ҚАЗАҚСТАНДА ҒАРЫШ ДӘМІ БАР «COCA‑COLA INTERGALACTIC» ШЕКТЕЛГЕН СЕРИЯСЫ ШЫҚТЫ

Қазақстанда ғарыш тақырыбынан шабыт алған «Coca‑Cola Intergalactic» сусынының шектелген сериясы шықты. Бұл жобада Coca‑Cola әйгілі әнші Ava Max-пен және қазақстандық суретшілер Мика Барни мен Бахтияр Беркинмен бірге еңбек етті.

27/04/2022

Қазақстанда Coca‑Cola Creations жаһандық жобасы аясында Coca‑Cola Intergalactic сусынының шектелген сериясын сату басталды. Ғарыш тақырыбы және цифрлық технологиялардың шексіз мүмкіндіктері компанияны өнімді жасауға шабыттандырды.

«Coca‑Cola Intergalactic, Coca‑Cola-ның фирмалық дәмін күтпеген жанасулармен, соның ішінде қызыл реңктермен және ғарышқа саяхаттау сезімін беретін салқын дәммен үйлестіреді», - деді бренд өкілдері жаңа дәмді сипаттап. Сусын қаптамасының дизайны галактикааралық саяхаттың жалпы идеясын қолдайды: реңкін өзгертіп, жылтырайтын және шағылысатын жұлдызды аспан мен градиент.

Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі осы шектеулі серия сатылатын жалғыз ел екенін атап кеткен жөн.

Бұл жобада Coca‑Cola әйгілі американдық әнші Ava Max-пен бірге жұмыс істеді, ол Intergalactic үшін арнайы шындық элементтерімен толықтырылған керемет концерт жазды. Көрсетілімді сусынның қаптамасындағы QR-кодты сканерлеу немесе  www.cocacola.com/creations веб-сайтқа кіру арқылы көруге болады.

Сондай-ақ, бірегей өнімді шығару құрметіне Coca‑Cola компаниясы қазақстандық суретшілер Мика Барни және Бахтияр Беркинмен бірлесіп галактикааралық стильде мультимедиялық кеңістік ұйымдастырды. Оған 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында «36 үйдегі» алаңда (Алматы қаласы, Барибаев көшесі, 36 мекенжайы бойынша) баруға болады. Бұл түрлі-түсті, футуристік кеңістік, мұнда келушілер «Планета Х» қандай болуы мүмкін деген қиялға беріліп, оның кейбір элементтеріне қол тигізе алады.

«Осы көркемдік эксперименттің көмегімен біз «Х планетасында өмір бар ма?» деген сұраққа жауап беруге және келушілерге ғарыш әлеміне жасалған елестетілген саяхаттан ұмытылмас әсер сыйлауға тырыстық», - деп атап өтті Coca‑Cola Kazakhstan компаниясының коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман, - «Көрменің әр интерактивті аймағы бір көзбен айтқанда түрлі-түсті, неондық әлемге қадам жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, айна беттерінен салынған калейдоскопы бар аймақ жұлдызды ғарыштың шексіздігін сезіндіреді». 

«Біз ғарыштық саяхат атмосферасын барынша жеткізу үшін түрлі текстуралармен, материалдармен, неондық элементтермен, флористикамен, голографиялық және жарық шағылыстырғыш материалдармен жұмыс істеуге тырыстық», - деп атап өтті Бахтияр Беркин мен Мика Барни өздерінің ғарыштық инсталляциялары туралы.

Coca‑Cola өзінің мәдени өнімін физикалық және цифрлық әлемдегі мәдени, музыка мен ойындардан шабыт алған шектеулі серияларда қайта ойластырып, жаңа талғам, дизайн және тәжірибе жасауды жақсы көретіні белгілі. Intergalactic дәмі тіпті танылмайтын дәм ретінде сипатталады. Жаңа сусын ешнәрсеге ұқсамайтын гастрономиялық рахатты сыйлайтынына кепілдік беріп, дәмдік бүршіктерді азғыруға және ақыл-ойды жердегі шектеулерден тыс өткізуге уәде береді. Шамасы, бұл ғарыш дәмінің өзі.

Coca‑Cola ғарыштағы алғашқы алкогольсіз сусынға айналды. 1985 жылы «Челленджер» ғарыш кемесінің ғарышкерлері оны салмақсыздық жағдайында көпіргіштігін сақтауға арналған арнайы модификацияланған банкалардан ішті. Сол уақытта дәмдік сынақтар кеңінен қамтылмаса да, оқиға тарихта өз орнын алды. Сонымен, 30 жылдан астам уақыт өткен соң, компания бұл тарихи кезеңді шектеулі сериядағы галактикааралық Coca‑Cola-ны шығарумен атап өтті.