Мен бір зерттеу жайлы естіп едім. Онда кофеин жүрек ауруларын туғызады делінген. Сіз бұған не дейсіз?
Біздің ингредиенттеріміз бен сусындарымыздың қауіпсіздігі – біздің басты басымдылығымыз. Кофеин біздің көптеген өнімдеріміз бен сусындарымызда қолданылып, дүниежүзі бойынша пайдаланылатындықтан біз осы мәселеге қатысты зерттеулердің жүргізілуіне мүдделіміз. Кофеин кеңінен зерттелген, және зерттеулердің айқын нәтижелеріне сәйкес, кофеин біздің сусындарымыздағыдай кішігірім көлемде тұтынушы үшін қауіпсіз. Құрамында кофеині бар сусындарды ішуді қаламайтындар үшін біз кофеині жоқ өнімдерді ұсынамыз (FuseTea, BonAqua, Piko), себебі адамдар өздері мен отбасылары үшін қажеттісін таңдай алуы тиіс.
Біз жүрек аурулары туралы толық ақпарат алғысы келетін адамдардың барлығына дәрігерден кеңес алуға кеңес береміз.