COCA-COLA ФИРМАЛЫҚ КЕРУЕНІ БИЫЛ ӘЛДЕҚАЙДА ҮЛКЕН!
Coca‑Cola қазақстандықтарға Жаңа жылға үлкен тосын сый дайындады - еліміздің 5 қаласында фирмалық жүк көліктерінен керуен. Алматы мен Астанада олардың бірі ашық қонақ бөлмесі түрінде рәсімделді, онда танымал TikTok-хаустардың блогерлері стримдер өткізді
03/01/2023
Жаңа жыл қарсаңында Coca‑Cola компаниясы қазақстандықтар үшін үлкен тосын сый дайындады. Coca‑Cola фирмалық жүк көліктерінен құралған жаңа жылдық Керуен еліміздің бес қаласы – Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды және Шымкент көшелерімен 23-29 желтоқсан аралығында жіріп өтті.
Биылғы жылдың басты ерекшелігі-әйгілі TikTok-хаустардың-YOLO House және BIP House – Coca‑Cola мерекелік керуеніне қатысуы болды. Алматы мен Астанада жүк көліктерінің бірі жаңа жылдық қонақ бөлмесі түрінде безендірілді, онда танымал тиктокерлер шыршаны безендіріп, өздерінің TikTok аккаунттарында жаңа жылдық тікелей эфирлер өткізді.
- Image1
- Image2
- Image3
- Image4
Керуен «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов Coca‑Cola Қазақстан үшін арнайы ремикс жасаған «Мейрам келе жатыр» фирмалық жаңа жылдық әуенінің сүйемелденуімен қозғалды.
Қазақстандықтар жаңа жылдық сиқырды Coca‑Cola-мен бірге 23-29 желтоқсан аралығында күн сайын сағат 18.00-ден 21.00-ге дейін сезіне алды. Көшеге шыққысы келмейтіндер Керуеннің қозғалысын нақты уақыт режимінде www.coca-colacaravan.kz. арнайы веб-сайттан бақылап отырды. Мұнда Керуеннің бағытын, мерекелік фото аймақтардың орналасуын және сүйікті брендтен сыйлықтарды қалай алуға болатындығын да көруге болады.
Арнайы жаңа жылдық фотоаймақтарда фотосуреттер мен бейнелер түсіріп, оларды әлеуметтік желілерде @cocacola_kaz аккаунтын белгілеғeндeрдiң арасында Coca‑Cola компаниясының 20 жәшігі ойнатылды.