The Coca‑Cola Company компаниясы семіздікпен күресу үшін не істейді?
Біз «қантты шамадан тыс тұтыну денсаулыққа зиян, ал оны шамадан асырмай тұтынудың еш зияны жоқ» деген пікірмен келісеміз. Біздің ойымызша – салмақты тиімді басқарудың кілті үйлесімді өмір салтында.
Біз адамдарға үйлесімді өмір салтын сақтауға көмектесуге ұмтыламыз. Біз кейбір адамдардың біздің сусындарымызды өте жақсы көретінін, бірақ тұтынатын калория көлемін азайтқысы келетінін білеміз. Сондықтан да біз өзіміздің тәтті, бірақ қанты мен калориясы төмендетілген, төмен немесе тіпті жоқ бірқатар сусындарымызды ұсынамыз, мысалы – Coca‑Cola Кантсыз. Сонымен қатар, дәл осы себептен біздің сусындарымыздың көбі кішігірім қаптамада ұсынылады. Адамдардың өздері мен жанұяларына қажеттісін таңдай алуы үшін біз міндетті түрде барлық сусындарымыздың құрамындағы калориялардың мөлшерін көрсетеміз.