Coca‑Cola құйылған стақанға тісті бір түнге қалдырса, ол еріп кетеді ме?
Ол – жай ғана аңыз. Егер тіпті бір банка Coca‑Cola-ны аузыңызға құйып, оны түні бойы ауыз қуысында ұстай алсаңыз да, егер шамаңыз жетсе, әрине, сіздің тістеріңіз ешқайда жоғалып кетпейді. Мәселе мынада – құрамында қант немесе қышқыл бар кез-келген тағам немесе сусын, соның ішінде газдалған сусындар кариестің және тіс эрозиясының түзілуіне әкелуі мүмкін, әсіресе ондай өнімдерді жиі тұтынған жағдайда.
Тістердің саулығын қамтамасыз етудің кілті – тіс гигиенасы мен шөткемен жиі тазалау. Сондай-ақ, құрамында қант бар тағамдар мен сусындардың тұтынылуын шамадан асырмаған жөн.
Біз тіс саулығы туралы толық қамды кеңес алғысы келетін адамдардың барлығына тіс дәрігеріне қаралуға кеңес береміз.