Coca‑Cola су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына көмек көрсетті
Coca‑Cola компаниясының басты құндылықтарының бірі бизнесті дамытатын қоғамға қызмет ету болып табылады. Компания су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға шын ниетпен қолдау көрсетті.
30/04/2024
Қазақстандағы жойқын су тасқынының салдарына байланысты Coca‑Cola зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 100 миллион теңгеден астам қаражат бөлінгенін хабарлады. Бұл соманың көп бөлігі «The Coca‑Cola Foundation» халықаралық қайырымдылық қорынан Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Айына Солтүстік Қазақстанның эвакуациялау орталықтарында тұратындар үшін азық-түлік және гигиеналық жинақтарды сатып алуға жіберілді.
Сонымен қатар, Қазақстанның Қызыл Жарты Айы мен «Birgemiz» қорының қолдауымен компания дүлей апат орын алған барлық өңірлердегі эвакуациялау орталықтарына 45 мың литрден астам ауыз су мен басқа да сусындарды ұсынды.