COCA-COLA ЖӘНЕ PLASTNET 2023 ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ҚАЗАҚСТАНДА ӨКМ ҰЖЫМДЫҚ ОПЕРАТОРЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС ЖАСАДЫ
Астанадағы PlastNet 2023 конференциясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының өкілдері, ірі өндірушілер/ импорттаушылар, қалдықты жинау және қайта өңдеу компаниялары ҚР-да ӨКМ жүйесін реформалауды талқылады
17/02/2023
Coca‑Cola және PlastNet 2023 жыл сайынғы конференциясының қатысушылары Қазақстанда ӨКМ ұжымдық операторын құру туралы ұсыныс жасады.
Астанада 17 ақпанда пластик қалдықтарын ұтымды басқаруға арналған PlastNet 2023 жыл сайынғы конференциясы өтті. Іс-шара бір алаңда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР СЖЖРА Ұлттық статистика бюросының, қаптамадағы тауарлардың ірі өндірушілерінің/ импорттаушыларының, сондай-ақ қалдықтарды жинау және қайта өңдеу жөніндегі мамандандырылған компаниялардың өкілдерін жинады.
Конференцияға қатысушылар үшін басты мәселелердің бірі Қазақстандағы өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) жүйесін реформалау мәселесі болды. Бұл мәселені шешуде барлық тараптардың — мемлекеттік органдардың, бизнес пен жұртшылықтың өзара іс-қимылы қажет.
Қазіргі уақытта ӨКМ Операторының рөлін «Жасыл Даму» АҚ мемлекеттік ұйымы атқарады.
- Plastnet 1
- Plastnet 2
- Plastnet 3
- Plastnet 4
- Plastnet 5
Конференцияға қатысушылар Қазақстанда өндірушілердің міндеттемелерін орындаудың бірнеше жүйесі қажет деген қорытындыға келді. Компаниялар өздеріне ыңғайлы ӨКМ орындау моделін өз бетінше таңдай алу мүмкіндігіне ие болуы тиіс: мемлекеттік, жеке немесе ұжымдық.
Бұл өз кезегінде мамандандырылған кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
Қаптамадағы өнім өндірушілер Қазақстан ӨКМ ұжымдық жүйесі өзін барынша тиімді деп көрсеткен ЕО елдерінен үлгі ала алады деп есептейді. Ең алдымен мемлекеттік орган және өндірушілер мен импорттаушылар құрған өзін-өзі реттейтін ұйым оператор бола алатын аралас жүйеге ауысуға болады. Мемлекет атынан жалғыз оператордың болуы бірқатар кемшіліктерге ие, соның ішінде: жүйенің баяу жұмыс істеуі, икемділіктің болмауы, артық құжат айналымы. Басқа елдерде ұжымдық ӨКМ схемасы бойынша жұмыс тәжірибесі бар ірі халықаралық компаниялар ұжымдық жауапкершілікті өз мойнына алуға және оны біздің еліміздің аумағында дамытуға дайын.
«Сонымен қатар өндірушілер мен импорттаушылар ғана емес, барлық мүдделі тараптардың жауапкершілігі туралы ұмытпаған жөн. Мемлекет тиісті заңнаманы және ӨКМ-ге жататын қалдықтардың әрбір түрі үшін жинау және қайта өңдеу жөніндегі нысаналы индикаторларды белгілеуді қамтамасыз етуге тиіс. ЖАО жергілікті жерлерде инфрақұрылымды дамытып, ең бастысы — қалдықтарды бөлек жинау жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Қалдықтарды жинау және қайта өңдеу кәсіпорындары жиналған қалдықтарды сапалы және экологиялық қауіпсіз қайта өңдеуді қамтамасыз етуі тиіс», - деп есептейді «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығы директорының орынбасары Айжан Рысқұлова.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі ӨКМ жүйесін реформалау қажеттілігін қолдады, сондай-ақ бұл мәселе ӨКМ бойынша түзетулер енгізу жобасы және «жаңадан» реттеу жобасы шеңберінде белсенді талқыланып жатқанын айтты.
«Министрліктің бастамасымен биыл барлық мүдделі тараптар тартылған ӨКМ жүйесін реформалауды талқылау үшін арнайы жұмыс тобы құрылуда», - деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары Динара Әжіғалиева.