Coca‑Cola компаниясынан Piko, Fanta және Fusetea желілеріндегі жаңа балғын өнімдер
Coca‑Cola компаниясы қазіргі уақытта қазақстандық нарықта қолжетімді жаңа өнімдердің іске қосылғаны туралы қуана хабарлайды
29/05/2024
Биылғы көктемде Coca‑Cola компаниясы қазақстандықтарды өздерінің аса танымал брендтерінің бірден үш жаңа өнімімен қуантты. Piko шырыны бар сусындары желісінде дәрумендері бар «Piko Иммунитет» және «Piko Күшейту» өнімдері пайда болды. Fusetea салқын шайларының сұрыптамасы «Fusetea Қарбыз» жазғы дәмімен толықтырылды, ал Fanta отбасында «Fanta Лимонад» жаңа таңғажайып дәмі қосылды.
Көктем мезгілі әрдайым жаңару қуанышын сыйлайтын және ағзаны нығайту туралы ойланатын нағыз уақыт. «Piko» дәруменделген жаңа өнімдері ағзадағы дәрумендер тепе-теңдігін қалпына келтіруге көмектесіп, сергектік береді. Өмірлік маңызы бар дәрумендермен байытылған жеміс дәмдерінің теңдестірілген қоспасы жылдың кез келген уақытында өзіңізді сенімді сезінуге көмектеседі. «Piko Иммунитет» құрамында C, B12 дәрумендері және мырыш бар. Сусын шөлді қандырып және сергітіп қана қоймай, ағзаның табиғи қорғанысын қолдай алады. С және D дәрумендері бар «Piko Күшейту» өнімі күш пен энергияның құнды көзіне айналады.
«Бүгінгі таңда азық-түлік өнеркәсібінің көптеген компаниялары дәрумендермен, минералдармен, антиоксиданттармен және басқа да пайдалы заттармен байытылған өнімдерді жасауға баса назар аударады. Coca‑Cola компаниясы мұндай өнімдерді әлемдік нарықта көптен бері шығарып келеді, енді олар Қазақстанда да қолжетімді», – деді Александра Аккирман, Орталық Азия және Кавказ өңіріндегі компанияның коммуникациялар жөніндегі директоры. – «Күнделікті жұмыс пен қарбалас жағдайында өзіңізге қамқорлық жасауды, «қуатталып алуды» ұмытпаған жөн, ал Piko бренді бұған белсенді түрде көмектесуге дайын».
Көктемгі ауа-райы қандай болса да, жаз табанды түрде жақындап келеді. Жаздың аптап ыстығында қарбыз қазақстандықтардың үстеліндегі ең дәмді, тәтті және сонымен бірге шөлді қандыратын десерттердің біріне айналады. Сондықтан Coca‑Cola командасы жаңа сергітетін «Fusetea Қарбыз» салқын шайындағы қара шай мен шырынды қарбыз дәмінің үйлесімі ешкімді бей-жай қалдырмайтынына сенімді. «Қарбыз - ең танымал жазғы жемістердің бірі және жаңа сусын маусымның үздік өніміне айналмақ, онда дәмді қара шай мен сергітетін тәтті қарбыз үйлеседі», - деп атап өтті Александра Аккирман.
Сондай-ақ, компания Fanta газдалған сусындар желісінде – «Fanta Лимонад дәмі» жаңа өнімін шығарады. Осы жаңа өнімді әзірлей отырып, компания баршаға бала кезден жақсы таныс сүйікті газдалған сусынның Fanta стиліндегі бірегей дәмін ұсынуға шешім қабылдады. «Fanta Лимонад» осы шақтың екпінді әрі жарқын сезімін жоғалтпастан «өткен шаққа саяхат» жасауға мүмкіндік береді. Жеміс ноталарымен байытылған жазғы сергітетін сусын жергілікті жердегі дәм талғамдарын ескере отырып, Қазақстан үшін арнайы жасалған. Маңызды жайт: сусынның калориясы төмен.