Университет студенті тым көп Coca‑Cola ішкендіктен көмірқышқыл газдан уланып көз жұмғаны рас па?
Ол – қала аңызы. Көмірқышқыл газ Coca‑Cola құрамына көпіргіштік тудыру үшін қосылады. Сіз сусын ішкен кезде газ ағзадан бірнеше жолмен шығады. Бір бөлігі кекірікпен шығады. Бір бөлігі ағзаға асқорыту жүйесі арқылы сіңіп, денеде табиғи жолмен түзілетін көмірқышқыл газы сияқты өкпе сүзгісінен өтеді. Енді бір бөлігі тікелей адам арқылы өтеді. Көмірқышқыл газдың қолданысы бақылау органдарымен зерттеліп, қауіпсіз деп танылған.