Coca‑Cola компаниясы Қызметінің шарттары

Coca‑Cola компаниясы Қызметінің шарттары (“Шарттар”).

МҰҚИЯТ ҚАРАП ШЫҒЫҢЫЗ, СЕБЕБІ ОСЫ ШАРТТАР COCA-COLA КОМПАНИЯСЫ МЕН ЕНШІЛЕС КӘСІПОРЫНДАРЫ (БІРГЕ COCA-COLA НЕМЕСЕ БІЗ ДЕП АТАЛАТЫН) ЖӘНЕ СІЗДІҢ АРАҢЫЗДА ЖАСАЛҒАН ЗАҢДЫ КЕЛІСІМДІ ҚҰРАЙДЫ.

БҰЛ ШАРТТАР COCA-COLA КОМПАНИЯСЫМЕН ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ.     

1. КІРІСПЕ

Осы Шарттар Coca‑Cola компаниясының веб-сайттары, мобильді қолданбалары (Қолданбалар), виджеттері және Coca‑Cola компаниясы жүргізетін басқа онлайн мен офлайн қызметтер (бірге Қызметтер деп аталатын) қатынасы мен пайдалануына қолданылатын шарттар мен талаптарды белгілейді. Қызметтер жеткізушісі — The Coca‑Cola Company, One Coca‑Cola Plaza, Atlanta, Georgia 30313.

Осы Шарттар тіркелген пайдаланушыға, әрі жай шолушыға қолданылады.

ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚАТЫНАСУҒА ОСЫ ШАРТТАР ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ. Егер осы Шарттарға келіспесеңіз, Қызметтерді пайдаланбаңыз.

Сондай-ақ Coca‑Cola компаниясының пайдаланушылардан немесе олар туралы жиналатын жеке ақпаратты қалай қолданатынын анықтау үшін Coca‑Cola компаниясының Тұтынушылар құпиялылығы саясатын (немесе кез келген сізге ұсынылған құпиялылық саясатын немесе ескертуін) қарап шығыңыз. 

2. ОСЫ ШАРТТАР ҚАШАН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

Осы Шарттар жоғарыда белгіленген Күшіне ену күнінде жаңа пайдаланушыларға қолданылады. Жоғарыдағы Күшіне ену күнінен бұрын Қызметтерді пайдаланатын кез келген тұлға үшін Шарттардың алдыңғы нұсқалары Күшіне ену күнінен кейін он (10) күнге дейін қолданылады. 

ТІРКЕЛГІ ЖАСАУ, ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫНАСУ МЕН ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ ОЛАРҒА КЕЛІСІМ БЕРГЕН КЕЗДЕ COCA-COLA КОМПАНИЯСЫНА ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА ҚҰҚЫЛЫ ЕКЕНІҢІЗДІ РАСТАЙСЫЗ ЖӘНЕ ОСЫ ШАРТТАРДЫ ОРЫНДАУҒА КЕЛІСЕСІЗ.

Қызметтерді пайдалану үшін тұрғылықты орныңызда кемінде кәмелет жасына толған болуыңыз немесе Coca‑Cola компаниясымен заңды күші бар келісімшарт жасасуға құқылы болуыңыз тиіс. 

Егер тұрғылықты орныңызда кәмелет жасына толмаған болсаңыз немесе заңды күші бар келісімшарт жасасуға құқылы болмасаңыз, Қызметтерді пайдаланудан бұрын ата-анаңыз немесе заңды қамқоршыңыз осы Шарттарға келісуі тиіс.  Қызметтерді пайдалануды бастаудан бұрын ата-анаңыздан немесе қамқоршыңыздан осы Шарттарды түсіндіріп беруді сұраңыз.

АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ҚАМҚОРШЫЛАР: Егер осы Шарттарды кәмелетке толмаған тұлға атынан қабылдасаңыз, Coca‑Cola компаниясына баланың ата-анасы немесе заңды қамқоршысы екеніңізді растайсыз, осы Шарттарды қабылдайтыныңызды растайсыз және Coca‑Cola компаниясының Тұтынушылар құпиялылығы саясатына (немесе басқа сізге ұсынылған құпиялылық саясатына немесе ескертуіне) бала атынан келісесіз және баланың Қызметтерді пайдалануы және осы Шарттарды орындауы бойынша барлық міндеттемені қабылдайсыз.

Егер Қызметтерді пайдалануға құқылы болмасаңыз немесе осы Шарттарға келіспесеңіз, Қызметтерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

3. ОСЫ ШАРТТАР ҚАЙДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ? 

Осы Шарттар осы Шарттар байланыстырылған немесе жарияланған Қызметтерге қолданылады.

Қызметкерлерге, жұмыс орнына үміткерлерге, Coca‑Cola компаниясының клиенттері мен серіктестеріне арналған онлайн қызметтерге және Coca‑Cola компаниясының корпоративтік веб парақшалар бөліктеріне басқа шарттар мен талаптар қолданылады.nСондай-ақ Қызметтермен байланысты немесе оларға қатысты үшінші тарап қызметтеріне (мысалы, Whats App) басқа шарттар қолданылады. Төмендегі 12-бөлімді қараңыз.

Қосымша шарттар Қолданбалар секілді Қызметтердің кейбір мүмкіндіктеріне, науқандарға, сату шарттарына немесе мәтіндік хабар алмасу қызметін пайдалануға (“Қосымша шарттар”) қолданылуы мүмкін. Барлық Қосымша шарттар осы Шарттар бөлігі (және осы сілтеме арқылы енгізілген) болып табылады. Сізге ұсынылған кезде қолданылатын Қызметтер мүмкіндіктерін пайдаланудан бұрын Қосымша шарттарға келісуіңіз тиіс. Қосымша шарттардың қандай да бір бөлігі осы Шарттармен бұлтарыссыз сәйкес болмайтын жағдайды қоспағанда осы Шарттар мен Қосымша шарттар тең деңгейде қолданылады, бұл жағдайда Қосымша шарттар тек сәйкессіздік шегінде ғана реттейді.

Мәтіндік хабар алмасу қызметі

Қызметтердің кейбірі мәтіндік хабар алмасу (SMS немесе MMS) қызметін ұсынады. Бізден мәтіндік хабарлар алуға келісім берген кезде сізге жіберілетін мәтіндік хабарлар жиілігі арамыздағы мәмілелерге байланысты болады. Қызметтермен байланысты белгілі бір мобильді кодқа STOP (СТОП) сөзін жіберіп, мәтіндік хабар алмасу қызметінен шығуға болады. ХАБАР ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР АҚЫЛАРЫ АЛЫНУЫ МҮМКІН. Барлық ақыларды сымсыз қызмет жеткізушісі ұсынады және оған төленуі тиіс.  Тарифтік жоспарлар мен мәліметтер бойынша сымсыз қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз. Мәтіндік хабар алмасу қызметі “әдеттегідей” қамтамасыз етіледі және кейбір аймақтарда қолжетімді болмауы мүмкін.

МӘТІНДІК ХАБАРЛАР АЛУҒА КЕЛІСІП, COCA-COLA КОМПАНИЯСЫНЫҢ СІЗГЕ МӘТІНДІК ХАБАРЛАР ЖЕТКІЗУ ҮШІН АВТОМАТТЫ ТЕРУ ЖҮЙЕСІН ПАЙДАЛАНАТЫНЫН ЖӘНЕ ТАУАРЛАР НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕР САТЫП АЛУ ШАРТЫ РЕТІНДЕ МӘТІНДІК ХАБАРЛАР АЛУҒА КЕЛІСІМІҢІЗДІҢ ҚАЖЕТ ЕМЕС ЕКЕНІН ТҮСІНЕСІЗ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАЙСЫЗ.

4. COCA-COLA КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗЕДІ МЕ?

Coca‑Cola компаниясы Қызметтерді жақсарту үшін үздіксіз жұмыс істейді. Coca‑Cola компаниясы Қызметтерді жетілдіретін және бұрын Қызметтер бөлігі болмаған жаңа мүмкіндіктер мен функцияларды (“Жаңа мүмкіндіктер”) енгізуі мүмкін. Сондай-ақ Coca‑Cola компаниясы ара-тұра пайдаланушы тәжірибесінің мүмкіндіктерін жетілдіретін жаңартуларды, қате түзетулерін және Қызметтердің басқа өзгерістерін (“Жаңартулар”) енгізуі мүмкін. Coca‑Cola компаниясы Жаңа мүмкіндіктерді қосу немесе қоспау құқығын немесе Жаңартулар енгізу немесе енгізбеу құқығын сақтап қалады. Егер Жаңа мүмкіндіктер ақылы болса, Coca‑Cola компаниясы сізге Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану таңдауын береді. Егер Coca‑Cola компаниясы Жаңартулар енгізсе, Coca‑Cola компаниясының сізге ескертіп немесе ескертпей Жаңартулар енгізуіне келісесіз және оған рұқсат бересіз.

Coca‑Cola компаниясы жалпы жұртшылыққа ұсынудан бұрын Жаңа мүмкіндікті пайдаланып көру үшін тек сізге қолжетімді етуі мүмкін. Басқалар қатынасудан бұрын Жаңа мүмкіндіктер пайдаланып көру үшін сізге ұсынылған кезде Жаңа мүмкіндіктер “Сынақтық қызметтер” деп аталады. Сынақтық қызметтерге қатынасу құқығыңызды ескере отыра, Coca‑Cola компаниясы орынды түрде сұраған кезде Сынақтық қызметтер туралы пікір беруге келісесіз. Coca‑Cola компаниясы Сынақтық қызметтер Қызметтер бөлігі болып есептелгенше Сынақтық қызметтерді ескертусіз өзгерту және Сынақтық қызметтерді Қызметтер бөлігі етпеу шешімін қабылдау құқығын сақтап қалады.

БІЗДІҢ СІЗГЕ МІНДЕТТЕМЕМІЗ ТУРАЛЫ ОСЫ ШАРТТАРДЫҢ БАСҚА БӨЛІМДЕРІНЕ ҚАРАМАСТАН, СЫНАҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР “ӘДЕТТЕГІДЕЙ” ЕШБІР КЕПІЛДІКСІЗ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ ЖӘНЕ COCA-COLA КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАРАПТАРЫНДА (13-БӨЛІМДЕ БЕЛГІЛЕНГЕН) СЫНАҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ТАҢДАУЫҢЫЗДАН ТУЫНДАЙТЫН ЕШБІР МІНДЕТТЕМЕ БОЛМАЙДЫ.  ЕГЕР ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢНАМА БОЙЫНША СЫНАҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ МІНДЕТТЕМЕНІ АЛЫП ТАСТАУ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛМЕСЕ, COCA-COLA ТАРАПТАРЫНЫҢ СЫНАҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАЛҒЫЗ МІНДЕТТЕМЕСІ СЫНАҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТӨЛЕНГЕН СОМАҒА ДЕЙІНГІ ТІКЕЛЕЙ ШЫҒЫНДАРЫҢЫЗ БОЛАДЫ.

Осы 4-бөлімдегі ешбір тұс Coca‑Cola компаниясының Қызметтердің кейбір бөліктеріне қатынасу немесе Қызметтерді не Қызметтер арқылы қамтамасыз етілетін мазмұнды кез келген уақытта ескертусіз немесе міндеттемесіз тоқтату құқығын шектемейді.  Қызметтердің барлық уақытта толық жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бар күшімізді саламыз, бірақ Coca‑Cola компаниясы Қызметтер белгілі бір себеппен ұсынылмаған кезде сізге жауапты болмайды.  

5. COCA-COLA КОМПАНИЯСЫ ОСЫ ШАРТТАРҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗЕДІ МЕ?

Осы Шарттардың Күшіне ену күні осы веб парақшаның үстінде белгіленген. 

Coca‑Cola компаниясының Жаңартуларды, Жаңа мүмкіндіктерді немесе қолданылатын заңнама өзгерістерін қамту үшін осы Шарттарды өзгертуі қажет болуы мүмкін. Егер Coca‑Cola компаниясы осы Шарттарға заңды құқықтарды азайтатын едәуір өзгерістер енгізсе, Қызметтерде хабарландырулар жариялаймыз және кемінде отыз (30) күн бұрын тіркелгілеріндегі электрондық пошта мекенжайлары арқылы пайдаланушыларға хабарлаймыз. Егер өзгертілген Шарттарға келіспесеңіз, ескерту кезеңі аяқталудан бұрын тіркелгіден бас тартуыңыз және Қызметтерді пайдалануды тоқтатуыңыз қажет. Хабарландыруда көрсетілген ескерту кезеңі аяқталғаннан кейін Қызметтерді пайдалануды жалғастыру өзгертілген Шарттарды қабылдағаныңыз деп есептеледі.

Заң бойынша немесе Қызметтерді пайдаланатын басқа пайдаланушылар құқықтарын қорғау міндеттелмесе, заңды құқықтарыңызды едәуір және өткен кезеңге азайтатын өзгерістер ескертусіз енгізілмейді. 

Өзгертілген Шарттар осы Шарттардың немесе олар туралы келісімдердің, ескертулердің немесе мәлімдемелердің барлық алдыңғы нұсқаларының орнын басады.

6. ТІРКЕЛГІ ҚАЖЕТ ПЕ?

Coca‑Cola компаниясының ресми веб сайттарын шолу үшін тіркелгі жасаудың қажеті жоқ, бірақ ұсыныстар мен басқа науқандарға қатынасты алу секілді Қызметтердің толық артықшылығын алу немесе Қызметтердің “тек мүшелік” бөліктерін пайдалану үшін тіркелгі қажет болуы мүмкін.  

Тіркелгі жасау үшін кемінде электрондық пошта мекенжайыңызды енгізу қажет болады. Сондай-ақ Coca‑Cola компаниясы Coca‑Cola компаниясымен заңды күші бар келісімшарт жасасуға құқылы екеніңізді тексеру үшін қажет болған кезде туылған күніңізді және тұрғылықты орныңызды енгізуді талап етуі мүмкін немесе ата-анаңыздың немесе заңды қамқоршыңыздың сіздің атыңыздан осы Шарттарға келісуін талап етуі мүмкін.

Сондай-ақ Coca‑Cola компаниясы сізден қосымша ақпаратты сұрауы мүмкін, соның ішінде атыңыз, телефон нөміріңіз, қалауларыңыз, пікірлеріңіз және тіркелгі жасау процесі аясында бөліскіңіз келген өзіңіз туралы басқа мәліметтер бар.  Тіркелгі жасаған кезде сізден жиналатын жеке ақпарат қалай өңделетіні туралы қосымша ақпарат алу үшін Coca‑Cola компаниясының Тұтынушылар құпиялылығы саясатын (немесе тіркелгі жасаған кезде сіз келіскен кез келген басқа құпиялылық саясатын немесе ескертуін) қараңыз.

Coca‑Cola компаниясының Жауапты маркетинг саясатында аталғандай, біз 13 жасқа (немесе еліңіздің заңнамасымен талап етілетін жасқа) толмаған балаларға тікелей сатпаймыз. Сондықтан Қызметтер 13 жасқа (немесе еліңіздің заңнамасымен талап етілетін жасқа) толмаған балаларға бағытталмаған немесе олардың пайдалануына арналмаған.

Өзіңізден басқа тұлға үшін тіркелгі жасамайтыныңызға, өзіңізді басқа тұлға ретінде көрсету мақсатында тіркелгі жасамайтыныңызға немесе Coca‑Cola компаниясының жарамдылықты тексеру процестерінің кез келген элементін жалған көрсетпейтініңізге келісесіз. Осы Шарттардың бұзушылығы анықталған немесе күдік туған жағдайда Coca‑Cola компаниясы кез келген уақытта тіркеуден бас тарту немесе тіркелгіні жою не уақытша тоқтату құқығын сақтап қалады. Егер бұрын Қызметтерді пайдалануыңыз уақытша тоқтатылған немесе мүлде тоқтатылған болса, тіркелгі жасай алмауыңыз мүмкін. 

Coca‑Cola компаниясына жіберілетін кез келген ақпараттың дұрыс, нақты және толық болатынына уәде бересіз және оны барлық уақытта сол қалпында сақтайтыныңызға келісесіз.

Егер тіркелгі жасаған кезде құпия сөзді таңдау сұралса, құпия сөз жеке сіздікі болады. Сіз кез келген басқа тұлғаға құпия сөзіңізді, басқа қауіпсіздік ақпаратын немесе Қызметтерге қатынасты бермеуге келісесіз. Басқа тұлғалардың құпия сөзіңізді немесе басқа жеке ақпаратыңызды қарамауы немесе жазып алмауы үшін тіркелгіге ашық немесе ортақ компьютерден кірген немесе құрылғыны ортақ пайдаланған кезде аса сақтық танытыңыз. Сіз құпия сөз көмегімен орындалатын барлық іс-әрекеттерге жауапты боласыз.

Құпия сөзіңізге, тіркелгіңізге рұқсатсыз қатынасу не пайдалану немесе басқа қауіпсіздік бұзушылығы анықталған немесе күдік туған жағдайда бізге дереу https://www.coca-colacompany.com/contact-us арқылы хабарлауға келісесіз.

7. COCA-COLA КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ АҚЫ АЛАДЫ МА?

Қызметтер негізінде тегін ұсынылады. Егер Қызметтердің кейбір мүмкіндіктері үшін төлем талап етілсе, Coca‑Cola компаниясы ақылы мүмкіндіктерді пайдалану таңдауын қамтамасыз етеді.

Кейбір Қызметтер Coca‑Cola компаниясы өнімдерін сатып алу мүмкіндігін береді.  Сатып алу сатып алған уақытта сізге ұсынылған бөлек сату шарттарымен реттеледі — оларды мұқият оқып шығыңыз. 

Қызметтерді пайдалануға қатысты барлық ақылар, комиссиялар және басқа шығындар үшін өзіңіз жауаптысыз, соның ішіҚызметтерге қатынасу және пайдалану үшін қажетті жабдық пен Интернет қосылымы немесе мобильді телефон қызметі кіреді. Егер Қызметтерге мобильді құрылғы арқылы қатынассаңыз және пайдалансаңыз, мобильді қызмет жеткізушісінің барлық тарифтері үшін өзіңіз жауапты болатыныңызға келісесіз.

8. ҚЫЗМЕТТЕРГЕ КІМ ИЕЛІК ЕТЕДІ?

Coca‑Cola компаниясымен араңыздағы Coca‑Cola компаниясы және үшінші тарап лицензиарлары Қызметтердің барлық құқығы, меншігі мен мүддесінің жалғыз және айрықша иелері болады, соның ішінде Қызметтер арқылы қолжетімді барлық мазмұн және дизайны, таңдауы мен орналасуы және осындағы барлық зияткерлік меншік құқықтары (Қызметтер мазмұны) бар. Яғни, Coca‑Cola компаниясы Қызметтерге иелік етеді және Қызметтер мазмұнын иеленеді немесе оған лицензиясы бар және сіз төменде сипатталғандай Пайдаланушы мазмұнының барлығын иеленесіз.

Қызметтер мазмұны Coca‑Cola атауын және барлық тиісті атауларды, логотиптерді, өнім мен қызмет атауларын, дизайн үлгілерін және ұрандарын (Coca‑Cola белгілері) қамтиды. Coca‑Cola белгілерін Coca‑Cola компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз пайдаланбауыңыз тиіс.  Қызметтерде көрсетілетін Coca‑Cola компаниясының немесе үшінші тараптардың барлық басқа атаулары, логотиптері, өнім мен қызмет атаулары, дизайндары, ұрандары, жарнамалық ұрандары немесе қолтаңбалары тиісті иелерінің сауда белгілері болып табылады.

Сізде осы Шарттарда тікелей белгіленгеннен басқа Қызметтер мазмұнына қатысты ешбір құқығыңыз, лицензияңыз немесе өкілеттігіңіз жоқ. Қызметтер халықаралық авторлық құқық, сауда белгісі, патент, коммерциялық құпия және басқа қолданылатын зияткерлік меншік немесе жеке меншік құқықтары заңдарымен қорғалған. Нақтырақ сіз мына іс-әрекеттерді орындамауға (және үшінші тараптың орындауына жол бермеуге) келісесіз:

  • Қызметтерде қамтылған кез келген авторлық құқық, сауда белгісі немесе басқа жеке меншік құқықтары ескертуін жою.
  • Coca‑Cola компаниясының тікелей алдын ала жазбаша рұқсатынсыз Қызметтер бөліктерін қамтитын жеке дерекқор жасау және/немесе жариялау.
  • Осы Шарттарда тікелей рұқсат етілгенді қоспағанда Қызметтер мазмұнын көшірмелеу, тарату, өзгерту, туындыларын жасау, ашық көрсету, ашық орындау, қайта жариялау, жүктеп алу, сақтау немесе тасымалдау.
  • Қызметтер бөлігіне қатынасу, шығарып алу, алу немесе индекстеу үшін кез келген роботтық, жалпы іздеу, іздеу/шығарып алу қолданбасын немесе басқа автоматты құрылғыны, процесті немесе құралды пайдалану.
  • Coca‑Cola компаниясының немесе үшінші тарап лицензиарларының Қызметтер мазмұнына жеке меншік құқықтарын кез келген уақытта бұзу.

Сіз Пайдаланушы мазмұнына иелік етесіз, бірақ Coca‑Cola компаниясына оны пайдалану құқығын бересіз.

Қызметтерде сізге және басқа пайдаланушыларға мазмұнды немесе материалдарды (бірге Пайдаланушы мазмұны деп аталатын) орналастыру, жіберу, жариялау, көрсету немесе тасымалдау мүмкіндігін беретін форумдар және басқа интерактивті функциялар болуы мүмкін. Пайдаланушы мазмұнын жіберуге қолданылатын шарттар мен талаптарда өзгеше көрсетілмесе, сіз жасалатын Пайдаланушы мазмұнына иелік етесіз.

Пайдаланушы мазмұны үшін өзіңіздің жауапты екеніңізді түсінесіз және растайсыз, соның ішінде оның заңдылығы, сенімділігі, нақтылығы және орындылығы бар.

Пайдаланушы мазмұнының Қызметтер немесе Coca‑Cola компаниясының әлеуметтік желі беттері арқылы жіберілгеніне қарамастан, Coca‑Cola компаниясына (соның ішінде Қызметтерді жүргізуге көмектесетін жеткізушілерге және әрбір мирасқорлары мен табысталған құқық иеленушілеріне) заңмен рұқсат етілген деңгейде кез келген мақсатта және белгілі немесе кейін әзірленетін құралда Пайдаланушы мазмұнын толық не бөлігін пайдалану, орналастыру, сақтау, көшірмелеу, өзгерту, ашық көрсету, орындау, аудару, тарату және үшінші тараптарға жария ету мақсатында шектелмеген, үздіксіз, жалпы, айрықша емес, өтемақысыз, толық төленген құқық пен лицензияны (және бірнеше деңгей арқылы қосалқы лицензия беру құқығын) бересіз (Пайдаланушы мазмұнының лицензиясы). Осы Шарттарда Coca‑Cola компаниясына берілген Пайдаланушы мазмұны лицензиясымен ешбір ақылақтық құқықтар табысталмайды. Егер Coca‑Cola компаниясына Пайдаланушы мазмұны лицензиясын бергіңіз келмесе, пайдаланушы мазмұнын жібермеңіз.

Пайдаланушы мазмұнын қамтамасыз еткен кезде Coca‑Cola компаниясына мынаны растайсыз және кепілдік бересіз:

  • Сіз Пайдаланушы мазмұнының барлық құқықтарын иеленесіз немесе басқарасыз және осы Шарттарда жоғарыда Coca‑Cola компаниясына берілген құқықтар мен лицензияны беру құқығыңыз болады.
  • Пайдаланушы мазмұны құпиялылық пен жария ету құқықтары және зияткерлік меншік құқықтары секілді кез келген басқа тұлға немесе ұйым құқықтарын бұзбайды.
  • Пайдаланушы мазмұны дұрыс және нақты.
  • Барлық Пайдаланушы мазмұны осы Шарттарға және барлық қолданылатын заңдар, ережелер мен талаптарға сәйкес келеді.

Пайдаланушы мазмұны барлық мына ережелерге сәйкес болуға тиісті:

  • Пайдаланушы мазмұнында бедел түсіруші, әдепсіз, ұят, балағат, дөрекі, алымсақтық, зорлық-зомбылық, жек көру, араздық қоздыру немесе өзге жағымсыз сипаттағы материал болмауы тиіс.
  • Пайдаланушы мазмұны ашық-шашық, порнографиялық материалды, зорлық-зомбылықты немесе нәсіліне, дініне, ұлтына, шектеулі физикалық мүмкіндігіне, жынысына, жыныстық бағдарына, жыныстық тиесілігіне немесе жасына қарай алалауды ілгерілетпеуі тиіс.
  • Пайдаланушы мазмұны ешбір тұлғаны алдамауы немесе алдауға ниетті болмауы тиіс.
  • Пайдаланушы мазмұны ешбір заңсыз іс-әрекетке атсалыспауы немесе ешбір заңсыз іс-әрекетті қолдамауы, атсалыспауы немесе көмектеспеуі тиіс.
  • Пайдаланушы мазмұны жеке басыңызды немесе кез келген тұлғамен не ұйыммен еншілес қатынасыңызды немесе Пайдаланушы мазмұнының Coca‑Cola компаниясымен немесе кез келген басқа тұлғамен не ұйыммен мақұлданғаны туралы әсерін жалған көрсетпеуі тиіс.

Егер Пайдаланушы мазмұны осы Шарттарды бұзды деп ойласаңыз, бізге https://www.coca-colacompany.com/contact-us арқылы хабарлаңыз, соның ішінде белгілі бір Пайдаланушы мазмұнының сипаттамасы және оның Қызметтердегі орны немесе Coca‑Cola компаниясының әлеуметтік желіде болуы бар. Заңмен рұқсат етілетін деңгейде Пайдаланушы мазмұнынан туындайтын немесе онымен байланысты Coca‑Cola компаниясына қарсы үшінші тарап түсірген барлық талаптардан Coca‑Cola компаниясын қорғауға келісесіз.

Пайдаланушы мазмұнына қоса ара-тұра Coca‑Cola компаниясына Қызметтер туралы ойларыңызды, ұсыныстарыңызды немесе басқа пікіріңізді (Пікір) бере аласыз. Ойыңызды жіберу үшін https://www.coca-colacompany.com/contact-us/submit-an-idea мекенжайындағы вебсайтымызға кіріңіз және ішіндегі ақпаратты қарап шығыңыз. Сіз Пікір иесі болғаныңызбен, оны Coca‑Cola компаниясына беру арқылы келесіге келісім беріп, осында барлық Пікіріңізді пайдалану, көшірмелеу, орындау, көрсету, тарату, бейімдеу, өзгерту, қайта пішімдеу, туындыларын жасау және өзге жолмен қолдану үшін Coca‑Cola компаниясына толық төленген, өтемақысыз, үздіксіз, қайтарылмайтын, жалпы, айрықша емес және толық қосалқы лицензия берілетін құқық пен лицензияны бересіз. Сондай-ақ жеке басыңыз тікелей анықталмаған кезде Coca‑Cola компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз Қызметтердегі Пікірді пайдалануы мүмкін екенін растайсыз және оған келісесіз. Барлық Пікіріңіз құпиялы емес және жеке меншік емес деп есептеледі.

9. ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ ТҮРЛЕРІ ҚАНДАЙ?

Осы Шарттар талаптарын орындау шартымен Coca‑Cola компаниясы Қызметтерге қатынасу мен пайдалану және әрбір Қолданбаның бір (1) көшірмесін жүктеп алу үшін сізге тек коммерциялық емес пайдалану мақсатында жеке, шектеулі, айрықша емес, табысталмайтын, қайтарып алынатын және шектеулі құқықты береді.

Қызметтерді алаяқтық мақсатта немесе заңсыз іс-әрекетпен байланысты емес, заңды, жеке және коммерциялық емес мақсаттарда ғана пайдалануыңыз қажет.  Жоғарыда аталғанды шектемей сіз үшінші тараптың мына әрекеттеріне жол бермеуіңіз тиіс және осындай әрекеттерге жол бермеуге немесе ынталандырмауға келісесіз:

  • Бұзу, құпия сөзді анықтау не басқа да жолмен немесе компьютер не қауіпсіздік желісі қауіпсіздігін бұзу арқылы Қызметтерге немесе Coca‑Cola компаниясының компьютерлік жүйелеріне не желілеріне рұқсатсыз қатынасты алу (немесе алуға әрекеттену).
  • Қызметтерді Coca‑Cola компаниясының серверлерін немесе желілерін зақымдайтынын, ажырататынын, шамадан көп жүктейтінін немесе жұмысын бұзатынын біле тұра пайдалану.
  • Басқаларды кемсіту, алымсақтыққа жол беру, қорқыту, алдау, ұялту, зиян келтіру немесе ашуын қоздыру, қолайсыздық туғызу не алаңдату немесе басқа тараптың Қызметтерді пайдалануы мен иеленуіне кедергі келтіру (немесе кедергі келтіруге әрекеттену).
  • Қызметтерді өзіңізден басқа тұлға атынан пайдалану.
  • Қызметтер бөлігін көшіру, өзгерту, бейімдеу, аудару, кері жобалау, кодын ашу немесе алу не қатынасу әрекетін орындау.
  • Қызметтерде қамтылған немесе кез келген үшінші тараптың зияткерлік меншік құқықтарын бұзатын кез келген авторлық құқық, сауда белгісі немесе басқа жеке меншік құқықтары ескертуін жою.
  • Қызметтер бөлігіне қатынасу, шығарып алу, алу немесе индекстеу үшін кез келген роботтық, жалпы іздеу, іздеу/шығарып алу қолданбасын немесе басқа автоматты құрылғыны, процесті не құралды пайдалану.
  • Қызметтерді, кез келген мүмкіндігін немесе Қызметтер функциясын белгілі бір себеппен кез келген үшінші тарапқа жалға беру, сату, қосалқы лицензия арқылы беру, тағайындау, тарату, жариялау, тасымалдау не қолжетімді ету.
  • Қызметтер бөлігі болып табылатын веб парақшалардың кез келген бөлігін қайта пішімдеу немесе жақтауға алу, соның ішінде өнімдерді қайта сату немесе тарату мақсатында.
  • Қызметтерді кез келген рұқсатсыз немесе ерікті түрде ұсынылатын коммерциялық не жарнамалық мазмұнды жіберу үшін пайдалану.

Coca‑Cola компаниясы қолданылатын заңнамамен барынша рұқсат етілетін деңгейде және Coca‑Cola компаниясының Құпиялылық саясатына (немесе сізге ұсынылған басқа құпиялылық саясатына немесе ескертуіне) сәйкес Қызметтердегі іс-әрекетті бақылау және тіркеу құқығын сақтап қалады.

Егер Coca‑Cola компаниясының Қызметтерді осы Шарттарды орындамай пайдаланасыз деп ойлауына орынды дәйегі болса, Coca‑Cola компаниясы өз ұйғарымымен Қызметтерге қатынасты ескертусіз тоқтата алады (кез келген басқа қолжетімді құқықтық қорғау құралын қоса).

10. ШАРТТАР НАҚТЫ ҚОЛДАНБАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛАДЫ МА?

Осы 10-бөлімде тікелей көрсетілгенді қоспағанда осы Шарттар Қолданбаларды жүктеп алу мен пайдалануға қолданылады. 

Вебсайтқа қарағанда мобильді қолданба мобильді құрылғыға жүктеліп орнатылатын бағдарламалық жасақтама болып табылады. Ол мобильді құрылғыға жүктелгенімен, Қолданбалар лицензияланады — ол сізге сатылмайды. Осы Шарттарға сәйкес Қолданбаларға меншік мүддесін немесе Қолданбаларды пайдаланудан басқа кез келген басқа құқықты алмайсыз. 

Қолданбаның бір көшірмесін тек жеке, коммерциялық емес мақсатта пайдалану үшін иелігіңіздегі немесе сіз басқаратын мобильді құрылғыға жүктеуге болады.  Сізге кейбір функцияларды қамтамасыз ету үшін Қолданбалардың кейбірі мобильді құрылғыдағы әр түрлі функциялар мен деректерге қатынасуы тиіс. Жеке ақпараттың Қолданбалармен қалай қолданылатыны туралы қосымша ақпарат бойынша Coca‑Cola компаниясының Құпиялылық саясатын (немесе Қолданбаны жүктеп алған кезде сізге ұсынылған басқа құпиялылық саясатын немесе ескертуін) қарап шығыңыз.

Қолданбалардың және Қызметтердің қалған бөлігінің мазмұны дәл бірдей болмауы мүмкін.

Ара-тұра Қолданбаға Жаңартулар әзірлеп ұсынуымыз мүмкін (4-бөлімде белгіленгендей). Мобильді құрылғы параметрлері негізінде мобильді құрылғы интернетке қосылған кезде Қолданба барлық қолжетімді Жаңартуларды автоматты түрде жүктеп алады және орнатады немесе сізге қолжетімді Жаңартуларды жүктеп алу ескертуі жіберілуі не жүктеп алу сұралуы мүмкін.  Барлық Жаңартуларды жүктеп алу мен орнатуға келісесіз және кері жағдайда Қолданбаның тиісті түрде жұмыс істемеуі мүмкін екенін растайсыз және келісесіз.  Қолданбаның барлық Жаңартулары Қолданба мен Қызметтер бөлігі және осы Шарттарға сәйкес болып есептеледі.

Coca‑Cola компаниясы барлық Coca‑Cola белгілерін (8-бөлімде белгіленген) қоса Қолданбаларға толық құқық, меншік пен мүддені және Coca‑Cola компаниясымен араңыздағы осы Шарттарда тікелей сізге берілгенді қоспағанда осындағы немесе осындағыға қатысты барлық басқа авторлық құқықтарды, сауда белгілерін және басқа зияткерлік меншік құқықтарын сақтап қалады.

Қолданбалардың кез келгенін Apple компаниясының App Store немесе Google Play (әрбіреуі App Platform деп аталатын) қызметінен жүктеп алған кезде сіз мынаны растайсыз және келісесіз:

  • Coca‑Cola компаниясы және App Platform қызметі арасында Coca‑Cola компаниясы тек Қолданбаларға жауапты болады.
  • App Platform қызметі Қолданбаға қатысты техникалық қызмет көрсету мен қолдау қызметтерін қамтамасыз етуге міндетті емес.
  • Егер Қолданба қолданылатын кепілдік талаптарына сәйкес болмаса: (i) App Platform қызметіне хабарлай аласыз және App Platform қызметі Қолданбаны сатып алған бағасын қайтарып беруі мүмкін (егер тиісті болса), (ii) қолданылатын заңнамамен барынша рұқсат етілетін деңгейде App Platform қызметінің Қолданбаларға қатысты ешбір басқа кепілдік міндеттемесі болмайды және (iii) Coca‑Cola және App Platform арасындағы кепілдік талаптарын орындамау нәтижесінде орын алуы мүмкін басқа талаптар, шығындар, міндеттемелер немесе жоғалту Coca‑Cola компаниясының жауапкершілігі болады.
  • App Platform қызметі Қолданбаларға немесе Қолданбаларды иелену мен пайдалануға қатысты кез келген талапты шешуге жауапты болмайды.
  • Егер үшінші тарап Қолданбаның App Platform және Coca‑Cola компаниясы арасындағы басқа тараптың зияткерлік меншік құқықтарын бұзды деп мәлімдесе, Coca‑Cola компаниясы кез келген осындай зияткерлік меншіктің бұзылу талабын тергеуге, қорғауға, реттеуге және қанағаттандыруға жауапты болады.
  • App Platform қызметі және бөлімшелері Қолданбаны пайдалану лицензияңызға қатысты тиісті пайдалану шарттарының үшінші тарап бенефициарлары болып табылады. Сіз пайдалану шарттары мен талаптарын қабылдаған кезде App Platform қызметінің сізге үшінші тарап бенефициары ретінде Қолданба лицензияңызға қатысты пайдалану шарттарын қамтамасыз ету құқығы болады (және құқықты қабылдаған болып есептеледі).
  • Сондай-ақ Қолданбаны пайдаланған кезде App Platform арқылы қолданылатын барлық үшінші тарап шарттары талаптарын орындауыңыз тиіс.

Қолданбалардың кез келгені жинайтын белгілі бір деректер туралы қосымша ақпарат алу үшін мобильді құрылғы параметрлерін тексеріңіз немесе Қолданба жүктеліп алынған App Platform ішінде жария етілген деректерді қарап шығыңыз.   Қолданба арқылы барлық деректердің жиналуын тоқтату үшін оны жойыңыз.

Осында мынаны растайсыз және кепілдік бересіз: (I) тұрғылықты еліңізге АҚШ Үкіметінің эмбаргосы салынбаған немесе АҚШ Үкіметі “лаңкестікті қолдаушы” ел қатарына қоспаған және (ii) сіз АҚШ Үкіметінің тыйым салынған немесе шектеу қойылған тараптар тізімінде жоқсыз.

11. ОСЫ ШАРТТАР ҚАШАН КҮШІНЕ ЕНЕДІ?  ОЛАР ҚАШАН ТОҚТАТЫЛАДЫ?

Тіркелгі жасау, Қолданбаны жүктеп алу немесе осы Шарттар байланыстырылған Қызметтерді пайдалану аясында осы Шарттарды растаған кезде осы Шарттар күшін сақтайды (2-бөлімде аталған ерекшелікке сәйкес). Осы Шарттар сіз немесе Coca‑Cola компаниясы тоқтатқанша күшін сақтайды.

Қызметтерді пайдалануды кез келген уақытта және кез келген себептен тоқтатуға болады. Егер тіркелгіңізді жойғыңыз келсе, 15-бөлімде берілген байланыс ақпараты арқылы Coca‑Cola компаниясына хабарласыңыз және/немесе Қолданбалардың кез келгенін немесе барлығын жойыңыз.

Егер тіркелгіңізбен байланысты жеке ақпаратты түзеткіңіз немесе жойғыңыз келсе, Coca‑Cola компаниясының Тұтынушылар құпиялылығы саясатының “Таңдауларыңыз” бөлімін (немесе сізге берілген немесе ұсынылған басқа құпиялылық саясатын немесе ескертуін) қараңыз.

Егер Қызметтерді пайдалануға қолданылатын заңды бұзсаңыз, Coca‑Cola компаниясы тіркелгіңізді ескертусіз дереу және автоматты түрде тоқтатуы мүмкін.  Егер Coca‑Cola компаниясының пайдаланушы Қызметтерге осы Шарттарды орындамай қатынасады немесе пайдаланады деп ойлауына орынды дәйегі болса, Coca‑Cola компаниясы тіркелгіні және Қызметтерге қатынасты ескертіп немесе ескертусіз тоқтату құқығын сақтап қалады.

Егер қауіпсіздіктің бұзылғаны анықталса немесе осындай күдік туған жағдайда немесе Coca‑Cola компаниясы өз ұйғарымымен орындай алатын кез келген Қызметтерді ұсынуды немесе қолдауды тоқтатса, Coca‑Cola компаниясы кез келген уақытта ескертусіз Қызметтерге қатынасты уақытша тоқтата, тіркелгіні жоя немесе осы Шарттарды тоқтата алады.

Кез келген маңызды пайдаланушы ақпаратын шығарып алуыңыз (заңнамамен және осы Шарттармен рұқсат етілген деңгейде) үшін Қызметтерге қатынасты тоқтатудан бұрын сізге алдын ала ескертуге тырысамыз, бірақ егер бұл орынсыз, заңсыз болса, тұлғаның қауіпсіздігі мүддесінде болмаса немесе Coca‑Cola компаниясы құқықтарына немесе мүлкіне зиянды болса, бұл әрекетті орындамауымыз мүмкін.

Осы Шарттар тоқтатылған кезде Coca‑Cola компаниясы берген құқықтар тоқтатылады және Қызметтерді пайдалануды толық тоқтатуыңыз және Қолданбалардың барлық көшірмелерін мобильді құрылғыдан өшіруіңіз қажет.

Сипаты бойынша осы Шарттар тоқтатылғаннан кейін заңды күшін сақтауы қажет осы Шарттардың кез келген бабы заңды күшін сақтайды. Үлгі ретінде мына баптардың барлығы тоқтатылғаннан кейін заңды күшін сақтайды: міндеттемеміздің шектеуі, жеке меншік немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты шарттар, бізге төлеу міндеттемеңіз және арамыздағы дауларға қатысты шарттар. Тоқтатылу Coca‑Cola компаниясының немесе сіздің құқықтарыңызды және құқықтық қорғау құралдарын немесе әділдік құқықтарын шектемейді.

12. БАЙЛАНЫСТЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТТЕРГЕ КІМ ЖАУАПТЫ?

Қызметтерде басқа вебсайттарға және үшінші тараптармен (соның ішінде маркетингтік агенттік серіктестерін және әлеуметтік желі платформаларын қосқанда), үшінші тараптың хабар алмасу қызметтерінде (мысалы, Whats App) және жарнамаларда берілген ресурстарға (бірігіп Байланыстырылған қызметтер деп аталатын) сілтемелер бар. Кейбір Байланыстырылған қызметтер әлеуметтік желідегі “лайк басу” немесе “бөлісу” функциясы секілді ақпаратты экспорттау мүмкіндігін бергенімен, Coca‑Cola компаниясы Байланыстырылған қызметтерді басқара алмайды және басқармайды. Барлық Байланыстырылған қызметтер бойынша құпиялылық саясаттарын және басқа пайдалану шарттарын мұқият қарап шығыңыз. Егер кез келген Байланыстырылған қызметтерге қатынасу шешімін қабылдасаңыз, бұл әрекетті өз тәуекеліңізбен және осы Шарттарға сәйкес емес, Байланыстырылған қызметтерге қолданылатын шарттар мен талаптарға сәйкес орындайсыз.

Қызметтер әдетте ашық бағдарламалық жасақтама немесе ұқсас лицензиялар арқылы тегін ұсынылатын үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасын (Үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасы) қамтуы мүмкін. Сізге жеткізілетін Қызметтер осы Шарттарға байланысты болғанымен, Қызметтерге қосылған Үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасы тиісті болған кезде сізге ұсынылатын басқа лицензиялар немесе пайдалану шарттарына байланысты болады.

13. COCA-COLA КОМПАНИЯСЫНЫҢ МІНДЕТТЕМЕСІ ОСЫ ШАРТТАРМЕН ҚАЛАЙ ШЕКТЕЛЕДІ?

Coca‑Cola компаниясының Кепілдіктерден бас тартуы

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢНАМАМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН КЕЗДЕ ҚЫЗМЕТТЕР “ӘДЕТТЕГІДЕЙ” ЖӘНЕ БАРЛЫҚ АҚАУЛАР МЕН ОЛҚЫЛЫҚТАРМЕН ЖӘНЕ ЕШБІР КЕПІЛДІКСІЗ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢНАМАМЕН БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ДЕҢГЕЙДЕ COCA-COLA КОМПАНИЯСЫ, ӨЗ АТЫНАН ЖӘНЕ ЕНШІЛЕС КӘСІПОРЫНДАРЫ МЕН ТИІСТІ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ МЕН МАЗМҰН ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ (БІРГЕ COCA-COLA ТАРАПТАРЫ ДЕП АТАЛАТЫН) АТЫНАН, ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, ЗАҢДЫ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ БАРЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕРДЕН ТІКЕЛЕЙ БАС ТАРТАДЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ САПАНЫҢ БАРЛЫҚ ЖАНАМА КЕПІЛДІКТЕРІ, БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ, МЕНШІК ПЕН ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ МӘМІЛЕ, ОРЫНДАУ, ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ САУДАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА ТУЫНДАУЫ МҮМКІН КЕПІЛДІКТЕРІ БАР. ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДЫ ШЕКТЕМЕЙ COCA-COLA ТАРАПТАРЫНЫҢ ЕШБІРІ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛАТЫНЫНА, КӨЗДЕЛГЕН НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕТІНІНЕ, КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАМЕН, ЖҮЙЕЛЕРМЕН НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРМЕН ҮЙЛЕСІМДІ БОЛАТЫНЫНА НЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІНЕ, ҮЗІЛІССІЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІНЕ, ӨНІМДІЛІК НЕ СЕНІМДІЛІК СТАНДАРТТАРЫНА САЙ НЕМЕСЕ ҚАТЕСІЗ БОЛАТЫНЫНА НЕМЕСЕ ҚАТЕНІ НЕ АҚАУДЫ ТҮЗЕТУГЕ БОЛАТЫНЫНА НЕМЕСЕ ТҮЗЕТІЛЕТІНІНЕ ЕШБІР КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ, МІНДЕТТЕМЕ АЛМАЙДЫ НЕМЕСЕ ЕШБІР МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАМАЙДЫ.

КЕЙБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАР ТҰТЫНУШЫНЫҢ ЖАНАМА КЕПІЛДІКТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІНЕ НЕ ШЕКТЕУЛЕРІНЕ НЕМЕСЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ ШЕКТЕУЛЕРІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙДІ, СОНДЫҚТАН ЖОҒАРЫДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР МЕН ШЕКТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІРІ НЕ БАРЛЫҒЫ СІЗГЕ ҚОЛДАНЫЛМАУЫ МҮМКІН.

Coca‑Cola компаниясы міндеттемесінің шектеулері

Coca‑Cola компаниясы осы Шарттар баптарына сәйкес Coca‑Cola компаниясының осы Шарттарды өрескел бұзу нәтижесіндегі тиісті тікелей және болжанатын шығындар үшін жауапты болады. 

Қолданылатын заңнамамен барынша рұқсат етілетін деңгейде Coca‑Cola компаниясы мыналар үшін жауапты емес және жауапты болмайды:

  • Кейінгі шығындарды қоса болжанбайтын шығындар.
  • Үлгілік немесе айыппұл шығындары.
  • Қызметтерді пайдаланумен байланысты кез келген кірісті жоғалту, клиенттерді жоғалту, келісімшартты жоғалту, іскерлік қызметтің үзілуі, күтілетін үнемдеу, бедел немесе іскерлік мүмкіндікті жоғалту.
  • Қызметтерге қатынасқан кезде жұққан вирустар не басқа зиянды бағдарламалық жасақтама немесе Қызметтердегі қателер, ақаулар, кідірістер не үзілістер
  • Кез келген үшінші тарап әрекеттеріне қатысты шығындар, соның ішінде Байланыстырылған қызметтерді пайдалану немесе пайдалана алмау бар.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢНАМАМЕН ТІКЕЛЕЙ ТАЛАП ЕТІЛГЕНДІ ҚОСПАҒАНДА, COCA-COLA КОМПАНИЯСЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДАН НЕ ПАЙДАЛАНА АЛМАУДАН ТУЫНДАЙТЫН НЕМЕСЕ ОҒАН ҚАТЫСТЫ НЕМЕСЕ КЕЛІСІМШАРТТАҒЫ, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАҒЫ ОСЫ ШАРТТАРДАН ТУЫНДАЙТЫН НЕМЕСЕ ОЛАРҒА ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ ТАЛАПТАР БОЙЫНША ЖАЛПЫ МІНДЕТТЕМЕСІ ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ЖИЫНТЫҚТА БІР ЖҮЗ АҚШ ДОЛЛАРЫНАН ($100,00) АСПАЙДЫ.

Осы Шарттардағы ешбір тұс заңсыз болып табылатын міндеттемені алып тастауға немесе шектеуге арналмаған, соның ішінде салғырттық нәтижесіндегі өлім не дене жарақаты немесе алаяқтық не басқа қасақана іс-әрекет бойынша міндеттеме де бар. ЕГЕР ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ШЕКТЕУЛЕР ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНЫЛСА, COCA-COLA КОМПАНИЯСЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРДЕГІ НЕ СИПАТТАҒЫ БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР, ЖОҒАЛТУ НЕМЕСЕ ТАЛАП СЕБЕПТЕРІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ МІНДЕТТЕМЕСІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢНАМАМЕН БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ДЕҢГЕЙДЕ ШЕКТЕЛЕДІ.

ТҰТЫНУШЫ РЕТІНДЕ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЕЛІҢІЗДЕГІ ЮРИСДИКЦИЯ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН МІНДЕТТІ БАБЫ АРТЫҚШЫЛЫҒЫН КӨРЕСІЗ.  ОСЫ ШАРТТАРДАҒЫ ЕШБІР ТҰС ТҰТЫНУШЫ РЕТІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢНАМАНЫҢ МІНДЕТТІ БАПТАРЫН БАСШЫЛЫҚҚА АЛУ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗҒА ӘСЕР ЕТПЕЙДІ.

14. COCA-COLA КОМПАНИЯСЫ ТҰТЫНУШЫЛАРМЕН ҚАЛАЙ БАЙЛАНЫСАДЫ?

Қызметтерді пайдалану немесе бізге электрондық хабар жіберу кезінде, бізбен электрондық түрде байланысасыз. Таңдауларыңызға және тіркелгі параметрлеріне қарай сізбен электрондық пошта, мәтіндік хабар немесе Қолданбаның push хабарландыруы немесе Қолданбада хабарлама орналастыру немесе басқа да жолмен Қызметтер арқылы әртүрлі жолдармен электрондық түрде байланысамыз. Осы хабарламалардың кейбірі автоматты түрде жіберіледі, ал кейбірі Қызметтер бөлігі ретінде әдепкідей жіберіледі. Ара-тұра хабарламалардың кейбір түрлері қосылуы немесе жойылуы мүмкін. Тіркелгі параметрлерінде кейбір электрондық хабарламаларды алу қажеттілігін реттеуге болады. Кейбір хабарламаларды ажырату мүмкін болғанымен, қауіпсіздіктің бұзылу жайтын хабарлау секілді Қызметтердің кейбір бөліктерін қамтамасыз ету мүмкіндігі үшін қажет болған кезде сізге ескертулер жіберуіміз мүмкін.

Міндетті қолданылатын заңнамада нақты басқа байланыс үлгісі талап етілмесе, сізге электрондық түрде жіберілетін барлық келісімдердің, ескертулердің, жария етілетін деректердің және басқа хабарламалардың жазбаша болу бойынша заңды талабын қанағаттандыратынына келісесіз. Кейбір электрондық хабарламалар үшін оператор немесе қызмет жеткізуші ақы алуы мүмкін.

Егер электрондық пошта мекенжайыңыз немесе басқа байланыс ақпараты өзгерсе, Coca‑Cola компаниясына хабарлауға жауапты боласыз. Электрондық пошта мекенжайындағы өзгерістер біз жіберетін барлық хабарламаларға қолданылады.

Кейбір хабарламаларда құпия сөзді қайта орнату сұрауы секілді тіркелгі туралы ақпарат болуы мүмкін. Электрондық пошта мекенжайына немесе мобильді құрылғыға қатынасы бар тұлға осы хабарламалар мазмұнын қарай алады.

Маркетингтік немесе науқандық хабарламаларды жіберген кезде бұл әрекетті қажетінше келісіміңіз негізінде орындаймыз. Сондай-ақ әрбір маркетинг электрондық хабарының төменгі деректемесіндегі жазылымнан бас тарту сілтемесін басып, электрондық маркетинг хабарламаларын реттеуге болады.  

15. COCA-COLA КОМПАНИЯСЫНА ҚАЛАЙ ХАБАРЛАСАМЫН?

Осы Шарттар, Coca‑Cola компаниясының Тұтынушылар құпиялылығы саясаты немесе Coca‑Cola компаниясының жеке ақпаратты өңдеуі бойынша Coca‑Cola компаниясына хабарласу үшін бізге  https://www.coca-colacompany.com/contact-us/contact-us-form арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ The Coca‑Cola Company, P.O. Box 1734, Atlanta, GA 30301 мекенжайына жазып, 1.800.GET.COKE (1.800.438.2653) нөміріне қоңырау шалып немесе Қызметтер арқылы ұсынылған басқа юрисдикциялық ақпаратты пайдаланып, бізге хабарласуға болады.

Құпиялылық саясаты және пайдаланушылардан немесе олар туралы жиналатын жеке ақпараттың қалай қолданылатыны бойынша Coca‑Cola компаниясына хабарласу үшін Coca‑Cola компаниясының Тұтынушылар құпиялылығы саясатында берілген байланыс ақпаратын пайдаланыңыз.

16. ӨЗГЕ

a.     Осы Шарттарда (соның ішінде Coca‑Cola компаниясының Тұтынушылар құпиялылығы саясаты немесе сізге ұсынылған басқа құпиялылық саясаты немесе ескерту) Coca‑Cola компаниясымен араңыздағы осында қамтылған Қызметтер мен мәселелерге қатысты дара және толық уағдаластығыңыз бар және олар Қызметтерге қатысты жазбаша немесе ауызша барлық алдыңғы және ағымдағы уағдаластық пен келісімдер орнын басады.

b.     Түймені не белгішені таңдау, ұқсас іс-әрекеттің немесе Coca‑Cola компаниясына растау не келісім беру мақсатында пернетақта, тінтуір не басқа құрылғыны пайдалануыңыздың жазбаша түрдегі қолыңызбен бірдей электрондық қолтаңбаңызды білдіретініне келісесіз. Сондай-ақ электрондық қолтаңбаны тексеру үшін үшінші тарап растауы қажет емес екеніне келісесіз. Қосымша Қызметтермен байланысты электрондық қолтаңбаның әрбір пайдалануының электрондық қолтаңба қойылған күніндегі осы Қызмет шарттарын орындауға келісіміңізді білдіретініне келісесіз.

c.      Осы Шарттар Coca‑Cola компаниясы, мирасқорлары мен табысталған құқық иеленушілерінің мүддесіне қызмет етеді және орындауы міндеттеледі.

d.     Coca‑Cola компаниясы осы Шарттарды мүдделі мирасқорға табыстауы мүмкін (толық немесе бөлігін), бірақ Шарттарды Coca‑Cola компаниясының алдын ала тікелей жазбаша рұқсатынсыз тағайындай алмайсыз.

e.     Егер осы Шарттардың кез келген бабы құзырлы юрисдикция сотымен немесе басқа трибуналымен жарамсыз, заңсыз немесе белгілі бір себептен қамтамасыз етілмейтін деп танылса, осы бап жойылады немесе қалған баптар осындай қамтамасыз етілмейтін немесе жарамсыз бап пайдаланылмағанмен бірдей әсермен жалғасатындай етіп, ең төменгі деңгейге шектеледі.

f.      Coca‑Cola компаниясының осы Шарттарда көзделген кез келген шарттан бас тарту осындай шарттан әрі қарай не үздіксіз бас тарту немесе кез келген басқа шарттан бас тарту болып есептелмейді. Coca‑Cola компаниясының осы Шарттарға сәйкес құқықты не бапты растай алмауы осындай құқықтан не баптан бас тарту деп есептелмейді.

g.     Осы Шарттарда қамтылған ешбір тұс Coca‑Cola компаниясымен араңызда серіктестік, бірлескен кәсіпорын, агенттік не басқа осындай қатынас құрмайды.

h.     Егер Coca‑Cola компаниясының немесе сіздің осы бапқа сілтеме жасайтын тараптың тиісті бақылауынан тыс кез келген себептен осы Шарттарға сәйкес кез келген міндеттемені орындауына жол берілмесе немесе орындай алмаса, әсер еткен тараптың міндеттеме орындауы кідіріс немесе осындай себепке байланысты орындай алмау кезеңіне ұзартылады.

i.       Атаулар және жазбалар тек ыңғайлылық мақсатында берілген. Мәнмәтінмен өзгеше көзделмесе немесе түсіндірілмесе, соның ішінде, қосқанда, атап айтқанда, мысалы, сияқты деген сөздерді не сөз тіркестерін немесе кез келген ұқсас сөздерді пайдалану бейнелеу мақсатын көздейді және сөздер, сипаттамалар, анықтамалар, тіркестер немесе осы сөздер алдындағы немесе одан кейінгі терминдер мәнін шектемейді.

17. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

Coca‑Cola компаниясы Қызметтерге қатысты кез келген мәселені тікелей сізбен шешу мүмкіндігін бағалайды. Егер назарымызды белгілі бір мәселеге аудартқыңыз келсе, бізге https://www.coca-colacompany.com/contact-us/contact-us-form арқылы хабарласыңыз.

Осы 17-бөлімде көзделгендей Қызметтерді пайдаланудан туындайтын немесе онымен байланысты дауларды, талаптарды және талап себептерін шешуге келісесіз (әрбіреуі Дау деп аталатын). Төмендегі юрисдикция баптары бойынша осы Шарттар және Қызметтерді пайдалану құқықты таңдау баптарына қарамастан АҚШ, Джорджия штаты заңдарымен реттеледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық тауар саудасы келісім-шарттарының конвенциясын қолдануға тікелей жол берілмейді.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢНАМАМЕН БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ДЕҢГЕЙДЕ. ҚЫЗМЕТТЕРДЕН ТУЫНДАЙТЫН НЕМЕСЕ ОЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ТАЛАП СЕБЕБІНІҢ ТАЛАП СЕБЕБІ ОРЫН АЛҒАННАН КЕЙІН БІР (1) ЖЫЛ ІШІНДЕ БАСТАЛУЫ ТИІС ЕКЕНІНЕ КЕЛІСЕСІЗ; ӘЙТПЕСЕ ТАЛАП СЕБЕБІНЕ БІРЖОЛАТА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Канададағы тұтынушылар үшін: Сіз және Coca‑Cola компаниясы осы Шарттардың Онтарио провинциясының қолданылатын заңнамасына және Канада заңдарына сәйкес реттелетініне және түсіндірілетініне келісесіз. Осы Шарттардан туындайтын не оларға қатысты кез келген сот немесе әділдік талабының Онтарио, Торонтода орналасқан провинциялық не федералдық соттарға ғана тапсырылатынына келісесіз және осында кез келген осындай талап бойынша сот өндірісін жүргізу мақсаттарында осындай соттардың айрықша жеке юрисдикциясына тапсырасыз.

ЕО тұтынушылары үшін: Егер сіз ЕО елінде тұрсаңыз, тұрғылықты ЕО мүше елде осы Шарттармен байланысты тұтынушыларды қорғау құқықтарыңызды қамтамасыз ету мақсатында талап тапсыра аласыз. Сондай-ақ Еуропалық Комиссия осы жерде қатынасуға болатын онлайн дауларды шешу платформасын қамтамасыз етеді: https://ec.europa.eu/consumers/odr. Тұтынушы ретіндегі құқықтарыңыз туралы қосымша ақпарат осы жерде қолжетімді.

Италиядағы тұтынушылар үшін: Осы Шарттарға қатысты арамыздағы кез келген дау тек тұрақты тұрғылықты орныңыздағы соттармен қаралады. Сондай-ақ осы Шарттарға қатысты кез келген дауды шешу бойынша соттан тыс тетікке арыздана аласыз (2005 жылдың 6 қыркүйегіндегі №206 Италияның Тұтынушылар кодексінің 141 – 141 бөлімдеріне сәйкес). Мысалы, жоғарыда аталған Еуропалық онлайн дауларды шешу платформасын қолдануға не қарауға болады.

Бангладештегі, Бутандағы, Үндістандағы, Мальдив аралдарындағы, Непалдағы және Шри-Ланкадағы тұтынушылар үшін: Осы Шарттар және Қызметтерді пайдалану құқықты таңдау баптарына қарамастан тұрақты тұрғылықты орныңыздағы заңдармен реттеледі. Тұрақты тұрғылықты орында орналасқан құзырлы юрисдикция соттарының осы Шарттардан туындайтын немесе оларға қатысты барлық даулар бойынша айрықша юрисдикциясы болады.

Ұлыбританиядағы тұтынушылар үшін: Осы Шарттар және олардың мәні Англия мен Уэльс заңдарымен реттеледі және түсіндіріледі. Сіз және біз Англия мен Уэльс соттарында айрықша юрисдикция болатынына келісеміз (бірақ егер Солтүстік Ирландия тұрғыны болсаңыз, сот өндірісін Солтүстік Ирландияда, ал Шотландия тұрғыны болсаңыз, Шотландияда жүргізуге болады.)

АҚШ тұтынушылары үшін:

Арбитрді және ережелерді таңдауДау Тұтынушылардың арбитраж ережелеріне сәйкес қарайтын Американдық арбитраж қауымдастығына (AAA) ғана тапсырылуы тиіс. Егер белгілі бір себептен AAA арбитражды осы шарттарға сәйкес жүргізе алмаса не жүргізгісі келмесе, сіз және біз АҚШ Кодексінің 9-бөлім, 5-тармағына сәйкес басқа арбитрді таңдаймыз.

Міндетті (Жеке) арбитраж. Арамыздағы Даудың арнайы жеке (топтық емес) арбитражда шешілетініне келісесіз. Тараптар  Федералдық арбитраж заңы, АҚШ Кодексінің 9-бөлім, 1-тармағы талаптарын орындауды көздейді. Арбитраж алқабилер және төреші болмайтынын білдіреді.

Арбитраж ауқымы. Арбитр тек осы Шарттар қолданылатын Дауға қатысты барлық мәселелерді анықтайды. Сондай-ақ арбитр Даудың не мәселенің арбитражға жататынына қатысты сауалды анықтайды. Арбитрдің Дауды топтық талап, бұқаралық талап немесе өкілдік талап ретінде қарауға өкілеттігі болмайды. Арбитрдің сізден не бізден басқа кез келген басқа тұлғаны міндеттемеден босатуға өкілеттігі жоқ.

Арбитраж ерекшелігі (Кіші талаптар соты). Кіші талаптар сотында толық шешілетін дауларды арбитражға тапсыру қажет емес.

Орынды таңдау (Фултон округі, Джорджия). Тараптармен өзгеше келісілмесе немесе арбитрмен анықталмаса, Даулардың тек Джорджия штатындағы Фултон округінде қаралатынына келісесіз. Барлық мақсаттар үшін Джорджия штатының юрисдикциясына келісесіз.

Құқықты таңдау (Джорджия). Осы Шарттар және Қызметтерді пайдалану құқықты таңдау баптарына қарамастан АҚШ, Джорджия штаты заңдарымен реттеледі. Дегенмен, Дауды арбитражға жатқызу немесе арбитражды жүргізу бойынша шешім тек Федералдық арбитраж заңы, АҚШ Кодексінің 9-бөлім, 1-тармағына сәйкес реттеледі.

Арбитражда қолжетімді құқықтық қорғау құралдары. Арбитр сот тыйымын қоспағанда іске қолданылатын заң(дар)ға сәйкес қорғаушы гонорары мен шығындарын тағайындауды қоса тараптардың сотта қол жеткізген болуы мүмкін кез келген құқықтық қорғау құралдарын, міндеттемеден босатуды не нәтижені қамтамасыз етуі мүмкін.

Сот тыйымы. Арбитр қаулы шығара алмайды. Егер Даудың кез келген тарабы сот тыйымын көздесе, арбитр Дау арбитражын орындайды, ақшалай өтемақыны (егер болса) тағайындайды және кейін сот тыйымын көздейтін тарап тек сот тыйымы мақсатында Джорджия, Фултон округіндегі штат немесе федералдық сотына жаңа талап тапсыра алады.  Жайт нәтижелері және арбитр құқығының қорытындылары дәлел ретінде тапсырылмауы тиіс немесе осы кейінгі сот процесінде прецедентті білдірмейді.

ТОПТЫҚ ТАЛАПТАН БАС ТАРТУ

Қолданылатын заңнамамен Құрама Штаттарда рұқсат етілген кезде Coca‑Cola компаниясы және сіз дауды шешу процесінің топтық, біріктірілген немесе өкілдік талап ретінде емес, тек жеке жүргізілетініне келісесіз.  Әрбіреуіміз алқабилер сотына құқықтан бас тартамыз. 

18. ЮРИСДИКЦИЯ ШАРТТАРЫ 

ТӨМЕНДЕ ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛІ БІР ЮРИСДИКЦИЯЛАРДЫ ТАҢДАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРІЛГЕН.  ТИІСТІ БӨЛІМДЕРДІ ҚАРАП ШЫҒУДЫ СҰРАЙМЫЗ. 

Калифорниядағы тұтынушылар үшін: Егер 18 жасқа толмаған болсаңыз және Калифорния тұрғыны болсаңыз, Қызметтерде жария етуді таңдаған Пайдаланушы мазмұныңыздың жойылуын сұрау құқығыңыз болуы мүмкін. Пайдаланушы мазмұнын жоюды сұрау үшін “Калифорниядағы кәмелетке толмаған пайдаланушы мазмұнын жою” тақырып жолымен <email> арқылы Coca‑Cola компаниясына хабарласыңыз. Алып тастау құқығының нақпа-нақ емес екенін ескеріңіз — құқық басқалардың кейінгі бөлісуіне немесе жариялауына емес және басқа адамдар бөлісетін сіз туралы мазмұнға емес, Пайдаланушы мазмұнының бастапқы орналастырылуына қолданылады. Сондай-ақ егер Пайдаланушы мазмұнын орналастыру үшін өтемақы немесе басқа төлем алсаңыз, алып тастау құқығы қолданылмайды. Coca‑Cola компаниясы Пайдаланушы мазмұнының Интернеттен барынша жойылуын қамтамасыз ете алмайды.

Егер Калифорниялық болсаңыз және Coca‑Cola компаниясынан өзіңіз туралы сақталатын жеке ақпаратты жоюды сұрағыңыз келсе, Coca‑Cola компаниясының Құпиялылық саясатының Калифорния бөлімін қараңыз.

Егер Қызметтер кез келген уақытта электрондық коммерциялық қызмет болып есептелсе (Калифорнияның Азаматтық кодексінің 1789.3 бөліміне сәйкес белгіленген), Калифорния тұрғындары мына нақты тұтынушы құқықтары туралы ақпаратқа құқылы болады:

Қызметтер жеткізушісі: The Coca‑Cola Company, One Coca‑Cola Plaza, Atlanta, Georgia 30313.

Егер Қызметтер электрондық коммерциялық қызмет деп есептелсе, https://www.coca-colacompany.com/contact-us/contact-us-form арқылы электрондық хабар жіберіп, Қызметтерге қатысты шағым түсіруге немесе Қызметтерді пайдалануға қатысты қосымша ақпарат алуға болады. Сондай-ақ The Coca‑Cola Company, P.O. Box 1734, Atlanta, GA 30301 мекенжайына жазып немесе 1.800.GET.COKE (1.800.438.2653) нөміріне қоңырау шалып, бізге хабарласа аласыз

Барлық АҚШ тұтынушылары үшін: 1998 жылғы Сандық мыңжылдықтың авторлық құқық заңына (“DMCA”) сәйкес авторлық құқықтың бұзылуына қатысты талапты хабарлау туралы ақпарат бойынша  DMCA саясатын қараңыз.

Германиядағы тұтынушылар үшін: Осы Шарттардағы ешбір тұс Coca‑Cola компаниясының Германияда орналасқан пайдаланушыларға қатысты өрескел салғырттық бойынша міндеттемесін шектемейді немесе алып тастамайды.  Германияның Жарнамалау федерациясының (Deutscher Werberat, ZAW) ережелеріне сәйкес Coca‑Cola компаниясы 14 жасқа толмаған тұтынушыларға бағытталған жарнамалау немесе маркетинг іс-әрекеттерін жүргізбейді. Сондықтан Қызметтер 14 жасқа толмаған тұлғаға бағытталмаған немесе оның пайдалануына арналмаған.