lorem ipsum

COCA‑COLA ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК АКСЕЛЕРАТОРЫ» БАСТАМАСЫНА ҚОСЫЛДЫ

Қазақстанның ауыл әйелдерінің IV республикалық форумында Coca‑Cola компаниясы Дүниежүзілік Экономикалық Форумының «Қазақстандағы гендерлік теңдік акселераторы» бастамасына қосылу туралы хатқа қол қойды

05/11/2021

Coca‑Cola компаниясы «Астана» халықаралық қаржы орталығынан (АХҚО) Дүниежүзілік Экономикалық Форумының «Қазақстандағы гендерлік теңдік акселераторы» бастамасының жұмыс тобына қосылуға шақыру алды. АХҚО әлемде және Қазақстанда гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне көп көңіл бөлетін бизнес көшбасшысы ретінде Coca‑Cola-ны таңдады.

Қосылу туралы хатқа ресми қол қою рәсімі 2021 жылғы 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі – экономикалық тұрақтылық пен орнықты дамуға бастайтын жол» атты Қазақстанның ауыл әйелдерінің IV Форумы кезінде өтті.

«Гендерлік теңдік акселераторы» Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бастамасы болып табылады. Қазақстан 2021 жылғы маусымда осы бастамаға қосылған Еуразиядағы бірінші ел болды, оны «Астана» халықаралық қаржы орталығы мемлекеттік серіктестердің – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Стратегиялық реформалар және жоспарлау агенттігінің, Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен іске асырды.

Әрбір елдегі акселерация бағдарламасы оқытуды жеделдетуге, шешімдер іздеуге және Дүниежүзілік экономикалық форумның болашақ жаңа экономикасы мен қоғамын қалыптастыру платформасы арқылы тәжірибе алмасуға ықпал ететін неғұрлым кең экожүйенің бір бөлігі болып табылады.

lorem ipsum

Акселерация бағдарламалары мемлекеттік және жеке секторлардың әріптестігі үшін білімді қолдану және Дүниежүзілік экономикалық форумның виртуалды және жария алаңдары шеңберінде тиімді жаһандық коммуникацияны қамтамасыз ету арқылы өзгерістерді ынталандыратын платформалар болып табылады. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар төрт негізгі мақсатты қамтиды:

  • COVID-19 пандемиясынан кейін еңбек нарығында гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз ету
  • Еңбекақы төлеудегі гендерлік алшақтықты жою
  • Әйелдердің жұмыс күшіне қатысуын ынталандыру
  • Басшылық лауазымдардағы және шешімдер қабылдаудағы әйелдер санын ұлғайту

Акселератор-3 жылға есептелген жоба. Бизнес-қоғамдастық өкілдері жұмыс топтарының мүшелері ретінде әрекет етеді және саясаткерлермен, азаматтық қоғаммен, басқа да сарапшылар мен практиктермен бірлесіп контентті, идеялар мен жоспарларды әзірлеуге өз үлестерін қосады. Жұмыс тобы (ЖТ) айына бір рет жиналып, бизнес қолдау көрсете алатын түрлі жобалардың идеяларын әзірлейтін болады. Жұмыс тобы өз жұмысының барысы туралы үнемі есеп беріп отырады және өз шешімдерін жоғарыда аталған мемлекеттік органдармен үйлестіреді деп болжанады.

«ДЭФ жаһандық бастамасына қосылу және осы бастама шеңберіндегі іс-шараларды одан әрі іске асыру ҚР-да гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде және әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуде маңызды кезең болады. Coca‑Cola компаниясы өзінің жаһандық тұрақты даму стратегиясында осы мәселелерге көп көңіл бөледі. «Coca‑Cola Белестері» әлеуметтік жобасын және Қазақстандағы ауыл әйелдерінің форумдарын қолдай отырып, біздің компания әйелдердің экономика мен қоғам өміріне белсенді қатысу мәселелерін шешуге үлес қосуда», - дейді Coca‑Cola компаниясының Қазақстандағы және Қырғызстандағы Корпоративтік байланыстар мен коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман.