Қазақстан Үкіметі бірден екі беделді марапатты ұсына отырып, Coca‑Cola компаниясының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өтті

"Парыз" сыйлығы ең әлеуметтік жауапты компания ретінде Coca‑Cola-ға берілді. "Әлеуметтік жауапкершілік" номинациясы бойынша "Инвестордың мойындауы" марапаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық өсуі мен дамуына қосқан құнды үлесі үшін табысталды.

31/01/2024

Тұрақты даму – бұл Coca‑Cola компаниясының негізгі және ажырамас аспектісі. Ол компанияның пайымына енген және оның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму жөніндегі міндеттемелерімен одан әрі нығайтылған, ол әлеуметтік және экологиялық мақсаттарды қамтиды. Осылайша, компания тұрақты дамудың негізгі қағидаттарын өзінің барлық бизнес операциялары мен негізгі шешімдеріне біріктіреді. Бұл мақсаттар компанияның мақсатымен, яғни өз клиенттері мен тұтынушылары, адамдар мен қоғам үшін құндылықтарды құру ниетімен анықталады.

Қазақстан Республикасының ең беделді мемлекеттік марапаттарының бірі "Парыз" сыйлығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен салтанатты рәсімде табысталды. Осылайша, Coca‑Cola 500 кәсіпорынның ішіндегі ең әлеуметтік жауапты бизнес өкілі ретінде танылды. Президент номинанттарға Қазақстанның болашағына қосқан үлесі үшін жеке алғысын білдірді.

"20 жылдан астам уақыт бұрын біз тұрақты дамуға бет алдық, біздің көз алдымызда табысты болашақтың көрінісі айқын болды. 2002 жылы алғашқы экологиялық саясатымызды жариялаған күннен бастап әр қадамымыз бізді мақсатымызға жақындатты. Күн сайын біз өз қызметкерлеріміз, қоғамымыз, тұтынушыларымыз және сатып алушыларымыз үшін көп құндылықтар жасауға тырысамыз. Біз айтарлықтай прогреске қол жеткіздік және "Парыз" марапаты – бұл біздің 2030 жылға арналған тұрақты даму міндеттемелерімізге дұрыс бағытта келе жатқанымыздың дәлелі болып табылады. Бірақ сонымен қатар біз әлі де көп жұмыс күтіп тұрғанын түсінеміз, алайда, біз өз жолымызда жалғыз емес екенімізге сенімдіміз, мемлекет пен қоғамның қолдауының арқасында біз алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткіземіз", - деді Орталық Азия мен Кавказдағы Coca‑Cola İcecek өңірлік директоры Эрдинч Гюзель.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жаһандық инвестициялар жөніндегі VI Қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR) аясында, Coca‑Cola Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық өсуі мен дамуына қосқан құнды үлесі үшін "Әлеуметтік жауапкершілік" номинациясы бойынша "Инвестордың мойындауы" марапатына ие болды.

"Біз әлеуметтік бастамаларымыздың ел үкіметі тарапынан жоғары бағаланғанына қуаныштымыз, мұндай марапат – бұл біздің дұрыс жолмен келе жатқанымыздың дәлелі", - деді CCI Қазақстан Компаниясының тұрақты даму жобалары жөніндегі директоры Алима Исембаева.

Coca‑Cola өз қызметін Қазақстанда еліміздің алғашқы шетелдік инвесторларының бірі бола отырып, 1994 жылы бастады. Осы жылдар ішінде Компания Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Ірі жұмыс беруші ретінде компания жыл сайын 8000-нан астам тікелей және жанама жұмыс орындарын құрады және қолдайды, ал оның соңғы 7 жылда халықтың еңбек табысына қосқан үлесі 110 миллиард теңгеден асты.

"30 жылға жуық уақыт бойы біз Қазақстанда өз бизнесімізді жүргізіп келеміз және осы уақыт ішінде ел экономикасына ғана емес, түрлі әлеуметтік бастамаларға да белсенді инвестиция салудамыз, осылайша, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуіне елеулі үлес қосудамыз", -деді Компания өкілі.