Lorem Ipsum

COCA‑COLA ЖӘНЕ ÕZEN ЖАҢА МУЗЫКАЛЫҚ АЛЬБОМ ШЫҒАРДЫ

Coca‑Cola және õzen тағы бір музыкалық альбом - қазақстандық орындаушылардың 12 жаңа әнін шығарды. Басты трекке режиссерден бастап қоюшы-суретшіге дейінгі бүкіл шығармашылық тобы толығымен әйелдерден құралған клип түсірілді.

10/10/2022

Coca‑Cola және õzen студиясы тағы бір бірлескен музыкалық альбом шығарды. Ол қазақстандық орындаушылардың 12 әнінен тұрады. Жинаққа арналған барлық композицияларды қыздар жазып, орындап шыққан, ал басты трекке клип түсірілген, оның режиссерден бастап қоюшы-суретшіге дейінгі бүкіл шығармашылық тобы да толығымен әйелдерден құралған.

«Музыка индустриясындағы қыздарға қатысты ескірген көзқарастар бар. Ынтымақтасудың мақсаты аталған осындай қате түсініктерден арылу, сондай - ақ дарынды қазақстандық орындаушыларды кең аудиторияға танымал ету болды», - дейді õzen студиясының жетекшісі Айзатулла Хуссейн. 

Альбомның «Dosyma Hat» басты трегіне түрлі-түсті жазғы бейнеклип түсірілді, онда  мықты әрі кербез заманауи әйел бейнесі көрсетілген. Әнде әйелдердің бір қолымен бесікті, ал екінші қолымен бүкіл әлемді тербететіні туралы айтылған . Клипте нәзіктік пен күш таңқаларлық түрде үйлеседі, ал Yenlik, rauana және Hey Monro сынды әртістерідң бейнелері көше мен футуристік стильдерді біріктіреді. 

«Альбом толығымен әйелдік, өйткені біз әйелдердің дарындылығын қолдағымыз келді. Coca - Cola компаниясы гендерлік теңдік мәселелеріне және әйелдерге экономикалық қолдау көрсетуге көп көңіл бөледі»,-дейді Қазақстан мен Қырғызстандағы Coca‑Cola компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Александра Аккирман. 

Альбом хип-хоп, R&B, инди-поп сияқты жанрларды біріктіреді және Spotify, Apple Music, VK, Boom, Yandex Music және басқа да ондаған музыкалық платформаларда қол жетімді.