COCA‑COLA СТУДЕНТТЕРДІҢ НОБЕЛЬ ЛАУРЕАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІН ҚОЛДАДЫ
25 000-нан астам адам Nobel Fest 2021 – Орталық Азия мен Кавказдың технологияларды және инновацияларды дамытуға арналған ауқымды ғылыми-білім беру іс-шарасына қатысты. Coca‑Cola компаниясы оны іс-шараның стратегиялық серіктесі болды
16/04/2021
7-16 сәуір аралығында онлайн-режимде Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі ең ауқымды ғылыми-білім беру іс-шарасы – II Нобель фестивалі және өңір университеттерінің студенттеріне арналған Нобель сыйлығы лауреаттарының дәрістер апталығы өтті. Фестиваль үш негізгі бағыт бойынша технологиялар мен инновацияларды дамытуға арналды: Болашақ Индустриясы, Мүмкіндіктер Экономикасы, Білім беру Үрдістері. Осымен екінші жыл қатарынан онлайн-фестивальге халықаралық ұйымдардың көшбасшылары, ірі компаниялардың өкілдері және көрнекті әлемдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Биыл фестиваль аудиториясы 25 мың адамнан асты.
2021 жылы Coca‑Cola Nobel Fest-тің стратегиялық серіктесі болды. Компания өкілдерінің айтуынша, биылғы жылдың басты тақырыбы компанияның пайымы мен миссиясына тікелей байланысты – адамдарға тұрақты даму қағидаттарына сәйкес жұмыс істей отырып, өздерінің сүйікті сусындарын ұсыну және қоғам мен біздің Жер үшін жақсы болашақтың мүмкіндіктерін жасау.
«Coca‑Cola компаниясының бүкіл тарихы инновациялармен тығыз байланысты және біз инновацияға және жас ұрпаққа инвестициясыз жақсы болашақ құру мүмкін емес екеніне сенімдіміз. 135 жыл бойы біз компаниямыздың барлық аспектілерінде – өндірісте де, маркетингте де, сатуда да, компанияның ішкі процестерінде де және тұрақты даму жобаларында да маңызды инновативтілік дәстүрін ұстанамыз», – деп түсіндірді Coca‑Cola компаниясының Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман.
Бренд тарихынан Coca‑Cola сергітетін және салқындататын бірегей сусыны 1886 жылы бірқатар инновациялардың арқасында пайда болғандығы белгілі. Басқа салқындатқыш сусындарды белгілі бір жерлерде тек құйып алып сатып алуға болатын уақытта, бұл сусын арнайы ыдыстарға құйылып, алушылардың өздеріне жеткізілетін жаңа әдіспен сатыла бастады. Содан кейін әйгілі Coca‑Cola әйнек контурлы шөлмегі және сусындардың жаңа түрлері ойлап табылды.
Бүгінгі таңда бренд бүкіл әлемде тек өнімдермен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызды жобаларымен де танымал, олардың кейбіреулері жастармен, ғылыммен және инновациялық идеялармен тікелей байланысты.
Осылайша, 2020 жылы пандемияның қиын жағдайында Coca‑Cola Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі университеттермен FLOW (Future Leaders Online Workshops) волонтерлік жобасын іске қосты. Оның тұжырымдамасы-болашақ көшбасшыларға арналған онлайн семинарлар. Жоба аясында компания қызметкерлері Қазақстанның, Өзбекстанның және Әзірбайжанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттерімен өздерінің білімдері мен тәжірибелерімен бөліседі, олар студенттік ортадан жұмыс ортасына өтуге дайындалуға, табысты мансап үшін қандай қасиеттер мен дағдылар қажет болатындығын, жұмыс орындарында қандай түрлі міндеттерді шешуге болатындығын түсінуге көмектеседі.
«Біздің компанияның Нобель фестиваліне стратегиялық серіктес ретінде қатысуы біздің FLOW жобамызбен тығыз байланысты болды», – дейді Александра Аккирман, - «біз жұмыс істейтін университеттерді шақырдық және фестиваль ұйымдастырушыларымен бірге осы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту туралы көптеген идеялар пайда болды».
COVID-19 пандемиясы барлық компанияларды өз жұмысына түзетулер енгізуге мәжбүр етті. Ковидтен кейінгі экономикадағы цифрлық трансформация туралы сессияда сөйлеген сөзінде Еуразия және Таяу Шығыс өңіріндегі Coca‑Cola цифрлық трансформация жөніндегі вице-президенті Ив Филиппуччи мырзаайтып кеткендей: «Біз үшін бизнесті қалай жүргізетінімізді өзгерту -адамдарға қолдау көрсетіп, жақындай түсу маңызды болды. Біз тұтынушыларымызбен қарым-қатынастың жаңа мүмкіндіктерін, дербестендірілген тәсілдемені іздестірдік, өзіміздің өткізу тізбегімізде көбірек инновациялық технологияларды, әсіресе жанасусыз технологияларды енгізуге тырыстық. Біз сондай-ақ корпоративтік клиенттерімізге жұмыстың жаңа форматына-онлайн жеткізу қызметтерімен ынтымақтасуға, цифрлық ортада жарнамалауға көмектесу арқылы қолдау көрсеттік».