Coca‑Cola және Ecosen Алматыда тағы бір эко-станция ашты
Coca‑Cola мен Ecosen Алматыда пластикалық ластану мәселесін шешу бойынша ортақ миссияны дамыта отырып, жаңа эко-станция ашты. Coca‑Cola экологиялық бастамаларының арқасында Алматыда енді екі эко-станция бар.
01/03/2024
Экологиялық жауапкершілікті арттыру мақсаттары аясында Coca‑Cola Ecosen-мен бірлесіп екінші эко-станцияның ашылғанын хабарлайды. Бұл-Coca‑Cola-ның Алматы қаласында тұрақты болашақты құру және тазалықты сақтау жолындағы кезекті қадамы.
Бүгінгі таңда екі эко-станция Алматыда Байзақов к., 73 (Гоголь к-нің қиылысы) және "Нұркент" ш/а, 7-ғимарат мекенжайларында орналасқан. Бұл жинау орталықтарында қала тұрғындары мен қонақтар қалдықтардың 11 түрін, ПЭТ бөтелкелерін, қағаз, батареялар, электронды қалдықтарды және т.б. тапсыра алады. Қалдықтарды тапсыру үшін Ecosen мобильді қосымшасында бонустар есептеледі, оны жинап, брендтік кәдесыйлар мен серіктестердің өнімдеріне айырбастауға болады.
қалдықтарды тапсыру үшін.
Орта есеппен, бір айлық жұмыс кезінде бір эко-станция қала тұрғындарының бірлескен күшінің арқасында шамамен 5 тонна қайта өңделетін шикізат жинайды. Бұл біздің ортақ мақсатымызға – таза және жасыл болашақты құруға үлес қосады.
Экологиялық мақсаттарды қолдай және біздің қалада тұрақты тәжірибені дамыта отырып, Coca‑Cola және Ecosen бастамасына қосылыңыз! Бірге біз сүйікті Алматы қаласын таза әрі тұрақты ете аламыз! Эко-станциялардың жұмыс уақыты мен қабылданған қалдықтардың түрлері туралы өзекті ақпаратты Instagram желісіндегі @ecosen.kz парақшасынан табуға болады.