Қазақстанның батыс өңірлерінде қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу: кезең-кезеңімен
Coca‑Cola Батыс Қазақстанда тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару үшін айтарлықтай шаралар қабылдауда. Жаңа бастама өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және азаматтардың ресурс үнемдеудің құндылығы туралы хабардарлығын арттыруға көмектеседі.
24/06/2024
Ұлттық статистика бюросының 2022 жылғы деректері бойынша әрбір қазақстандық күн сайын орта есеппен 0,5 кг қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығарады, ал экологтардың байқауы бойынша қоқыс жәшігінің 70%-ы тауарлар қаптамаларының қалдықтарын құрайды. Негізінен бұл – пластик және шыны бөтелкелер, алюминий банкалар және картон немесе жұмсақ пластиктен жасалған азық-түлік өнімдері мен тұрмыстық химия қаптамалары.
Қоқысты бөлуге арналған инфрақұрылым – бүкіл Қазақстан үшін аса өзекті мәселе, оны көптеген қоғамдық ұйымдар, ҮЕҰ, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар шешуге тырысуда. Егер Қазақстанның ірі қалаларында қалдықтарды бөлек жинау жүйесі салыстырмалы түрде жолға қойылған инфрақұрылымға, нарықтың ірі брендтерінің қолдауына және азаматтардың жоғары хабардарлығына ие болса, онда қалған өңірлерде мәселе шешусіз қалып отыр.
Жағдайды өзгерту үшін, Coca‑Cola «Тұрақты дамуға жәрдемдесу орталығы» қоғамдық қорымен (бұдан әрі – Орталық) күш біріктіріп, 2019 жылдан бастап пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу саласында әртүрлі жобаларды белсенді түрде енгізуде. Орталық 2024 жылы Қазақстанның батыс өңірлерінде бірқатар бастамаларды іске қосты.
Өздеріңіз білетіндей, Ақтау, Атырау және Орал қалалары белсенді дамып, құрылысы салынуда. Мұндағы тұрғындардың саны ай сайын артып келеді, тиісінше, қалада тұрғындар неғұрлым көп болса, қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болу көлемі соғұрлым ұлғая түседі. Бұл ретте, негізгі көлем үйде пайда болады, онда біз уақытымыздың көп бөлігін өткіземіз - өмір сүреміз, тамақтанамыз, жаңа тауарлар сатып аламыз және мұның бәрі одан әрі қайта өңдеуге тапсыруға болатын қаптамаға байланысты.
Бастаманы іске асыру уақытында 5 білім беру мекемесінің аумағында 120 эко-бокс орнатылды: Ақтау қаласындағы «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» КЕАҚ; Ақтау қаласындағы «НЗМ» дербес білім беру ұйымының филиалы; Атырау қаласындағы Әл-Фараби атындағы Binom school; Атырау қаласындағы Д. Қонаев атындағы Binom school; Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті.
Фотосурет: Ақтау қаласындағы «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» аумағындағы қалдықтарды бөлек жинауға арналған эко-бокстар.
2024 жылдың наурыз айының соңында Ақтау қаласындағы «НЗМ» дербес білім беру ұйымы филиалының аумағынан 2024 жылдың 2 наурызынан 20 наурызына дейін қалдықтарды бөлек жинау жүйесінің белсенді жұмысы кезеңінде бөлек жиналған қайталама шикізаттың мынадай көлемін шығару ұйымдастырылды:
- Макулатура – 101,4 кг
- Пластик бөтелкелер – 4,8 кг
- Пластик қақпақтар – 8 кг
Халықтың хабардарлығын дамыту мақсатында «QAITA ONDEY» ЖШС (Ақтау қ.), «Eco Damu» ЖШС (Атырау қ.), «Орал Таза Сервис» ЖШС (Орал қ.) мамандандырылған компанияларының қолдауымен тұрғын үй кешендерінің (ТК) аумағынан пластик қалдықтарды бөлек жинауды енгізу жоспарлануда. Қойылған мақсатқа жету үшін Орталық тұрғын үй кешендерінің, білім беру мекемелері мен заңды тұлғалардың аумағында орнату үшін 150 мамандандырылған торлы контейнер (2-фотосурет) ұсынды, сондай-ақ МИБ/ПИК өкілдері мен мамандандырылған компаниялар арасында ынтымақтастықты жолға қоюға көмек көрсетті.
Фотосурет: Ақтау қаласы, «Асқартау» тұрғын үй кешенінің аумағынан пластик қалдықтарды жинауға арналған мамандандырылған торлы контейнер
2024 жылдың наурыз айының соңында Ақтау қаласындағы 13 ТК аумағында торлы контейнерлер орнатылды, бұл туралы тұрғындарға жергілікті WhatsApp-чаттарда қалдықтарды жинау ережелері мен түрлері туралы таратылыммен хабарланды. 2024 жылдың сәуір айында Орталық командасы қалдықтарды бөлек жинаудың енгізілген жүйесіне мониторинг және «Отырар Сити» және «Жайлы Мекен» ТК тұрғындарымен жиналыстар жүргізді. Жиналыс барысында тұрғындар арасында сауалнама ұйымдастырылды. Тұрғын үй кешенінің сауалнамаға қатысқан 82 тұрғынының ішінде 23-і (28%) қалдықтарды бөлек жинау жүйесін белсенді пайдаланады, 19 тұрғын (23%) пайдаланбайды және 40 тұрғын (49%) білмегенін/назар аудармағанын, бірақ пайдаланатынын айтты.
Алынған сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, жергілікті тұрғындардың хабардарлығы қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамытуда шешуші рөл атқаратынын байқауға болады.
Бастама шеңберінде жыл соңына дейін әрі қарай қайта өңдеуге беру үшін 300 тонна пластик қалдықтарын жинау, Ақтау және Орал қалаларында қайталама шикізатты қабылдау пункттерін ашу және 700 000-нан астам адамды қамти отырып, БҚО жергілікті тұрғындарымен жұмысты жалғастыру жоспарланған. Білім беру мекемелері мен тұрғын үй кешендерінде қалдықтарды бөлек жинау жүйесін одан әрі енгізу, сондай-ақ орнату орындарында мамандандырылған компаниялардың техникалық қолдауы көзделген.
Бастаманы «The Coca‑Cola Foundation» халықаралық қайырымдылық қорының және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығы» қоғамдық қоры іске асырады.