Мен бір зерттеу жайлы естіп едім. Онда газдалған сусындар семіздікке әкеледі делінген. Сіз бұған не дейсіз?
Қандай да бір калория көзін, соның ішінде газдалған сусындарды шамадан тыс тұтыну салмақтың артуына және семіздікке әкелуі мүмкін.
Біз газдалған сусындарға қатысты зерттеулердің барлығын зерделеуге мүдделіміз. Барлық тағам және сусын түрлері сияқты калориялы газдалған сусындарды шамадан асырмай тұтыну қажет.
Біз адамдарға таңдау мүмкіндігін берудің пайдалы екеніне сенеміз, сондықтан да оларға үйлесімді өмір салтын сақтауға көмектесуге ұмтыламыз. Біз кейбір адамдардың біздің сусындарымызды өте жақсы көретінін, бірақ тұтынатын калория көлемін азайтқысы келетінін білеміз. Сондықтан да біз өзіміздің тәтті, бірақ қанты мен калориясы төмендетілген, төмен немесе тіпті жоқ бірқатар сусындарымызды ұсынамыз, мысалы – Coca‑Cola Zero. Сонымен қатар, дәл осы себептен біздің сусындарымыздың көбі кішігірім қаптамада ұсынылады. Адамдардың өздері мен жанұяларына қажеттісін таңдай алуы үшін біз міндетті түрде барлық сусындарымыздың құрамындағы калориялардың мөлшерін көрсетеміз.