Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында «Coca‑Cola Белестері» жобасы жалғасуда

Пандемия және жұмыс орындарының қысқаруы шарттарында шағын бизнес әйелдер үшін басты табыс көзі бола алады, алайда оларға «Coca‑Cola Белестері» бағдарламасы ұсына алатын қолдау қажет.

05/03/2021

2021 жылғы 5 наурыз, Нұр-Сұлтан  -   «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы»  және «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры қазақстандық әйелдер арасындағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі «Coca‑Cola Белестері» жобасының жалғасы және бизнесте алғашқы қадамдарын жасап жатқан әйелдер арасындағы үздік бизнес-идеяға арналған байқаудың басталғаны туралы хабарлады. Конкурсқа қатысу шарттары 2021 жылғы 4 наурызда өткен жыл сайынғы «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайларда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» республикалық конференциясында айтылды. Биылғы жылы үздік бизнес-идея байқауында жеңіске жеткен жас кәсіпкер әйелдерге өз бизнесін жүзеге асыруға 16 грант бөлінеді. Өткен жылы жоба аясында жұмысын бастаған «Қосалқы ауыл шаруашылығы» онлайн мектебі бизнестің 9 түрі бойынша оқыту модульдерін ұсына отырып, өз қызметін одан әрі жалғастырады. Биылғы жылы білім берудің гибридті моделі пайдаланылатын болады: онлайн-оқыту офлайн оқытумен құрамдастырылатын болады.

«Coca‑Cola Белестері» жобасы әйелдер арасында кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған, бұл олардың жұмысқа орналасуына, әсіресе ауылдық жерлерде, жаңа мүмкіндіктер туғызады. Пандемия және жұмыс орындарының қысқаруы жағдайында шағын бизнес әйелдер үшін негізгі табыс көзі бола алады, өйткені олардың көпшілігі өз отбасыларының табысын арттыру үшін өз ісін бастауға дайын. Бірақ оларға «Coca‑Cola Белестері» жобасы тұрақты ұсынатын қолдау мен білім қажет. 

«Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» конференциясын ұйымдастырушылардың айтуынша, елімізде әйелдер кәсіпкерлігі өсе түсуде. «Coca‑Cola Белестері» жобасы күрделі 2020 жылдың қорытындысы бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді оқытумен қамтудың екі есе, конкурсқа қатысушылар санының 10 есе өскенін көрсетті. 2013 жылдан бастап тренингтерге 35 мың әйел қатысты, конкурсқа 3,5 мыңнан астам әйел қатысты және конкурстың жеңімпаздары 80-нен астам әйел болды; олардың барлығы 200-ден астам жаңа жұмыс орындарын құра отырып, өз ісін ашуға гранттар алды.

Өткен жылдан бастап, коронавирус пандемиясына байланысты, жоба шеңберінде оқыту бағдарламаларын іске асырудағы негізгі фокус онлайн құралдарға ауыстырылды, бұл бүкіл Қазақстаннан ниет білдірушілердің көп санын қамтуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда жобаның екі білім беру платформасы бар - әлеуметтік желілерде қолдау көрсете отырып, ccb.kz сайтында «Бизнес негіздеріне» оқыту және  farmerschool.kz. сайтында «Жеке қосалқы шаруашылықты» жүргізу негіздеріне оқыту. Бұл бағдарламалар The Coca‑Cola Foundation халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен тегін жасалған және қолжетімді болып табылады. Оқуды сәтті аяқтаған әйелдер үздік бизнес-идея байқауына қатысып, өз бизнесін дамытуға грант ұтып ала алады.

Lorem Ipsum

- Биыл біз кәсіпкерлік және фермерлік негіздері бойынша сұранысқа ие онлайн-тренингтерді жалғастырамыз. Ауылда өз бизнесін бастауға немесе дамытуға дайын әйелдерді оқыту үшін интернет-ресурстарды пайдалану өзінің тиімділігі мен елеулі сұранысын көрсетеді, - деп атап өтті жобаның негізін қалаушы, «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.

- Бүгінде біздің әйелдер еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді өздерінің жеке үлгісімен көрсетуде; олар ауыл шаруашылығында «жасыл технологияларды» таратудың белсенді жолсеріктері болып табылады, қоғамдағы әлеуметтік бастамалардың нағыз көшбасшысына айналуда. Жоба жетістіктерінің қоржынында – «Ауыл әйелдері форумы» диалог алаңын ұйымдастыру және өткізу", - деп хабарлады   «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ Атқарушы директоры Асхат Сүлейменов.