ТАҒЫ 16 ӘЙЕЛ "COCA‑COLA БЕЛЕСТЕРI" БАҒДАРЛАМАСЫНАН ЖЕКЕ БИЗНЕСІН ДАМЫТУҒА ГРАНТ АЛДЫ
Тағы 16 жеңімпаз «Coca‑Cola Белестерi» бағдарламасы бойынша өз ісін дамытуға 2-ден 4 мың АҚШ долларына дейінгі мөлшерде грант сертификаттарына ие болды. Бағдарламаның әрекет ету жылдары ішінде жалпы грант алған әйелдер саны 97-ге жетті.
11/05/2021
5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, "The Coca‑Cola Foundation" халықаралық қайырымдылық қорының, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің, сондай – ақ ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен "Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі-экономикалық тұрақтылық пен орнықты дамуға жол" атты Қазақстанның ауыл әйелдерінің IV Форумы өтті.
Форумда оқудан өткен және Қазақстанда 9-шы жыл өткізіліп келетін "Coca‑Cola Белестері" бағдарламасы шеңберінде гранттар конкурсына қатысқан ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін тағы бір табысты жылдың қорытындылары шығарылды. Марапаттау рәсімінде байқаудың 16 жеңімпазы өз ісін дамытуға 2-ден 4 мың АҚШ долларына дейінгі мөлшердегі гранттарға сертификаттар алды. Осылайша, "Coca‑Cola Белестері" бағдарламасы жұмыс істеген жылдар ішінде грант алған әйелдердің жалпы саны 97-ге жетті.
"Coca‑Cola Белестері" жобасы әйелдерді нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту мақсатында құрылды және әйелдерге бизнес негіздері және фермерлік бойынша білім беру бағдарламаларына, өзінің шағын бизнесін ашу немесе дамыту үшін қаржылық көмек алу, кураторлар тарапынан қолдау алу мүмкіндігімен үздік бизнес-идея конкурсына қатысуға мүмкіндік береді. 2013 жылы жоба басталғаннан бері 50 000-нан астам әйел оқытылды, олардың жартысынан көбі соңғы екі пандемия жылында оқыды. Бүгінгі таңда 80 - нен астам бизнес сәтті жұмыс істеуде, олар 300-ден астам жұмыс орнын ашты", - деді Елена Ожго, жобаның бастамашысы және "Әлеуметтік Динамика" қоғамдық қорының директоры.
2021 жылы "Coca‑Cola Белестері" онлайн өткізілді, бұл бүкіл Қазақстаннан 15 000-нан астам қатысушыны қамтуға мүмкіндік берді. Жобаның ресми алаңы- https://ccb.kz сайты, онда өз бизнесін ашқысы келетін әйелдерге көмектесетін бөлімдер бар. BusinessTeam (шағын бизнесті бастау бойынша үш апталық оқу ағындары) және FarmerSchool (ауылда бизнесті жүргізу бойынша практикалық курстар) онлайн-бағдарламалары өсу сатыларына айналды және болашақ кәсіпкерліктің әлеуетін құрады. Осылайша, жобаның негізі кәсіпкерлік әлеуетін арттыру үшін негізгі ресурстардың бірі ретінде білім алу үшін қажетті жағдайлар жасайтын білім беру қызметі болып табылады. Оқуды сәтті аяқтаған әйелдерге үздік бизнес-жоспар конкурсына қатысуға және өтеусіз грант алуға мүмкіндік беріледі.
"Coca‑Cola Белестері жобасы гендерлік теңдік және әйелдерді экономикалық қолдау саласындағы барлық әлеуметтік жобалардың ішіндегі тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия мен Кавказда да біздің компания қолдап отырған ең ірі жоба болып табылады. Осы екі пандемия жылында біз жобада оқуға деген рекордтық сұранысты байқадық: 2020 жылы 10-нан астам, ал 2021 жылы 15 мыңнан астам әйел тренингтерден өтті. Мен биылғы конкурстың жартылай финалистерінің жобаларды қорғауына қатыстым. Бұл өз отбасыларына да, айналасындағыларға да қамқорлық жасағысы келетін мықты, алдына мақсат қоя білетін, дарынды әйелдер. Әр түрлі бизнес-жоспарлар ұсынылды: дәстүрлі егіншілік пен киім тігуден бастап, балаларға арналған робототехника және тамақ дайындау курстарын ұйымдастыруға дейін, кинотеатрларға попкорн жеткізу және балаларға табиғатты күтуге үйрету үшін қоқысты сұрыптауға арналған ойыншық контейнерлерін жасау. Белестері жобасы Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің маңызды әлеуетін анықтайды",-деді Coca‑Cola компаниясының Қазақстандағы және Қырғызстандағы Корпоративтік байланыстар мен коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман.
Биыл байқауға қатысу үшін 309 өтінім іріктелді. Дәстүрлі түрде Ақмола (өтінімдердің жалпы санының 16%), Алматы (24%) және Қарағанды (8%) облыстарының әйелдері белсенділік танытты. Алғаш рет жоғары белсенділікті Түркістан облысынан келген қатысушылар көрсетті (10%). Нәтижесінде қазылар алқасы жартылай финалға 31 бизнес-жоспарды таңдады және онлайн-кездесудің қорытындысы бойынша, онда барлық жартылай финалға қатысушылар өз жобаларын жеке қорғады, форумда 16 жеңімпаздың есімдері аталды.