Сіздер өнім өндірісінде қолданатын консерванттар қауіпсіз бе?
Иә. Біздің ингредиенттеріміз бен сусындарымыздың қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды. Біз тек тыңғылықты тексерілген және беделді сарапшылар қауіпсіз деп таныған консерванттарды ғана қолданамыз.
Консерванттар дәмнің өзгеруін болдырмайды және өнімдердің ұзақ сақталуына ықпал етеді. Біз консерванттарды кейбір сусындарда олардың керемет дәмін сақтап, жарамдылық мерзімін ұзарту үшін қолданамыз.
Біз сусындарымыздың құрамы, соның ішінде консерванттар туралы ақпаратты толық көрсетеміз, себебі, адамдар өздері және жақындары үшін саналы таңдау жасай алуы тиіс.