Мен бір инфографика көріп едім. Онда Coca‑Cola ішкен сәттен бастап 60 минут өткеннен кейін адам денесіне не болатыны көрсетілген. Сонда, адамдар мұны не үшін ішуі тиіс?

Адамдар 130 жыл бойы біздің сусындарымыздан ләззат алып келеді, себебі олардың дәмін жақсы көреді.

 

Coca‑Cola құрамында қант пен кофеин бар. Қантты аз мөлшерде пайдалану қауіпсіз болғанымен оны шамадан асыра тұтынудың жағымсыз әсері болады. Қанты бар алкогольсіз сусындар барлық тағам және сусын түрлері сияқты үйлесімді өмір салтына сай келеді, тек оны шамадан тыс тұтынбасаңыз болғаны.   

 

Тұтынушылардың таңдау жасап, тұтынылатын қант пен калория мөлшерін реттей алуы біз үшін өте маңызды. Сондықтан да біз өзіміздің тәтті, бірақ қанты мен калориясы төмендетілген, төмен немесе тіпті жоқ бірқатар сусындарымызды ұсынамыз. Сонымен қатар, дәл осы себептен біздің сусындарымыздың көбі кішігірім қаптамада ұсынылады.

 

Адамдар өздері мен жанұяларына қажеттісін таңдай алуы үшін біз міндетті түрде барлық сусындарымыздың құрамындағы қант пен калорияның мөлшерін көрсетеміз.