ПЛАСТИКТІҢ «ЕКІНШІ ӨМІРІ»: COCA-COLA АЛМАТЫДА ЭКО- МАРАФОНДЫ ІСКЕ ҚОСТЫ

Coca‑Cola компаниясы Алматы қ. Әкімдігінің және PlastNet желісінің қолдауымен пластик қалдықтарын жинау бойынша марафонды іске қосты. Марафон аяқталғаннан кейін жиналған пластик Coca‑Cola қалаға Наурыз мерекесіне орай сыйлайтын орындықтарға қайта өңделеді

06/03/2023

Сәнді киім, сәнді аяқ киім, сөмкелер, чемодандар, рюкзактар және тіпті жиһаз - осының барлығы қайта өңделген пластиктен жасауға болатын нәрселердің толық тізімі емес! Заманауи технологиялардың арқасында өнім сапалы, берік және ұзақ уақытқа жарамды болады.

2023 жылдың наурыз айының ішінде Алматыда пластикті қайта өңдеу бойынша марафон өтеді, оған әркім қатыса алады. Ол үшін пластик қалдықтарын арнайы қабылдау орындарына тапсыру керек. Қабылдау орындарының тізімі төменде келтірілген.

Марафонның бастамашысы Алматы қаласы Әкімдігінің және қалдықтарды жасаушылар, жинаушылар мен қайта өңдеушілерді біріктіретін ұйым - PlastNet Желісінің қолдауымен Coca‑Cola компаниясы болды. PlastNet желісі 2019 жылдан бастап Халықаралық «Coca‑Cola Қорының» қаражаты есебінен жұмыс істейді.

Марафон аяқталғаннан кейін жиналған пластик Coca‑Cola көктемгі Наурыз мерекесіне орай қалаға сыйлайтын түрлі-түсті орындықтарға қайта өңделеді.

Coca‑Cola компаниясының Қазақстан мен Қырғызстандағы қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Александра Аккирманның айтуынша: «Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу ғаламшардың алдында тұрған көптеген экологиялық міндеттерді шешудің қолжетімді құралы болып табылады. Біз өз үлесімізді қосып, пластик қаптамасына «екінші өмір» бере алатынымызға қуаныштымыз. Біздің эко- марафон арқылы біз қалдықтарды бөлек жинаудың маңыздылығына назар аударғымыз келеді және пластиктің құнды қайталама ресурс бола алатынын анық көрсеткіміз келеді».

Орындықтарды Rocket Plastic компаниясы шығарады, ол Coca‑Cola компаниясының «3.2.1.Старт!» жастар эко-кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі жобасының гранты арқасында пайда болған экологиялық стартап.

Rocket Plastic жобасының негізін қалаушы Данияр Бакимов: «Адам қалдықтардан қала үшін пайдалы нәрсе жасауға болатынын көргенде, бұл оның тұрақтылыққа және жалпы қалдықтарды жинау мен қайта өңдеуге деген көзқарасын өзгертеді. Қалалық орта одан пайда көретіні маңызды. Адамдар қоқыс түрінде біздің экологияны ластайтын нәрсе қайта өңдеуден кейін пайдалы нәрсе болуы мүмкін екенін көре алады».

Барлық ниет білдірушілер үшін пластик қалдықтарды қабылдауға арналған орындарды өткен жылы PlastNet Желісінің қолдауымен қалдықтарды бөлек жинау мәдениеті енгізілген Алматы қаласының үш жоғары оқу орны ашты. Бұл Әйелдер Педагогикалық Университеті, Г.Дәукеев атындағы АЭБУ және Алматы Технологиялық Университеті.

Азық-түлік пен сусындардан, сондай-ақ тұрмыстық химиядан қалған кез-келген пластик қаптамасын қайта өңдеуге тапсыруға болады. Бұл пластик бөтелкелер, қақпақтар, сүт қораптары, пакеттер және т. б. болуы мүмкін. Назар аударыңыз! Қайта өңдеу үшін пластик таза болуы керек, яғни қаптаманы тастамас бұрын жуу керек – дәлірек айтсақ, оны жеке пакетке салыңыз, содан кейін оны қабылдау орнына апарыңыз.

Пластик қалдықтарды тапсыруға болатын қабылдау орындары:
 

  • Taza Kala - Taza El* қабылдау орындары (тек жұмыс күндері ашық,+7 705 875 8232):
    • Көкжиек 1 ш-ны, 24-ші дүңгіршек
    • Шолохов көшесі, 28
    • Пушкин көшесі, 6
    • Қаскелең, Наурызбай батыр көшесі, 31
    • «Dostyk Plaza» СОО, Самал-2 ш-ны (4 фандомат)
  • EcoSen эко-станциясы (Розыбакиев көшесі, 247, +7 701 035 4040)
  • Г. Дәукеев атындағы АЭБУ (Байтұрсынов көшесі, 124/1, +7 700 260 2324)
  • Алматы технологиялық университеті (+7 701 743 6605)
    • Төле би көшесі, 100
    • Фуркат көшесі, 348/4
  • ҚазҰӘПУ (+7 747 644 1470)
    • Әйтеке би көшесі, 95
    • Әди Шәріпов көшесі,161
  • Eco Network желілері
    • Жібек Жолы/ Байсейітова көшелерінің қиылысындағы «зымыран»
    • Достық даңғылындағы «Арман» кинотеатрының кіреберісіндегі «бөтелке»

Қалаған жағдайда, көрсетілген қабылдау орындарына қайта өңделетін қалдықтардың басқа түрлерін де тапсыруға болады.