«Coca‑Cola Қоры» Орталық Азиядағы су тапшылығы мәселелерін шешу жобаларына қолдау көрсетті

«The Coca‑Cola Foundation» халықаралық қайырымдылық қоры Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығының (ОААЭО) бастамашылық етуімен, суды тұрақты пайдалану саласында Қазақстан мен ОА елдерінде екі масштабты жобаға қолдау көрсетті.

03/10/2023

ОААЭО  суды тұрақты пайдалану аясында ОА елдерінің тиісті мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып іске асырылатын екі ірі жобаға бастамашылық етті. Осы әлеуметтік маңызы бар әрі өте өзекті жобаларға қаржылық қолдауды «The Coca‑Cola Foundation» халықаралық қайырымдылық қоры мен «Жаһандық Су Сын-қатері» БКҰ көрсетіп отыр. 

Жобалардың жалпы сомасы 600 мың доллардан асады. ОА елдерінде тікелей бенефициарлар 22 000-нан асады, ал жанама алушылар – 230 000 адамнан асады деп болжануда.

Орталық Азия елдерінде су – ең бағалы әрі өмірлік қажетті қор болып табылады, бұл туралы Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында атап өтіп, су қорының тапшылығы трансшекаралық өзендерінің алаптарында күрделі экономикалық және басқа да сын-қатерлерді тудыратынын айрықша баса айтты.

Тиісінше, ОА елдерінде климаттың өзгеруінің замануи ақиқатында су қорларын тиімді басқару аса маңызды. «Қазақстандағы Есіл өзені алабындағы суайрықтарын біріктіріп басқару» және «Суармалы су мен инфрақұрылымға қолжеткізу арқылы ОА ауылдық аймақтарында әйелдердің экономикалық тәуелсіздігін жоғарылату және жағдайларын жақсарту» жобалары дәл осы мәселелерді шешуге бағытталған.

Атап айтқанда, «Қазақстандағы Есіл өзені алабындағы суайрықтарын біріктіріп басқару» жобасы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Есіл өзені алабының суайрықтарындағы ауылшаруашылық және жайылымдық жерлерінің жағдайларын жақсартады. Ауыл шаруашылығында су қорларын басқаруға кешендік әдістерді ензігу есебінен, нағыз пайданы осы облыстарда тұратын 12 000-нан астам адам алады, ал 53 000-нан астам адам жоба нәтижелерінің оңды жанама әсерін сезетін болады. Осымен қоса, трансшекаралық диагностикалық талдау құрастырылып, кейін Есіл өзені алабының су қорларын сақтап қалу және тұрақты пайдалану бойынша шаралардың стратегиялық жоспары өңделенетін болады.

«Суармалау су мен инфрақұрылымға қолжеткізу арқылы ОА ауылдық аймақтарында әйелдердің экономикалық тәуелсіздігін жоғарылату және жағдайларын жақсарту» аймақтық жобасы Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанды қамтып отыр. Тиімсіз әрі ескірген әдістер арқылы суарумен қоса климаттың өзгеруі суаратын су көлемінің қысқаруына әкеліп отыр, бұл ауыл шаруашылығының өнімділігіне және ауыл тұрғындарының, әсіресе, әйелдердің әлеуметтік-экономикалық  әл-ауқатына теріс әсерін тигізуде. Бүгін Орталық Азия аймағында ауылшаруашылық қызметінің басым бөлігіне дәл әйелдер жауапты, себебі ерлердің, әсіресе, Қырғызстан және Тәжікстанның басым бөлігі басқа елдерге жалдамалы жұмысшы ретінде қоныс аударуда.

Гидротехникалық инфрақұрылымның (сорғылар, су жинайтын алаптар, ирригациялық құдықтар, дренаждық арналар және суарудың дәстүрлі әдістері) жоқтығы фермер әйелдердің және әйелдер басқаратын фермерлік шаруашылықтардың астық өнімділігін көбейту және табысын ұлғайтуды қиындатады.

Жоба, біріншіден, астық өнімділігіне және ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтірмей, суарудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізу есебінен, су тапшылығы мәселелерін шешуге көмектеседі. Екіншіден, көбінесе, әйелдер басқаратын қазақстандық, қырғызстандық және тәжікстандық фермалар мен ауыл шаруашылық кәсіпорындары суаратын судың жетіспеушілігіне деген тәуелділігін азайтуға, астық өнімділігін көбейтуге және жалпы, аймақтағы ауыл шаруашылығының тұрақтылығын жақсартуға мүмкіндік алады.

Жоба жұмысының қорытындылары бойынша 10 000-нан астам адамның экономикалық жағдайы жақсарады және жоба нәтижелерінің оңды жанама әсерін 180 000-нан астам адам сезінетін болады.

Анықтама үшін:

Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы(ОААЭО) – Орталық Азияның бес елінің, оның ішінде, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан, Өзбекстан Республикасының үкіметтерімен 2021 жылы, сонымен қатар, 1998 жылы Данияның Орхус қаласында өткен Жалпыеуропалық конференцияның 4-ші шешіміне сәйкес Еуропалық Одақ пен БҰҰДБ-мен  бекітілген тәуелсіз, саяси емес, бейкоммерциялық халықаралық ұйым. ОААЭО ОА бес елдерімен берілген бірегей мандатқа ие, және оның миссиясы қоршаған ортаны қорғау саласында Орталық Азияның ұлттық және аймақтық мәселелерін шешуге көмектесу болып табылады.

ОААЭО туралы толығырақ  https://carececo.org/main/  сайтынан көріңіз.

Барлығы ОА климаты және басқа да туралы  https://centralasiaclimateportal.org/  сайтынан көріңіз.

«Кока-Кола Қоры» (The Coca‑Cola Foundation) – халықаралық қайырымдылық қоры, оның миссиясы Coca‑Cola Компаниясы жұмыс атқаратын барлық елдердің қауымдастықтарында оңды өзгерістер жасауға жәрдемдесу болып табылады. Қор тұрақты суға қолжетімділік, климаттың өзгеруі, циркулярлық экономика, экономикалық мүмкіндіктерді ұлғайту, дүлей апаттар салдарының алдын алу және оқшаулау сияқты бағыттарда жаһандық сын-қатерлер шешіміне ұзақ мерзімді әрі өлшенетін үлесін қосатын бүкіл әлемдегі ұйымдар мен жобаларды қаржыландырады. Қор дүние жүзі бойынша осы саладағы бастамаларды қолдау үшін, 1984 жылы құрылған сәтінен бастап, 1,5 млрд доллардан астам сомаға гранттар бөлді. Қор туралы толығырақ https://www.coca-colacompany.com/social/coca-cola-foundation сайтынынан көріңіз.

«Жаһандық Су Сын-қатері» (Global Water Challenge)» БКҰ – бұл дүние жүзі қауымдастықтарында қауіпсіз әрі қымбат емес ауыз суына, санитарияға, гигиенаға жалпыға ортақ қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық білім мен желілерді қолданатын жетекші ұйымдардың коалициясы. БКҰ туралы толығырық https://globalwaterchallenge.org/ сайтынан оқыңыз.