Coca‑Cola құрамында әдеттенуді тудыратын ингредиенттер бар ма?

Coca‑Cola құрамында газдалған су, қант, карамель бояғышы, фосфор қышқылы, табиғи дәмдеуіштерден тұратын арнайы қоспа, және кофеин бар. Олар бірлесе осы бір бірегей дәмді тудырады.

 

Адамдар дүниежүзі бойынша Coca‑Cola ішуден ләззат алады, себебі осы бір керемет дәмді жақсы көреді. Сусындар мен тағамдар, мысалы шоколад, ғалымдардың «ләззат орталығы» деп атайтын ми учаскесіне әсер етуі мүмкін. Дәл сондай әсерді музыка немесе күлу де туғызады. Дәмді тағам мен сусынды, мысалы Coca‑Cola-ны жиі тұтыну оған сіздің тәуелді екеніңізді білдірмейді. 

 

Үйлесімді өмір салтының кілті – түрлі тағамдар мен сусындарды, соның ішінде Coca‑Cola-ны шамадан асырмай тұтыну. Газдалған сусындар барлық тағам және сусын түрлері сияқты үйлесімді өмір салтына сай келеді, тек оны шамадан тыс тұтынбасаңыз болғаны.

 

Біз үшін адамдарға саналы таңдау жасау мүмкіндігін беру өте маңызды. Дәл осы себептен біз сусын құрамын қаптамада көрсетеміз, себебі, адамдар өздеріне және отбасыларына қажеттісін таңдай алуы тиіс. Сондай-ақ, біз кішігірім қаптамадағы сусындарды, қант пен калориясы төмендетілген, төмен немесе жоқ сусындарды, және де кофеині жоқ сусындарды ұсынамыз.