Coca‑Cola компаниясы Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдағаны үшін марапатталды

"Coca‑Cola Белестері" (Өсу сатылары) әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының Қазақстандағы ірі компаниялар арасында 2023 жылдың үздік әлеуметтік жобасы ретінде Американдық Сауда Палатасының беделді марапатына ие болғанын мақтанышпен хабарлаймыз.

02/06/2024

"The Coca‑Cola Foundation" халықаралық қайырымдылық қоры қаржыландыратын "Coca‑Cola Белестері" жобасы 2013 жылдан бастап Coca‑Cola-ның тұрақты әлеуметтік даму мен мүмкіндіктер теңдігіне деген ұмтылысын ерекше көрсете отырып, Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін қолдау мен ресурстарды ұсынуда.

Американдық Сауда Палатасының "Ірі компанияның үздік әлеуметтік жобасы" номинациясына 16 маңызды жоба қатысты және Coca‑Cola-ның бастамасы оның оң әсері мен әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы өңірдің экономикалық дамуына қосқан үлесінің арқасында ең үздік деп танылды. Бұл жетістік жоба тобының және сәттілік тарихы бізді күн сайын шабыттандыратын сол керемет әйел кәсіпкерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесі болып табылады.

Барлық серіктестерімізге және жобаға қатысушыларға олардың қолдауы мен сенімі үшін алғысымызды білдіреміз. Біз Қазақстандағы кәсіпкерлер үшін олардың әлеуетін дамытуға және іске асыруға назар аудара отырып, үздік болашақты құрудамыз. Биыл жобаның жаңа маусымы туралы көбірек білу үшін жоба сайтындағы https://ccb.kz жаңартуларды қадағалаңыз.