Bonaqua шөлмегінің дизайнын жаңартты және ашық бояулар қосты
Bonaqua бренді қазақстандықтардың күнделікті өмірін көркейту мақсатында кішігірім болса да оптимизм сыйлауға талпынды. Бренд қаптаманың жаңа дизайнын және «Жақсы көр», «Дем ал», «Арманда» деген позитивті хабарламасы жазылған этикеткалардың жарыққа шығарды
18/05/2021
Өткен жыл әлемді барлық жағынан өзгертті: сапарларға тыйым салынды, кездесулер мен мерекелерге шектеу қойылды, сауда орталықтары, жаттығу залдары, кинотеатрлар, мұражайлар, көркем галереялар, тіпті храмдар мен мешіттер де жабылды. Бір сәтте ғажайып болып көрінген нәрсенің барлығы күнделікті болып кетті. Бүкіләлемдік COVID-19 індетін бастан кешіру біздің жұмысымызда, тамақтану әдетімізде, бала күтімінде және тіпті уақытты сезінуде күрт өзгерістерге әкелді. Барлық адамдар қолдарын жуып, бетперде тағып, қашықтықты сақтаумен қатар, көп су ішіп, денсаулығына назар аудара бастады.
Bonaqua ауыз су бренді қазақстандықтардың күнделікті өмірін көркейту мақсатында кішігірім болса да оптимизм сыйлауға талпынды. Бренд қаптаманың жаңа дизайнын ұсынып, «Жақсы көр», «Дем ал», «Арманда» деген үш позитивті хабарламасы жазылған жарқын этикеткалардың лимитті топтамасын жарыққа шығарды. Сол арқылы Bonaqua барлығына ашық көктем-жаз көңіл-күйін сыйлайды. Өткен аптада бренд жаңа топтаманы баршаға онлайн таныстырды. Шараға Қазақстанның жаңа музыка ағынының өкілдері жас орындаушылар Әсия Оспанова, Тамирис, M'Dee және актриса Әсел Сағатова қатысты.
«Өткен жыл барлығымыз үшін ауыр болды. Біздің өмір салтымыз күрт өзгерді. Біз ешкім таңдамаған жағдайда қалдық. Уақыттың көп бөлігін біз туыстар мен жақындарымыздан, құрбыларымыз, әріптестерімізден алыста, бөлек өткіздік. Біз физикалық ғана емес, психикалық денсаулығымыз да қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздік. Әсіресе біз дайын болмаған жаңа шындық жағдайында денсаулық шын мәнісінде де зор байлық екенін түсініп, оны бағалай бастадық. Осының барлығын ескере отырып, біз отандастарымыздың көңіл-күйін көтеру үшін, жігерлендіру үшін оң хабарламалар жасап, Bonaqua ауыз суының дизайнын жақсартып, ашық, жарқын түстерге бояп, жаңа қаптамасын жарыққа шығардық. Өзіңізге қамқорлық жасау, жеткілікті мөлшерде жақсы, сапалы су ішу және позитивті көзқарасты сақтау қаншалықты маңызды екенін әрдайым естен шығармаған жөн. Коронавирус індеті кезінде біз «Жақсы көр», «Дем ал», «Арманда» сөздері әр адам үшін қаншалықты маңызды және құнды екенін түсіндік. Рахаттанып өмір сүруді, әр сәтті оңды пайдалануды ұмытпайық», - деді Coca‑Cola Kazakhstan фронтлайн портфолио менеджері Азура Камил.
Бұдан басқа, Bonaqua қазақстандық дизайнер Леонид Жеребцовпен бірлесіп жұмыс жасайды. Осы ынтымақтастық аясында күнделікті өмірге қажет және ыңғайлы футболкалар мен худиден тұратын шектеулі топтама шығарылады. Бұл киімдерді әлеуметтік желілерде өткізілетін түрлі байқауларға қатысу арқылы ұтып алуға болады. Байқаулар дизайнер Леонид Жеребцовтың ресми парақшасында, блогерлердің және Bonaqua брендінің ресми парақшасында өткізіледі.
Айта кетейік, Bonaqua ауыз суына арналған шөлмектер экологияға және қоршаған ортаға қамқорлық көрсету мақсатында пластикті ең аз мөлшерде пайдаланып жасалынады. Жаңа дизайны бар шөлмектер сатылымға түсті. Оларды Қазақстанның барлық қалаларының дүкендерінде сатып алуға болады. Bonaqua-мен бірге жақсылыққа ұмтылыңыз!