Coca‑Cola Қазақстанда Y3000 Zero жаңа футуристік сусынын ұсынды
Қыркүйектің басында The Coca‑Cola Company сусынның жанкүйерлерін болашақ әлемін - 3000-шы жылды көруге шақырып, Coca‑Cola Creations креативті сериясынан жаңа өнімді әлемге ұсынды. Y3000 Zero Sugar жаһандық жаңа өнімі Қазақстанда да пайда болды.
29/09/2023
Coca‑Cola® Y3000 Zero Sugar шектелген сериясының арқасында болашақтың дәмін татып көру мүмкіндігі туды!
Жаңа футуристік сусын адам мен жасанды интеллектінің бірлескен авторлығымен жасалды. Қантсыз Coca‑Cola Creations Y3000 Астана, Алматы және Шымкентте сатылымға шықты.
Сусын қаптамасының дизайнында жасанды интеллект базасында жасалған тартымды технологиялық тәжірибе бар, ол 3000-шы жылы әлем қандай болуы мүмкін екеніне – мейлі ол қаланың көрнекті жерлері болсын немесе пәтердегі, даладағы кез-келген жер болсын, тұтынушыларға күтпеген әрі еліктіретін көзқараспен қарау мүмкіндігін береді. Coca‑Cola Y3000 банкасындағы QR кодты сканерлесеңіз болғаны, арнайы бапталған Coca‑Cola Y3000 AI Cam камерасы болашақ әлемін бейнелеуге көмектеседі. Кеңістік транформациясына https://www.coca-cola.com/kz/kk/offerings/creations/y3000-cam сілтемесі бойынша эксперимент жасап көруге болады.
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
«Біз үшін жанкүйерлерімізді қуанту және шабыттандыру маңызды! Coca‑Cola Creations-пен бірге күнделікті күтпеген және ғажайып сәттерді жасау одан сайын оңай әрі қызықты болып бара жатыр. Жасанды интеллект негізінде жасалған технологияның көмегімен Coca‑Cola Y3000 жаңа әлем құрып, көңіл күйді көтереді»,- деп, Coca‑Cola-ның маркетинг жөніндегі менеджері, Қазақстанда жаңа өнімнің шығуына жауапты Ирина Городилова мәлімдеді.
Алматыда, Hazbin ресторанында (Байтұрсынов көшесі, 141 мекенжайы бойынша) жаңа дәмнің шығарылуына орай, футуристік стильдегі «Coca‑Cola Y3000» креативтік кеңістік тегін келу үшін бірнеше күн ашық тұрды, осында барлық тілек білдірушілерге суретке түсіп және қиял әлеміне енуге мүмкіндік берді.