COCA-COLA КИМЭП-ТІҢ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСЫП, ҚАЗАҚСТАНДА МЕНЕДЖМЕНТ БОЙЫНША ТАҒЛЫМДАМАДАН ӨТУ БАҒДАРЛАМАСЫН БАСТАДЫ

КИМЭП-тің вакансиялар жәрмеңкесіне 200-дей студент қатысып, оларға Coca‑Cola тарихы, мәдениеті, бизнес басымдықтары, құндылықтары, Қазақстандағы жаңа менеджменттік тағылымдамасы туралы айтылды. КИМЭП-тің екі түлегі компанияда тағылымдамадан өте бастады. 

03/04/2023

Coca‑Cola компаниясы Кавказ бен Орталық Азияның ең мықты мамандарын тарту стратегиясының аясында Алматы қаласындағы КИМЭП университетіндегі бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

КИМЭП студенттері мен түлектері Coca‑Cola компаниясының Еуразия, Таяу Шығыс аймағы елдеріндегі қызметкерлерімен, сонымен қатар «Кока-Кола Қазақстан» ЖШС бас директорымен, маркетинг және персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлерімен танысып, сөйлесуге мүмкіндік алды.

Студенттер үшін шеберлік дәрістері өткізіліп, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері баяндалды. Сондай-ақ үміткерлер компания жұмысқа қабылдаған кезінде іздейтін дағдылар мен атрибуттар туралы біліп, Кока-Коланың жылдам өзгермелі әлеміндегі мансапқа дайындық жөнінен бірнеше кеңес алды. 

Еуразия және Таяу Шығыс аймағындағы адам ресурстарын басқару жөніндегі вице президентіПьер Дежонге

«Персоналды іріктеу жөніндегі стратегиямыздың аясында біз Орталық Азия мен Кавказ елдерінде жергілікті таланттардың мықты желісін құруға ұмтылып отырмыз», – дейді Еуразия және Таяу Шығыс аймағындағы адам ресурстарын басқару жөніндегі вице президенті Пьер Дежонге. – Бізге осы мақсатқа жетуге көмектесетін жас менеджерлер үшін тағылымдамадан өтуді және оқыту бағдарламасын бастағанымызды қуана хабарлаймыз. Қазақстан мен оған қоса бүкіл аймақта талантты да өршіл жас мамандардың қатары көбейіп келеді. Біздің менеджмент бойынша әлеуетті стажерларды бағалайтын орталығымызда студенттер тарапынан байқалған талант пен ынта деңгейі шындығында әсерлі болды. Оған қоса біз Орталық Азия мен Кавказдағы бизнесімізді ілгерілетуді жалғастырып отырғандықтан, жергілікті таланттарды дамыту мен болашақ көшбасшылар легін қалыптастыруға дайынбыз». 

«Кока-Кола Қазақстан» ЖШС өзінің менеджерлер даярлау бағдарламасы аясында екі стажерді Алматы қаласындағы операциялық бөлім мен маркетинг бөліміне жалдады. Олар сәуір айында өз жұмыстарына кірісті.

Coca‑Cola Қазақстанның ең үздік таланттарын тауып және ұстап қалуға ұмтылады. Мақсат та сонда, компания құндылықтарын бөлісетін және өз ортасы мен одан да тыс жерлерде оң өзгерістер жасауға ұмтылатын, әртүрлі жаңашыл да ынталы адамдардан құралған команда жасақтау.

Алдағы айларда Coca‑Cola компаниясының Еуразия мен Таяу Шығыстағы адам ресурстары жөніндегі командасы дарынды студенттермен қарым-қатынас орнатуды жалғастырып, Coca‑Cola-да қолжетімді көптеген мансап мүмкіндіктерін көрсету үшін Қазақстанның басқа университеттеріне, Орталық Азия мен Кавказдың басқа елдеріне баруды жоспарлап отыр. Мұнан да бөлек, жас мамандардың машығын жетілдіріп, тәжірибе жинақтауына көмектесетін, басқарушы кадрларды оқытудың жаңа бағдарламалары мен басқа да бастамалар қолға алынбақ.