Дәретхана тазалау үшін Coca‑Cola қолдануға болады ма?
Болады. Бірақ ол басқа қышқылды тағамдар мен сусындар, мысалы лимон шырыны сияқты нәтиже береді. Тазалық үшін мұны ең үздік әдіс деп атауға болмас. Coca‑Cola құрамында фосфор қышқылы бар. Ол біздің кейбір сусындарымызда пайдаланылатын қауіпсіз тағам ингредиенті. Ол кейбір кір түрлерін кетіре алады. Дегенмен, Coca‑Cola тазалау құралы емес, сусын болғандықтан, ол бактерияларды толығымен жоюға қауқарсыз. Бұл жұмысты анағұрлым тиімді атқаратын көптеген басқа өнімдер бар.