫЗ БОЛСА, PRIVACY@COCA-COLA.COM МЕКЕНЖАЙЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.

БҰЛ ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫНДА НЕ БАР?

Бұл Құпиялық саясаты келесі бөлімдерге бөлінген:

1. БҰЛ ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ҚАШАН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

Бұл Құпиялық саясаты 2024 жылы 01/07/2024 жаңа пайдаланушылар үшін жарияланып, күшіне енді.

Coca‑Cola құпиялық саясаттарының алдыңғы нұсқалары 11/07/2024

дейін жарамды және оларды privacy@coca-cola.com мекенжайына сұрау жебіру арқылы алуға болады.

2. БҰЛ ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ҚАЙДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

Бұл Құпиялық саясаты осы Құпиялық саясаты жарияланған не оған сілтеме жасалған Қызметтердің пайдаланушыларынан жиналған жеке ақпаратқа, Қызметтерде осы Құпиялық саясатына арнайы түрде сілтеме жасалғанда немесе Coca‑Cola сізден оны растауды сұрағанда қолданылады. Сондай-ақ бұл Құпиялық саясаты, мысалы, жеке іс-шара кезінде бізбен электрондық пошта не телефон арқылы және офлайн түрде байланысатын тұтынушылардан біз жинайтын жеке ақпаратты қамтиды.

Бұл Құпиялық саясаты әлеуметтік желі арқылы бізбен байланысатын тұтынушылардың бізге берген жеке ақпаратына да қолданылуы мүмкін. Бұл Құпиялық саясатының әлеуметтік желімен байланысты қандай да бір нақты жеке ақпаратқа қатысты болып-болмағаны туралы сұрақтарыңыз болса, privacy@coca-cola.com мекенжайы бойынша бізге хабарласыңыз.

Бұл Құпиялық саясаты басқа ұйымдар басқаратын веб-сайттарға және басқа онлайн қызметтерге қолданылмайды. Ол басқа веб-сайттар мен қызметтер бұл Құпиялық саясатына емес, өздерінің құпиялық саясаттарына сәйкес жұмыс істейді. Ақпаратыңыздың қалай өңделетінін білу үшін сол құпиялық саясаттарын тексеріңіз.

3. COCA-COLA ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІН ЖӘНЕ НЕЛІКТЕН ЖИНАЙДЫ?

a. Сіз бізге беруді таңдаған ақпарат

Біз сіз бізбен бөлісуді таңдайтын жеке ақпаратты жинаймыз.

Сіз бізге беруді таңдайтын жеке ақпарат әдетте келесі жеке ақпарат түрлерін қамтиды. Coca‑Cola компаниясы жинайтын жеке ақпарат санаттары және олардың не үшін жиналатыны туралы көбірек білу үшін төменде қарап шығыңыз:

Байланыс және тіркелгі ақпараты

Coca‑Cola компаниясы Қызметтерде тіркелгі жасау үшін атыңыз бен тегіңізді, электрондық пошта мекенжайыңызды және/немесе ұялы телефон нөміріңізді және туған күніңізді сұрайды. Сондай-ақ біз төмендегі мақсаттарда пайдаланушы аты мен құпиясөзді, жасты, пошталық мекенжайды, үкімет берген идентификаторды және ұқсас байланыс ақпаратын жинай аламыз.

  • Егер сіз онлайн тіркелгі жасауды таңдасаңыз, оны жүргізу
  • Жеке басын және белгілі бір Қызметтерге жарамдылығын тексеру
  • Қызметтер тәжірибесін теңшеу
  • Эксклюзивті контентке, жеңілдіктерге және басқа да мүмкіндіктерге қолжетімділікті ұсыну
  • Ұтыс ойындарын, конкурс немесе басқа да промоакцияларды не бейілділік бағдарламасын басқару
  • Сатып алуды аяқтау және өнімдерді жеткізу
  • Кейде тіркелгіңізбен байланысты ақпарат негізінде жекелендірілетін және сізді қызықтырады деп ойлайтын ақпаратты жіберу үшін
  • Сіздің пікіріңізді сұрау үшін, мысалы, жаңа өнім туралы сауалнама арқылы
  • Сұрақтарыңызға жауап беру және тұтынушыларға қызмет көрсету
  • Зерттеулер мен инновациялар үшін
  • Coca‑Cola компаниясы демеушілік ететін не ұйымдастырған іс-шаралар немесе өнім үлгісін сынау сияқты жеке іс-шараға қатысқанда

Пайдаланушы жасаған мазмұн (UGC)

Coca‑Cola сіз Қызметтер арқылы жіберуді таңдаған жарияланымдарды, аңғартпаларды, пікірлерді, дауыстық жазбаларды, фотосуреттер мен бейнелерді жинайды

  • Онлайн қауымдастықтарды бақылау
  • Сауалнамалардағы, тұтынушыларға қызмет көрсету сұрауларындағы және басқа да еркін форматтағы мәтін ұяшықтары сияқты аңғартпаларыңыз бен пікірлеріңізді жазып алып, солар бойынша әрекет ету
  • Пайдаланушы жасаған мазмұн жіберуді қамтитын промоакцияларға қатысуыңызды басқару
  • Coca‑Cola компаниясының арнайы промоакцияларына немесе смарт салқындатқыштары сияқты басқа да қызметтеріне қатысуға байланысты.

Сіз бөлісуді таңдаған фотосуреттер, дауыстық жазбалар және бейнелер кейбір заңдарға сәйкес биометриялық деректерді қамтуы мүмкін. Coca‑Cola компаниясы биометриялық деректерді тек сіздің арнайы келісіміңізбен жинайды.

Әлеуметтік желі платформасындағы қандай да бір тіркелгімен байланысты ақпарат

Қызметтерге Facebook және Twitter сияқты әлеуметтік желі тіркелгісі арқылы қосылғанда немесе оған кіргенде, біз әлеуметтік желі платформасы рұқсат еткен жеке ақпаратты және профиль фотосуреті, электрондық пошта, ұнату және қызығушылықтар мен достар, жазылушылар немесе ұқсас тізімдер сияқты тіркелгі рұқсаттарын жинаймыз.

  • Қызметтер тәжірибесін жекелендіру үшін
  • Әлеуметтік желі платформасында жарияланған аңғартпаларыңыз бен сұрауларыңызға жауап беру және тұтынушылардың Coca‑Cola компаниясына қалай қарайтынын жақсырақ түсіну мақсатында Coca‑Cola компаниясымен жазысқан не Coca‑Cola туралы хабарламаларды (мысалы, твиттерді немесе жарияланымдарды) талдау

(Кейінірек бізге әлеуметтік желідегі тіркелгіңіздің ақпаратын бергіңіз келмесе, әлеуметтік желідегі тіркелгіңіздің құпиялық параметрлерін реттеңіз.)

Орын деректері

Мобильді құрылғыңыздың операциялық жүйесі арқылы рұқсат беруді таңдаған кезде және қажет болған жағдайда сіздің келісіміңізбен Қолданбаларымыз арқылы рұқсат етілген кезде нақты географиялық орын (мысалы, GPS) деректерін жинаймыз.

Қызметтерді пайдаланған кезде IP мекенжайынан немесе WiFi, Bluetooth не сымсыз желі қосылымдарынан алынған жуықталған орын автоматты түрде жиналады.

Біз бұл орын деректерін келесі мақсаттарда жинаймыз:

  • Қызметтер тәжірибесін теңшеу үшін
  • Сіздің маңайыңыздағы өнімдер, промоакциялар немесе іс-шаралар қолжетімді болғанда сізге хабарлау немесе сіз рұқсат беруді таңдаған кезде басқа пайдаланушыларға сіздің орналасқан жеріңізді көруге мүмкіндік беру
  • Жарнамаларды географиялық деректер бойынша жіберу

Қызметтер арқылы бөлісілетін өзге жеке ақпарат

Біз жинаймыз

  • Өзіміздің онлайн қауымдастықтарымызды басқару үшін
  • Промоакцияларды және Қызметтердің сіздің жеке ақпаратыңызды бөлісуге мүмкіндік беретін өзге функцияларын басқару

b. Қолданбаларымыздың пайдаланылуы туралы ақпарат

Сіз біздің Қолданбаларымыздың бірін жүктеп алып, орнатқан кезде біз жинайтын ақпарат сіздің мобильді құрылғыңыздың операциялық жүйесі мен рұқсаттарына байланысты болады. Біздің Қолданбаларымыз жұмыс істеу үшін мобильді құрылғыдағы белгілі бір мүмкіндіктер мен деректерді пайдалануы керек болады. Мысалы, қолданбаны еш кедергісіз онлайн режимде пайдалануды қаласаңыз, веб-браузеріңізден ақпаратты жинап, байланыстыруымыз керек.

Қандай да бір қолданба жинайтын нақты бір ақпарат туралы толығырақ білу үшін құрылғы параметрлерін тексеріңіз немесе Қолданбаны жүктеп алған белгілі бір платформадағы (мысалы, Google Play және App Store) қолжетімді рұқсаттар туралы ақпаратты қарап шығыңыз. Сондай-ақ белгілі бір Қолданбалар белгілі бір деректердің жиналу күйін Қолданба параметрлерінде тексеруге немесе өзгертуге мүмкіндік береді. Егер параметрлерді өзгертсеңіз, белгілі бір Қолданба мүмкіндіктері дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Барлық ақпараттың Қолданба арқылы жиналуын тоқтату үшін, Қолданбаны жойыңыз.

c.Қызметтерді пайдалану кезінде автоматты түрде жиналатын ақпарат

Біз Қызметтердің пайдаланылуы туралы белгілі бір ақпаратты пайдаланушылардың компьютерлері мен мобильді құрылғыларынан автоматты түрде жинаймыз. Кейбір автоматты түрде жиналатын ақпарат белгілі бір заңдар бойынша жеке ақпарат болып табылады. Бұл ақпарат cookie файлдары, пиксельдер, веб-маяктар және ұқсас деректерді жинау технологиясы (бәрі бірге — «деректерді жинау технологиясы») көмегімен автоматты түрде жиналады.

Біз автоматты түрде жинайтын ақпаратқа мыналар жатады:

  • құрылғы түрі мен сәйкестендіру нөмірі, браузер түрі, интернет провайдері, ұялы желі және операциялық жүйе сияқты компьютер немесе мобильді құрылғы туралы ақпарат
  • IP мекенжайы және кең географиялық орны (мысалы, ел немесе қала деңгейіндегі орын)
  • қандай да бір компьютердің не мобильді құрылғының Қызметтермен қалай өзара әрекеттесетіні, соның ішінде Қызметтерге қай күні және қай уақытта кірілді, іздеу сұраулары мен нәтижелері, тінтуірді басу саны мен оның қозғалыстары, кірілген белгілі бір веб-беттер, басылған сілтемелер және қаралған бейнелер
  • трафик және пайдалану өлшемдері
  • Қызметтермен өзара әрекеттесуден бұрын кірілген үшінші тарап сайттары не қызметтері туралы деректер, олар жарнамаларды пайдаланушылар үшін өзектірек ету үшін пайдаланылады
  • Coca‑Cola электрондық поштасының ашылып-ашылмағаны және қашан ашылғаны сияқты маркетингтік коммуникацияларымызбен өзара әрекеттесу

d. Үшінші тараптардан жиналатын ақпарат

Біз үшінші тараптардан пайдаланушыларымыз туралы көбірек білу, пайдаланушы тәжірибесін жекелендіру және Қызметтерді тиімдірек ілгерілету және жақсарту үшін пайдаланатын жеке ақпаратты ауық-ауық жинап тұрамыз.

Біз үшінші тұлғалардан алатын жеке ақпарат түрлері:

  • Сатып алуға байланысты жеке ақпарат. Төлем картасымен сатып алуды үшінші тараптық төлем жүйелері өңдейді. Coca‑Cola толық банктік шот нөмірлеріне, несие картасы нөмірлеріне немесе дебеттік карта нөмірлеріне қол жеткізе алмайды.
  • Маркетингтік қызмет провайдерлерінен коммерциялық түрде қолжетімді болған немесе науқандар мен іс-шаралар арқылы маркетингтік серіктестер жинайтын жеке ақпарат, ол Coca‑Cola туралы көбірек білгісі келетін адамдарды анықтау және бізде бар жеке ақпаратты толықтыруға көмектесу үшін пайдаланылады. Бұл жеке ақпарат біздің псевдонимделген деректер жиынын үшінші тараптардың псевдонимделген деректер жиынымен, соның ішінде деректерді тазарту бөлмелері арқылы сәйкестендіру нәтижесінде алынған ақпаратты қамтиды (сонымен қатар төмендегі 4-бөлімді қараңыз).
  • Біз үшінші тараптық жарнама серіктестерінен алатын және өзектірек жарнамаларды қамтамасыз етуімізге көмектесетін жеке ақпарат
  • Бөтелкелерге құю жөніндегі серіктестер тарапынан Coca‑Cola компаниясымен бөлісілетін жеке ақпарат
  • Жалпыға қолжетімді көздерден алынған жеке ақпарат
  • Құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік мекемелерден алынған жеке ақпарат (бірақ сирек жағдайларда ғана)

Біз Coca‑Cola компаниясында сіз туралы бар болған ақпарат пен үшінші тараптық дерек көздерінен алынған деректерді біріктіре аламыз. Біз әрбір үшінші тараптық дерек провайдерінен Coca‑Cola компаниясымен жеке ақпаратты бөлісуінің тұтынушыларға ашық және өзге жағдайларда заңды екенін растауын талап етеміз.

e.Сіздің келісіміңізбен жиналатын басқа ақпарат

Жаңа іс-шараларға қатыса, эксклюзивті мазмұнды ала немесе жаңа мүмкіндіктерді сынай алуыңыз үшін сізден жеке ақпараттың нақты түрлерін жинауға келісім сұрауымыз мүмкін. Кейбір құпиялық заңдарына сәйкес, Coca‑Cola жеке ақпаратты жинау және пайдалану алдында келісім алуы керек. Мәліметтерді 9-бөлімнен.

4. COCA-COLA ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАДЫ?

Coca‑Cola компаниясы жеке ақпаратты Қызметтерді қамтамасыз ету және жақсарту, бизнесімізді басқару, пайдаланушыларды қорғау және заңды құқықтарымызды пайдалану үшін қолданады.

Біз жеке ақпаратты Қызметтерді қамтамасыз ету, жекелендіру және жақсарту үшін пайдаланамыз (әрбір жағдайда қолданыстағы заңмен рұқсат етілгендей), соның ішінде:

  • Пайдаланушылардың тіркелгілерін жасау және жаңарту және пайдаланушы сұрауларын орындау үшін
  • Біздің атымыздан үшінші тарап басқаратын дерекқорда тұтынушылардың жеке ақпаратын орталықтандыру және үшінші тұлғалардан жиналған ақпаратты қосу
  • Пайдаланушыларға маркетингтік және маркетингтік емес хабарламаларды жіберу
  • Пайдаланушылар арасында, мысалы онлайн қауымдастықта коммуникацияларды іске қосу
  • Біздің жарнама жөніндегі серіктестеріміздің жарнамалары мен cookie файлдарын (кейбірі геоорынға негізделген) қамтитын веб-сайттарға кіру сияқты пайдаланушылардың онлайн әрекетінен құрылған ақпаратқа негізделген мақсатты жарнамалар үшін (сондай-ақ «жекелендірілген немесе қызығушылыққа негізделген жарнамалар» деп те аталады).
  • Пайдаланушыларымыз туралы көбірек білу үшін, солайша біз белгілі бір пайдаланушыларды қызықтыратын мазмұнды ұсына аламыз
    • Атап айтқанда, біз «деректерді тазалау бөлмелеріне» қатысу арқылы пайдаланушылар туралы ақпаратты дамытамыз. Деректерді тазалау бөлмесі арқылы біз сұрауларды орындаймыз және қатысатын үшінші тараптар ұсынатын деректерден нәтижелер мен ақпаратты шығарамыз. Деректерді тазалау бөлмелерінде пайдаланылатын деректер жеке ақпаратты тікелей ашпайтын пішімде басқа компаниялар мен қатысушылар тарапынан бөлісіледі; оның орнына, сәйкестендірмес бұрын, идентификатор жасалып, Coca‑Cola-ның псевдонимделген жеке ақпараты мен үшінші тараптық деректер жиынын сәйкестендіру үшін пайдаланылады. (Жеке ақпаратты псевдонимделген деректерді жасау мақсатында пайдалану деректер жиынын алдын ала профильдеуді қамтиды.)  Сәйкестендіру процесінен кейін, біз сізге хабарламайынша немесе басқа жолмен бөлек келісім алмайынша, жеке деректер жиынын байытуға мүмкіндік бермейтін аудиториямыз туралы біріктірілген ақпаратты аламыз. Деректерді тазалау бөлмелерінде деректер аудиторияны табу, аудиторияны кеңейту, аудиторияны межелеу және ұқсас аудиторияны модельдеу үшін бөлісіледі.
  • Ілгерілету және бейілділік бағдарламасын басқару
  • Тұтынушыларға қызмет көрсету
  • Төлем процесін жеңілдету
  • Тұтынушылардың күткендерін қанағаттандыратын жаңа мүмкіндіктер мен мазмұнды әзірлей алуымыз үшін пайдаланушылардың Қызметтермен және іс-шара тенденцияларымен қалай әрекеттесетінін талдау
  • Қызметтерді және олар бойынша пайдаланушылардың тәжірибесін жақсарту
  • Тұтынушыларымызды жақсырақ түсінуге және олар үшін инновациялар ұсынуға мүмкіндік беретін дерек талдауын, зерттеулерді, өнім әзірлемелерін және машиналық үйренуді жүзеге асыру
  • Қызметтерді бақылау және сынау, соның ішінде операциялық ақауларды жою
  • Бұл Құпиялық саясатымен реттелмейтін, Coca‑Cola өнімдері мен қызметтерін жақсарту және ұқсас іскерлік мақсаттар үшін пайдаланылатын және өзге жағдайда келісімшарт не заң бойынша рұқсат етілген анонимді деректерді құру
  • Қызметтердің алаяқтық мақсаттарында, теріс және рұқсатсыз түрде пайдаланылуын анықтау және Қызметтерді олардан қорғау
  • Тәуекелдерді басқару және ұқсас әкімшілік мақсаттар үшін, мысалы, пайдаланушы келісімдерінің сақталуын бақылау және орындау және өзге жағдайда Coca‑Cola үшін қолданылатын заңдарды сақтау

5. COCA-COLA КОМПАНИЯСЫ COOKIE ФАЙЛДАРЫН ЖӘНЕ БАСҚА ДА ДЕРЕК ЖИНАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНАДЫ МА?

Сіз Қызметтерді пайдаланған кезде сізді және/немесе сіздің құрылғыңызды (құрылғыларыңызды) тану және сіз туралы жеке ақпаратты жинау үшін біз cookie файлдары мен басқа да дерек жинау технологияларын пайдаланамыз.

Кейбір сирек жағдайларда, белгілі бір веб-сайттар мен тұтынушыларға қолданылатын cookie файлдары мен басқа да дерек жинау технологиялары туралы арнайы ескертпелерді қамтитын және Қызметтердің бір бөлігі болып табылатын кейбір веб-сайттар болуы мүмкін. Егер Coca‑Cola веб-сайтына cookie файлдары туралы ескертпемен кірсеңіз, сол веб-сайттың cookie файлдары туралы ескертпесі қолданылады.

Cookie файлдары дегеніміз не?

Cookie файлдары — сіздің веб-браузеріңізге немесе компьютеріңіздің қатты дискісіне жіберілетін немесе олардан қол жеткізілетін шағын мәтіндік файлдар. Cookie әдетте cookie файлы шыққан доменнің атауын (интернет орнын), cookie файлының «жарамдылық мерзімін» (яғни оның мерзімінің аяқталу уақытын) және кездейсоқ түрде құрылған бірегей нөмірді не ұқсас идентификаторды қамтиды. Сондай-ақ cookie файлында параметрлер, шолу тарихы және Қызметтерді пайдалану кезінде орындалған әрекеттер сияқты компьютер немесе құрылғы туралы ақпарат болуы мүмкін.

Сондай-ақ Coca‑Cola компаниясы «пиксельдерді» (кейде «веб-маяктар» деп те аталады) пайдаланады. Пиксельдер — бұл электрондық поштаның ашылуы және веб-сайттың веб-сайттарда және уақыт өте келе пайдаланылуы туралы ақпаратты жинай алатын мөлдір кескіндер.

Coca‑Cola тарапынан Қызметтерде орнатылған cookie файлдары «бірінші тарап cookie файлдары» деп аталады. Өзге тұлғалар тарапынан Қызметтерде орнатылған cookie файлдары «үшінші тараптық cookie файлдары» деп аталады. Үшінші тараптық cookie файлдары Қызметтерде немесе Қызметтер арқылы аналитика мен маркетингті автоматтандыру сияқты үшінші тарап мүмкіндіктерін немесе функционаларын іске қосады. Үшінші тараптық cookie файлдарын орнатқан тараптар құрылғыңызды сіз оны Қызметтерге қол жеткізу үшін пайдаланған кезде де, кейбір басқа веб-сайттарға кіру үшін пайдаланған кезде де тани алады. Cookie файлдары туралы жалпы қосымша ақпаратты www.allaboutcookies.org веб-сайтынан қараңыз.

Кейбір веб-браузерлер (соның ішінде, Safari, Internet Explorer, Firefox және Chrome) «Қадағаламау» (DNT) мүмкіндігін немесе веб-сайттарға пайдаланушының желідегі әрекеттерінің қадағаланғанын қаламайтынын сигнал арқылы хабарлайтын ұқсас мүмкіндіктерді қамтиды. Белгілі бір DNT сигналына жауап беретін веб-сайт DNT сигналын қабылдаса, браузер сол веб-сайттың браузер кэшінен белгілі бір ақпаратты жинауын бұғаттайды. Барлық браузерлер DNT опциясын ұсына бермейді және DNT сигналдары әлі де біркелкі емес. Осы себепті, көптеген веб-сайт операторлары, соның ішінде Coca‑Cola әлі DNT сигналдарына жауап бермейді.

Coca‑Cola компаниясы неліктен cookie файлдары мен басқа дерек жинау технологияларын пайдаланады?

Кейбір cookie файлдары Қызметтердің жұмыс істеуі үшін қажет. Басқа cookie файлдары бізге мақсатты жарнамалар үшін пайдаланушылардың мүдделерін қадағалауға және Қызметтер бойынша тәжірибені жақсартуға мүмкіндік береді.

Қызметтерде не Қызметтер арқылы ұсынылатын cookie файлдарының түрлері мен олардың пайдаланылу мақсаттары келесідей:

  • Аса қажетті cookie файлдары Қызметтердің жұмыс істеуі үшін қажет.
  • Өнімділік немесе Анатиликалық cookie файлдары Қызметтерді талдай және жақсарта алуымыз үшін Қызметтердің қалай пайдаланылатыны туралы ақпаратты жинайды. Өнімділік немесе аналитикалық cookie файлдары әдетте браузерді жапқаннан кейін оларды жойғанша сіздің компьютеріңізде қалады.
  • Жарнамалық cookie файлдары болжамды қызығушылықтарыңызға негізделген жарнамаларды көрсетуге, бір жарнаманың тым жиі көрсетілуіне жол бермеуге және жарнама берушілер үшін жарнамалардың дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етуге көмектесу арқылы жарнамалық хабарламаларды сізге өзектірек ету үшін пайдаланылады.
  • Әлеуметтік желі cookie файлдары пайдаланушыларға әлеуметтік желі платформаларымен оңай әрекеттесуге мүмкіндік береді. Біз әлеуметтік желі cookie файлдарын бақыламаймыз және олар сіздің рұқсатыңызсыз әлеуметтік желідегі тіркелгілеріңізге қатынасуға мүмкіндік бермейді. Пайдаланылған cookie файлдары туралы ақпарат алу үшін тиісті әлеуметтік желі платформасының құпиялық саясатын қараңыз.

Дерек жинау технологиясы Coca‑Cola компаниясына бір веб-бет пен басқа веб-бет арасындағы трафик құрылымдарын бақылауға, cookie файлдарын жеткізуге не олармен әрекеттесуге, пайдаланушылар қандай да бір үшінші тарап веб-сайтында көрсетілген онлайн жарнамамызды көргеннен кейін Қызметтерге кіріп-кірмейтінін түсінуге, Қызметтердің өнімділігін жақсартуға және электрондық пошта арқылы жүзеге асырылатын маркетингтік науқандарымыздың сәттілігін өлшеуге мүмкіндік береді. Coca‑Cola компаниясының Cookie саясаттары (белгілі бір юрисдикцияларда бар) Coca‑Cola компаниясының дерек жинау технологиясын қалай пайдаланатынын сипаттайды.

Google өнімдері

Қолданыстағы заң рұқсат етсе,Қызметтер мақсатты жарнамалар үшін Google Analytics пайдаланады (Google оны кейде «ремаркетинг» деп атайды). Google тұтынушылар әртүрлі веб-сайттарға кірген кезде Google танитын cookie файлдарын пайдаланады. Google компаниясының cookie файлдары арқылы жиналған деректер Coca‑Cola компаниясына Қызметтердің қалай пайдаланылғанын талдауға және кейбір Қызметтер үшін және кейбір юрисдикцияларда маркетингтік хабарламалар мен цифрлық жарнамаларды жекелендіруге көмектеседі.

Сондай-ақ Қызметтер YouTube (Google компаниясы) бейнелерін фрейминг арқылы қамтиды. Бұл Қызметтер арқылы қандай да бір YouTube бейнесін ойнату түймесін басқаннан кейін Қызметтер мен YouTube серверлері арасында байланыс орнатылатынын білдіреді. Содан кейін, ойнату кадрын жасау үшін Қызметтердің кодына YouTube ұсынған HTML сілтемесі енгізіледі. YouTube серверлерінде сақталған бейне содан кейін Қызметтердегі кадр арқылы ойнатылады. Сондай-ақ YouTube сіздің Қызметтерді пайдаланып жатқаныңыз туралы YouTube желісіне хабарлайтын мынадай ақпаратты алады: IP мекенжайыңыз, браузер туралы ақпарат, сіз пайдаланып жатқан құрылғының операциялық жүйесі мен параметрлері, ағымдағы веб-беттің URL мекенжайы, егер сілтеме бойынша өткен болсаңыз, алдыңғы кірген веб-беттер және сіз қараған бейнелер. Егер сіз YouTube тіркелгісіне кірген болсаңыз, ақпарат сіздің YouTube пайдаланушы профиліңізбен байланысты болуы мүмкін. Қызметтерді пайдаланудан бұрын бұл байланысты YouTube тіркелгісінен шығып, сәйкес cookie файлдарын жою арқылы болдырмауға болады.

Google компаниясының сіздің ақпаратыңызды қалай жинайтыны, пайдаланатыны және бөлісетіні туралы қосымша ақпаратты Google компаниясының Құпиялық саясатынан қараңыз

Google-дің жарнамада cookie файлдарын қалай пайдаланатыны туралы қосымша ақпаратты Google компаниясының Жарнама бетінен қараңыз.

Google Analytics платформасының сіздің деректеріңізді пайдалануына жол бермеу үшін, Google компаниясының браузер қондырмасынан бас тарту] орнатыңыз.

Сіздің қызығушылықтарыңызға бағытталған Google жарнамаларынан бас тарту үшін  параметрлерін пайдаланыңыз

Егер сіз ЕЭА аумағында, Швейцарияда немесе Біріккен Корольдікте тұратын болсаңыз, әсіресе мынаны ескеріңіз: Coca‑Cola Құпиялық параметрлері орталығында Google-дің cookie файлдарына рұқсат етсеңіз, Қызметтерді пайдалану туралы осы cookie файлдары жасаған ақпарат Google тарапынан Америка Құрама Штаттарындағы серверлерге жіберіледі және сонда сақталады. Coca‑Cola технологиялық құралдарды, соның ішінде Google-дің IP мекенжайларды анонимді ету құралын, сондай-ақ Google-дің дерек бөлісуді өшіруге арналған құралдарын және Google сигналдары мен Google Analytics платформасындағы кейбір юрисдикцияларға арналған пайдаланушы идентификаторы параметрлерін деректер Google тарапынан Америка Құрама Штаттарына жіберілмей тұрып, сіздің IP мекенжайыңыздың соңғы бөлігін алып тастау үшін пайдаланды. Google қандай да бір IP мекенжайын Google-дің иелігіндегі басқа деректермен байланыстырмайды.

Coca‑Cola компаниясының атынан, Google жоғарыда көрсетілген деректерді Coca‑Cola компаниясының жұмыс істеуіне және қызметтерді қамтамасыз етуіне көмектесетін есептерді құру үшін пайдаланады.

Meta өнімдері

Қызметтердің кейбір бөлігі Facebook, Instagram, Messenger және Facebook қолданбалары («Meta өнімдері») ұсынатын өнімдер мен мүмкіндіктерді пайдаланады. Meta өнімдері тегтерді, пиксельдерді (Meta Pixel) және басқа да бірегей қадағалау кодтарын және Қызметтерден пайдаланушы ақпаратын (жеке ақпаратты қоса) жинайтын технологияларды пайдаланады. Пайдаланушы Facebook желісінде немесе Meta тарапынан қамтамасыз етілетін басқа да қызметтерде («конверсия» деп аталады) орналастырылған қандай да бір жарнаманы басқаннан кейін пайдаланушының Қызметтермен қалай әрекеттесінін қадағалап, Coca‑Cola компаниясына пайдаланушылардың жарнамалармен қалай әрекеттесіні туралы көбірек білуге және соған ұқсас ақпаратты алуға мүмкіндік береді.  Meta өнімдері жиналған деректерді Meta-ның өз мақсаттары үшін, соның ішінде Meta өнімдерін жақсарту үшін пайдаланады. Meta Қызметтерден жинайтын деректерді АҚШ-қа және сіздің өз жеке ақпаратыңыз бойынша азырақ құқықтарыңыз болуы мүмкін басқа елдерге тасымалдай алады. Meta өнімдерінің жеке ақпаратты қалай жинайтыны, пайдаланатыны және өңдейтіні және сіздің өзіңіз туралы жеке ақпаратты қалай басқара немесе жоя алатыныңыз туралы толығырақ білу үшін https://www.facebook.com/about/privacy сілтемесі бойынша орналасқан Meta өнімдерінің Құпиялық саясатын қараңыз.

Cookie файлдары бойынша таңдауларыңыз

Сіз браузеріңізді барлық cookie файлдарынан бас тартатындай немесе қандай да бір cookie файлы орнатылғанда сізге көрсетілетіндей етіп орната аласыз. (Көптеген браузерлер cookie файлдарын автоматты түрде қабылдайды, бірақ оларды өшіруіңізге мүмкіндік береді, алайда Қызметтердің кейбір мүмкіндіктері cookie файлдарынсыз дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін екенін ескеріңіз.)

Жоғарыда айтылғандай, Google компаниясы Google Analytics үшін пайдаланылатын cookie файлдарынан бас тартуға мүмкіндік беретін браузер қондырмасын әзірледі. Веб-браузеріңізге арналған қондырманы осы жерден жүктеп алып, орнатуға болады. Браузеріңізде сәйкес параметрлерді таңдау арқылы осы cookie файлдарын пайдаланудан бас тартуыңызға болады. Meta өнімдеріндегі ақпаратты көру және басқару туралы қосымша ақпарат алу үшін осы жерді қараңыз.

Қызметтер қолжетімді болатын кейбір юрисдикцияларда осы Құпиялық саясатынан бөлек болып табылатын әрі оны толықтыратын және cookie файлдарын басқаратын құралдарды толықтыратын cookie саясаттары бар. Мәліметтерді 9-бөлімнен қараңыз.

6. COCA-COLA ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ БӨЛІСЕДІ?

Coca‑Cola жеке ақпаратты Қызметтерді басқаруға және бизнесімізді жүзеге асыруға көмектесетін адамдармен және компаниялармен және заңды түрде солай істеуге рұқсатымыз болғанда немесе солай талап етілгенде бөліседі. Сондай-ақ қандай да бір пайдаланушы бізден өзінің жеке ақпаратын бөлісуді сұраған кезде біз оның жеке ақпаратын бөлісеміз. Пайдаланушылар қандай да бір басқа құпиялық саясатының немесе ескертпенің қолданылатыны туралы хабардар болмайынша біз жеке ақпарат алушыларының осы Құпиялық саясатын сақтауын талап етеміз.

Coca‑Cola компаниясы жеке ақпаратты алушылардың келесі санаттарымен бөліседі:

  • Заңгерлер, бухгалтерлер, сақтандырушылар және ақпараттық қауіпсіздік пен сот сараптамасы жөніндегі сарапшылар сияқты кәсіби кеңесшілер.
  • Қызметтерді ілгерілетуге көмектесетін және бізде бар жеке ақпаратты ауық-ауық толықтырып тұруға көмектесетін маркетингтік қызмет провайдерлері. Мысалы, Meta өз платформасында жекелендірілген жарнамаларды жеткізуге және осы жарнамалардың тиімділігін бағалауға көмектесу үшін Қызметтерді пайдалануға қатысты белгілі деректерді алып, пайдаланады.
  • Біздің атымыздан қызметтерді, соның ішінде дерек талдауын, деректердің қауіпсіздігін, электрондық коммерция операцияларын, сауалнамаларды, зерттеулерді, промоакцияларды, ұсыныстар мен бейілділік бағдарламаларын жүргізетін және өзге жағдайда бизнесімізді жүзеге асыруға көмектесетін қызмет провайдерлері. Осы қызмет провайдерлерінің кейбірінің жаһандық жауапкершілігі бар.
  • Спорттық лигалармен және өндірушілермен және қосымша ұсыныстардың басқа да жеткізушілерімен сияқты стратегиялық серіктестіктер үшін.
  • Деректерді тазалау бөлмелері арқылы 4-бөлімде көрсетілгендей. Деректерді тазалау бөлмесінде деректер аудиторияны табу, аудиторияны кеңейту, аудиторияны межелеу және ұқсас аудиторияны модельдеу мақсатында бөлісіледі.
  • Бұлтта сақтау провайдерлері.
  • Компаниялардың нақты бірігуіне, сатылып алуына немесе біздің бизнесіміздің барлығына немесе қандай да бір бөлігіне инвестиция салуға не оларды біріктіру, сатып алу не оларға инвестиция салу ұсыныстарына байланысты әлеуетті не нақты сатып алушылар немесе инвесторлар және олардың кәсіпқой кеңесшілері. Біз осы Құпиялық саясатының шарттары транзакциядан кейін немесе пайдаланушылар жеке ақпарат өңделіміне өзгерістер енетіні туралы алдын ала ескертпе алғаннан кейін жеке ақпаратқа қолданылуын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз.
  • Coca‑Cola филиалдары мен бөтелкелерге құю бойынша серіктестері.
  • (i) Заңды сақтау үшін, (ii) пайдаланушылардың, бизнес серіктестердің, қызмет провайдерлерінің немесе басқа да үшінші тараптардың заңды құқықтарын жүзеге асыру, негіздеу немесе қорғау үшін немесе (iii) олардың өмірлік маңызды мүдделерін қорғау үшін ақпаратты ашу қажет деп санаған кезде құзыретті құқық қорғау органдары, мемлекеттік реттеуші органдар және соттар.
  • Сіздің рұқсатыңызбен тағы басқа үшінші тараптар.

Егер біз жеке ақпаратты бөлісетін болсақ, біз алушылардан жеке ақпаратты осы Құпиялық саясатына және біздің құпиялық пен қауіпсіздік бойынша талаптарымызға сәйкес өңдеуін талап етеміз.

7. COCA-COLA ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙДЫ?

Coca‑Cola бізге сеніп тапсырылған жеке ақпаратты қорғау және қауіпсіздендіру үшін бар күшін салады. Біз жеке ақпаратты рұқсатсыз қатынас жасалудан және пайдаланылудан қорғауға көмектесетін әртүрлі шараларды қолданамыз.

Coca‑Cola біз өңдейтін жеке ақпаратты қорғауға арналған техникалық, физикалық және әкімшілік кепілдіктерді пайдаланады. Біздің қауіпсіздік шараларымыз сіздің жеке ақпаратыңызды өңдеу тәуекеліне сәйкес келетін қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге арналған және өңдеу жүйелерінің тұрақты құпиялығын, тұтастығын, қолжетімділігін және орнықтылығын қамтамасыз ететін шараларды және сондай-ақ жеке ақпараттың өңделу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық және ұйымдастырушылық шаралардың тиімділігін тұрақты түрде сынайтын және бағалайтын процедураны қамтиды. Дегенмен, Coca‑Cola компаниясы жеке ақпаратты өңдеумен байланысты қауіпсіздік тәуекелдерін толығымен жоя алмайды.

Сіз өз тіркелгі деректеріңіздің қауіпсіздігін сақтауға өзіңіз жауаптысыз. Қызметтерге сіздің тіркелгі деректеріңіз арқылы қатынас жасалған кезде, Coca‑Cola компаниясы оны сіздің рұқсатыңызбен жасалған қатынас деп қарастырады.

Қауіпсіздіктің бұзылғандығы анықталса немесе оған қатысты қандай да бір күдік туындаса, Coca‑Cola компаниясы Қызметтердің барлығын немесе қандай да бір бөлігін пайдалану мүмкіндігіңізді ескертусіз кідірте алады. Егер сіз Coca‑Cola компаниясына берген ақпаратыңыз немесе тіркелгіңіз енді қауіпсіздікте емес деп ойласаңыз, Privacy@coca-cola.com мекенжайы бойынша бізге дереу хабарлаңыз.

Егер біз сіздің жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігіне әсер ететін қандай да бір бұзушылық туралы біліп қалсақ, қолданыстағы заң талабына сәйкес сізге хабарлаймыз. Қолданыстағы заң рұқсат еткен жағдайда, Coca‑Cola сізге бұл хабарламаны сіздің тіркелгіңізбен байланыстырылған электрондық пошта мекенжайы немесе тіркелгіңізбен байланысты рұқсат етілген әдістер арқылы жібереді.

ҚЫЗМЕТТЕР АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ АҚПАРАТҚА РҰҚСАТСЫЗ ҚАТЫНАСУҒА, СОНЫҢ ІШІНДЕ СКРЕЙПИНГКЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ ЖӘНЕ ОЛ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУҒА ӘКЕЛУІ МҮМКІН.

8. COCA-COLA ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ ҚАНША УАҚЫТ САҚТАЙДЫ?

Біз пайдаланушы туралы жеке ақпаратты пайдаланушы тіркелгісі белсен болған мерзім бойы және жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін қажет болғанынша сақтаймыз. Сондай-ақ біз жеке ақпаратты заңды міндеттемелерді атқару, дауларды шешу және келісімдерімізді орындау үшін қажет болатын мерзім бойы сақтаймычз.

Біз сіздің жеке ақпаратыңызды дәл және жаңартылған күйде сақтауға тырысамыз. Біз осы Құпиялық саясаты аясында өңдейтін жеке ақпаратты өзіміздің деректерді сақтау туралы саясатымызға сәйкес сақтаймыз.  Сақтау мерзімін анықтау кезінде біз сіз сұраған немесе сізге ұсынатын өнімдер мен қызметтердің түрі, сізбен қарым-қатынасымыздың сипаты мен ұзақтығы және қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті сақтау мерзімдері сияқты әртүрлі критерийлерді ескереміз. Тиісті сақтау мерзімінің соңында біз жеке ақпаратты жоямыз немесе анонимді етеміз немесе егер жеке ақпаратты жою немесе анонимді ету мүмкін болмаса, жою немесе анонимді ету мүмкін болғанша жеке ақпаратты бөлектеп, қауіпсіз күйде сақтаймыз.

Жеке ақпаратты анонимді еткеннен кейін, ол жеке ақпарат болып табылмайды. Біз анонимді етілген деректерді қолданыстағы заңнамаға және келісімшарттарға сәйкес пайдаланамыз.

9. ЖЕКЕ АҚПАРАТ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ТАҢДАУЛАР БАР?

Coca‑Cola компаниясының сіздің жеке ақпаратыңызды қалай өңдейтіні бойынша таңдау жасай аласыз. Сіз осы 9-бөлімде сипатталғандай Coca‑Cola компаниясына хабарласу немесе браузеріңіз арқылы қолжетімді болып табылатын немесе Coca‑Cola қолжетімді ететін әртүрлі құралдарды пайдалану арқылы құпиялық бойынша құқықтарыңызды пайдалана аласыз. Кейбір жағдайларда, жеке ақпаратыңызға қатынасу немесе оны бақылау мүмкіндігіңіз қолданыстағы заңмен шектеледі.

Мобильді құрылғы параметрлері

Мобильді операциялық жүйелер мен қолданба платформаларында (мысалы, Google Play, App Store) мобильді құрылғы деректері мен хабарландыруларының белгілі бір түрлеріне, мысалы, контактілерге, геолокация қызметтеріне және push-хабарландыруларға рұқсат беру параметрлері болады. Белгілі бір ақпараттың жиналуына және/немесе push-хабарландыруларға келісу немесе келіспеу үшін мобильді құрылғыдағы параметрлерді пайдалануға болады. Кейбір қолданбаларда рұқсаттар мен push-хабарландыруларды өзгертуге мүмкіндік беретін параметрлер де болуы мүмкін. Кейбір қолданбаларда параметрлерді өзгерту қолданбаның кейбір аспектілерінің дұрыс жұмыс істемеуін тудыруы мүмкін.

Қолданбаны жою арқылы қолданбада ақпараттың жиналуын толықтай тоқтатуға болады. Егер Қолданбаны жойсаңыз, бірегей идентификатордың және қолданбаны пайдалануыңызға қатысты басқа да әрекеттердің мобильді құрылғыңыздан жойылғанын растау үшін операциялық жүйе параметрлерін тексеруді де қарастырыңыз.

Coca‑Cola электрондық пошталары мен мәтіндік хабарламаларынан бас тарту

Coca‑Cola-дан жарнамалық электрондық хаттарды алуды тоқтату үшін электрондық поштаның төменгі жағындағы «Жазылымнан бас тарту» сілтемесін басыңыз. Сіз бас тартқаннан кейін де, біз сізге сатып алу түбіртектері немесе тіркелгіңіз туралы әкімшілік ақпарат сияқты жарнамалық емес хабарламаларды жіберуіміз мүмкін.

Тіркелгі параметрлері қолданбадан push-хабарландырулар сияқты хабарландыру теңшелімдерін өзгертуге мүмкіндік береді.

Жарнамалық мәтіндік хабарламаларды (SMS немесе MMS) алуды тоқтату үшін бізден жарнамалық мәтіндік хабарламаларды алуды тоқтатқыңыз келетінін көрсететін жауап мәтінін жіберіңіз, мысалы, «Тоқта» сөзін жіберу арқылы. Сондай-ақ төмендегі «Бізге хабарласу» бөлімінде көрсетілгендей бізге хабарлауыңызға болады. Тиісті телефон нөмірімен, мекенжаймен және/немесе электрондық пошта мекенжайымен бірге бұдан былай қандай хабарлама түрлерін алғыңыз келмейтінін көрсетіңіз. Бізден маркетингке қатысты хабарламаларды алудан бас тартсаңыз, біз сізге тіркелгіңіз немесе сатып алуларыңыз туралы электрондық хабарламалар сияқты маңызды әкімшілік хабарламаларды жібере аламыз

ҚҰПИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН НАҚТЫ ЮРИСДИКЦИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН ТАҢДАУЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ОСЫ ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ СОҢЫНДАҒЫ 13-БӨЛІМДЕ БЕРІЛГЕН. СІЗДІ ТИІСТІ БӨЛІМДЕРДІ ҚАРАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.

ЕГЕР СІЗ ОСЫ ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫНДА КӨРСЕТІЛМЕГЕН ҚҰПИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҰСЫНАТЫН ҚҰПИЯЛЫҚ ЗАҢДАРЫ БАР ЮРИСДИКЦИЯДА ТҰРАТЫН БОЛСАҢЫЗ, PRIVACY@COCA-COLA.COM МЕКЕНЖАЙЫ БОЙЫНША БІЗГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ. Біз сіздің құпиялық құқықтарыңызды құрметтейміз және сұрауларыңызды қанағаттандыру үшін бар күшімізді саламыз.

10. COCA-COLA БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙДЫ?

Кейбір Қызметтерде жас шектеулері бар, яғни біз сізге сол Қызметтерді пайдалануға рұқсат бермес бұрын жасыңызды тексеру үшін сұрақтар қоюымыз мүмкін.

Жауапты маркетинг саясатымызға сәйкес, Coca‑Cola өнімдеріміздің маркетингін 13 жасқа толмаған балаларға бағыттамайды. Егер 13 жасқа толмаған немесе жергілікті заң бойынша белгіленген жасқа толмаған қандай да бір баланың бізге ата-анасының рұқсатынсыз немесе қолданыстағы заңмен рұқсат етілмеген жағдайда өзінің жеке ақпаратын бергенін біліп қалсаңыз, privacy@coca-cola.com мекенжайы бойынша Құпиялық жөніндегі кеңсемізге хабарласыңыз. Біз бұл туралы хабардар болғаннан кейін, қолданыстағы заң талабына сай баланың жеке ақпаратын жою шараларын қабылдаймыз.

11. COCA-COLA ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ БАСҚА ЕЛДЕРГЕ ЖІБЕРЕДІ МЕ?

Coca‑Cola жеке ақпаратты шекарадан тыс біз және жеткізушілеріміз бен іскери серіктестеріміз жұмыс істейтін кез келген жерге жібере алады. Ол жерлердің дерек қорғау заңдары сіз тұратын жердегі дерек қорғау заңдарынан өзгеше (және кейбір жағдайларда төменірек деңгейде) болуы мүмкін.

Егер сіздің жеке ақпаратыңыз біздің тарапымыздан немесе біздің атымыздан шекарадан тыс жерлерге тасымалданатын болса, жеке ақпаратыңызды осы Құпиялық саясатына және қолданыстағы заңға сәйкес қорғау үшін тиісті қауіпсіздік шараларын қолданамыз. Бұл қауіпсіздік шараларына Coca‑Cola еншілес компаниялары мен жеткізушілеріміз бен серіктестеріміз арасында жеке ақпаратты тасымалдау туралы стандартты келісімшарт тармақтарын немесе үлгі келісімшарттарын орындау кіреді. Қолданылған кезде бұл келісімшарттар біздің еншілес компанияларымыздан, жеткізушілерімізден және серіктестерімізден жеке ақпаратты қолданыстағы құпиялық заңдарына сәйкес қорғауды талап етеді.

Жеке ақпаратты шекарадан тыс жерлерге тасымалдауға арналған стандартты келісімшарт тармақтары немесе басқа да сақтық шаралары туралы ақпаратты privacy@coca-cola.com мекенжайы бойынша сұрауға болады.

12. БҰЛ ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ҚАШАН ӨЗГЕРТІЛЕДІ?

Құқықтық, техникалық немесе іскери өзгерістерге жауап ретінде біз осы Құпиялық саясатын ауық-ауық жаңартып тұрамыз. Ең соңғы нұсқа әрқашан Қызметтер арқылы қолжетімді болады.

Біз бұл Құпиялық саясатын жаңартқан кезде, жаңартылған нұсқаны жариялаймыз және жоғарыдағы күшіне ену күнін өзгертеміз. Сондай-ақ біз сіздің құпиялық құқықтарыңызға әсер ететін елеулі өзгерістер туралы алдын ала хабардар ету үшін тиісті шараларды қабылдаймыз, осылайша қайта қаралған Құпиялық саясатын күшіне енгенге дейін қарап шығу мүмкіндігіңіз болады. Егер қолданыстағы құпиялық заңдары бойынша сіздің келісіміңіз талап етілсе, өзгертілген Құпиялық саясаты сізге қолданылмай тұрып, сізден өзгертілген шарттарға келісім сұраймыз. Жаңартылған нұсқа туралы хабардар болу үшін осы Құпиялық саясатын үнемі тексеріп тұрыңыз.

13. НАҚТЫ ЮРИСДИКЦИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰПИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ТАҢДАУЛАР

Қазақстан тұрғындары

Қазақ тілінде жеке деректерді ұсыну сұрауы жіберу үшін мұнда басыңыз, ал орыс тілінде жіберу үшін мұнда басыңыз.