Газдалған сусындар семіздікке әкеледі ме?
Біздің сусындарымыздың көбінің құрамында калория бар. Калориясы, соның ішінде қант құрамы жоғары тағам және сусын өнімдері салмақтың артуына және семіздікке әкелетін себептердің бірі болуы мүмкін.
Үйлесімді өмір салтының кілті – түрлі тағамдар мен сусындарды шамадан асырмай тұтыну. Қанты бар алкогольсіз сусындар барлық тағам және сусын түрлері сияқты үйлесімді өмір салтына сай келеді, тек оны шамадан тыс тұтынбасаңыз болғаны.
Біз кейбір адамдардың біздің сусындарымызды өте жақсы көретінін, бірақ тұтынатын калория көлемін азайтқысы келетінін білеміз. Сондықтан да біз өзіміздің тәтті, бірақ қанты мен калориясы төмендетілген, төмен немесе тіпті жоқ бірқатар сусындарымызды ұсынамыз, мысалы – Coca‑Cola Қантсыз. Сонымен қатар, дәл осы себептен біз сусындарымыздың көбін кішігірім қаптамада ұсынамыз. Адамдардың өздері мен жанұяларына қажеттісін таңдай алуы үшін біз міндетті түрде барлық сусындарымыздың құрамындағы калориялардың мөлшерін көрсетеміз.
Біз семіздік туралы толық ақпарат алғысы келетін адамдардың барлығына дәрігер кеңесін алуға кеңес береміз.